Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

3 486 қаралым

«Өзімді не үшін білуім керек?» тренингі

0

Султанова Динара
Ө.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектебінің психологы, Тараз қаласы

Мақсаты: танысу қатысушылардың қандай қажеттілікпен келгенін анықтау. Өз ішкі әлемдерін тануға мүмкіндік туғызу және жеткіншектердің өзін-өзі тануға, өзін-өзі іштей бақылауға және тежеуге үйрету.
Құрал-жабдықтар: адам санына байланысты бір данадан ақ парақ, магнитофон, әуен.
Ұйымдастырылуы: Қатысушыларды дөңгелек шеңбер тәрізді қалыпта отырғызу. (өз қалауыңызда болады).

Жаттықтырушы: Сәлемдесу, жаңа күн, осы күні өзін тануға шынайы жұмыс деңгейінде бір-біріне кедергі келтірмеуге, ортада біреу сөйлейді ұстанымы бойынша (артық сұрау, қалжыңдасу, қатты күлу және т.б.) өтіледі. Бүгінгі күні жаттығуға дайындықтарын шартты белгілермен көрсетуді өтіну.
А) екі алақанын ашып, жаттықтырушыларға көрсету.
Бұл белгі: «мен бүгін белсенді жұмыс істеуге дайынмын»
Б) Екі алақанын өзіне қаратса, «мен бүгін белсенді жұмыс істеуге дайын емеспін» — белгісін білдіреді.
В) егер де бір алақанын ашық, екінші алақанын өзіне қаратса, бұл белгі: «мен  жаттығуғадайынмын, бірақ көңіл-күйім онша емес».
Ескерту: Жаттықтырушы сізге, бұл вербалды емес диалог орнына қандай қатынас жасауға, жол табуға іздністі қажет етеді.

Жаттығу №1. «Бүгінгі тренингтен не күтеді», танысу.
Мақсаты: өзін таныстыру жеке бойында ерекшеленіп тұратын, қасиетін анықтауға мүмкіндік туғызады. Есте сақтау қабілетін, зейінділігін анықтау.
Өтілуі: әр қатысушы өз есімінін бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қоса айту.
Мысалы: Айжан – «А» әрпі бірінші әріп. (соған байланысты қасиет: ашық, ақкөңіл, ақжарқын, ақылды, арманшыл) талдан өз ішінен тек, біреуін өзінің бойында аңғаруға болатынын ғана есімімен қоса айту керек. Мен, Айжан ақ көңіл қызбын. Келесі білімгерлер Серік, алдыңғы қатысушына қосып, «Айжан ақ көңіл қыз, ал мен Серік сенімді жігітпін», келесі келетін қатысушы Айжан ақкөңіл қыз. Серік сенімді жігіт, ал мен Мақсат, мейірімді қызбын т.б. осылай жалғасын табады, алғашқы Айжан соңынан бәрін қосып, қайталап шығуы керек. Ескерту: әр қатысушы белсенді, эмоциялды оймен аяқтауын назарда ұстау, түзету дер кезінде қысқа түрде жүргізіліп отыруы қажет.

Жаттығу №2. «Бірақта» сөйлемін аяқтау.
Мақсаты: жылдамдыққа әкелдіру, ұшқыр ойға мүмкіндік беру, мысалы: «мен көп сөйлеймін, бірақ та бұл өзіме өте ұнайды»,
Менің бойым аласа, бірақ та…
Мен  ұялшақпын, бірақ та…
Мен білімгермін, бірақ та…
Мен өлең айта алмаймын, бірақ та…
Мен шаршадым, бірақ та…
Мен бақылау жұмысын екіге жаздым, бірақ та…

Жаттығу№3.
Тапсырманы талап бойынша орындау:
Мақсаты: Екі бірдей адам жоқ, адамдардың жеке ерекшелігіне көңіл білдіру. Құрал-жабдықтар: алдын ала таратылған ақ парақ.
Қатыстырушы: парақты екіге бүктеп, оң жақ жоғарғы бұрышынан кішкене жыртып тастау. Парақты әрі қарай бүктеу, тағы оң жақ жоғарғы бұрышынан жырту.
Ескерту: бәріне парақты аштырып қарату, бір-біріне көрсету, ерекше екендіктеріне, бір-біріне ұқсамайтындықтарына аса назар аударту.

Жаттығу №4. «Құқық пен парыз»
Мақсаты: Өзіндегі жаңа бояуды түсіну, өз сана сезімін, жауапкершілігін ала отырып, құқықтың қатынасын білдіру.
Жаттықтырушы: тік тұру, екі қол екі жақта, алақан ашық, көз жұмылу. Әр алаңнан сарғыш зат біреуінде парыз сезіміңіз, жауапкершілігіңіз. Екіншісінде – құқық нормалары. Көзіңіз жұмулы іштей бағалап, өзіңізден сұраңыз қалай қатынасасыз. Сезініңіз, уақыт бар, шынайы тазалауға көңіл бөліңіз, бұл тек өзіңіз үшін керек.

Жаттығу №5. «Ішкі әлем мәні».
Мақсаты: Ішкі әлем мәніне жеке көзқарасы, ішкі әлемін көрсететін сурет салу. Ол табиғат түстер гаммасы, заттар түрлі, оның көлемі, кеңістігі т.б. қағазға түсіру керек.
Жаттықтырушы: Ол неге ұқсайды? Себебі неде? Шағын әңгіме жүргізу.

Жаттығу №6. «Менің таңбам»
Жаттықтырушы: 15-ғасырдың екінші жартысында Еуропалықтар қоғамдағы өз орындарын білдіру үшін арнайы эмблемалар пайдаланған. Атақты адамдар өз таңбаларын мақтан тұтқан. Бұл таңбалардан адамның жеке ерекшеліктерін, отбасы жетістіктерін, мінезін білуге болған. Таңба – негізгі қалқан болып табылған. Қалқан – қиын кезде қорғаныш, көмекші.
Қазір әрқайсымыз өзімізге таңба жасаймыз. Ол үшін сендер таңба бейнесі бар парақтар аласыңдар, ол бес бөлікке бөлінген. Сендер ең бірінші нені істей аласыңдар, соны бейнелеу керек. Екіншіде – өздеріңде жақсы сезінетін жер (отбасы, мектеп, достарыңның ортасы т.б) Үшіншіде – ең үлкен жетістігім. Төртіншіде – сенімді үш адам. Осының бәрін сөз, сурет, символ арқылы көрсетесіңдер. Бесіншіде – өзің туралы естігің келетін үш сөз. 15 минут уақыт беріледі. Қатысушылар қалаулары бойынша өз жұмыстарын көрсетеді.

 Мен нені жақсы істей аламын  Өзімді жақсы сезінетін орта
 Ең үлкен жетістігім  Мен сенетін үш адам
 Өзім туралы естігім келетін үш сөз

Жаттықтырушы: Біз дайындаған таңба өзімізге көмектеседі. Осыны әрқайсымыз есімізде сақтауымыз керек:
— ішің пысқан кезде өзің істей алатын жұмысты еске түсір;
— жалғыздықты сезгенде өзіңнің ойларыңды бөлісе алатын адамдарды еске түсір;
— өз жетістіктеріңді еске түсіріп, сенімді түрде тағы қандай жетістікке жете алатын жұмысты еске түсір;
— өзіңе жайлы, демалатын жерді ойла;
— өзіңді нашар сезінгенде, ренжіп, қорыққанда, қапаланған кезде рухыңды көтеру үшін өзің туралы естігің келетін үш сөзді дауыстап айт.

7. Рефлексия.
1. Осы жаттығулардан өздеріңе қандай жаңа нәрсе алдыңдар?
2. Сендерге не ұнады, не ұнамады?
3. Қалай ойлайсыңдар, таңба нашар көңіл-күйді жеңе білуге, өз күшіне сенімді болуға көмектесе ме?

Leave A Reply