Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

3 397 қаралым

Отбасы қуанышы

0

Нургалиева Роза Мухановна,
Психолог, Ерке-Наз балабақшасы, Қарақия ауданы, Маңғыстау облысы

Мақсаты:
«Отбасы» құндылығының маңыздылығын ашу.
Міндеттері:
аналарымен бірге жұмыс жасаудан рахат сезімін ояту;
отбасына деген жағымды қарым-қатынасын дамыту;
отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдары: слайдтар, дидактикалық ойындар, суреттер.

Шаттық шеңбері:
Қайырлы таң, балалар! Мен сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір-бірімізге сүйіспеншілігімізді білдірейік.
Кел, балалар, күлейік
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйіп не керек,
Көңілді боп жүрейік.

Әңгімелесу:
Бүгін сабағымызда «Отбасы» аялдамасына тоқтаймыз. Отбасы аялдамасындағы суретке назар аударайық. Суреттен не көріп тұрсыңдар?
Балалардың жауаптары.
Бұл жерде де бізді қызықты ойындар, тапсырмалар күтіп тұр.

Тыныштық сәті
Барлығымыз ыңғайланып кілемнің үстіне жаймен келіп отырайық. Көздеріңді жұмып, бойларыңды бос ұстаңдар. Отбасыларыңды, үйлеріңді елестетіңдер. Әркімнің өз үйі бар. Әркім өзінің үйін жақсы көреді, себебі ол сендердің туған үйлерің. Ол үй сендер үшін жылы да, жайлы. Онда сендерді жақсы көретін, сендер жақсы көретін адамдар өмір сүреді.
Бір күні машинаға отырып отбасымен орманға жидек теруге бардыңдар. Сен бақыттысың. Орманның иісі қандай тамаша! Жасыл шөп. Түрлі гүлдер, көбелектер ұшып жүр. Шелектеріңді жидекке толтырдыңдар. Гүлдерді иіскеп, көбелектерді қуалап ойнадыңдар. Сендер үйлеріңе оралдыңдар. Енді жайлап көздеріңді ашыңдар.
Сезінген, ойлаған ойларымызбен бөлісейік.
Балалардың жауабы.

Бейнеролик
Аналары балалары туралы әңгімелейді.
Балалар, бізге қонақтар келіпті, қарсы алайық. Аналар бөлмеге кіреді.
Балалары аналары туралы әңгімелейді.

Әңгімелеу
«Мейірімділік сынығы»
Тәрбиеші әңгімені мәнерлеп оқып береді.
Аналарға сұрақ қойылады.
Бұл әңгімені тыңдап отырғанда қандай ойда болдыңыздар?

Сергіту сәті
Ойын. «Достық аралы»
Музыка ырғағымен балалар билеп жүреді. Музыка тоқтағанда бәрі аралға сыйып тұра қалуы шарт.

Ойын. «Достық ағашы»
«Біз бақытты отбасымыз, себебі…» Сөйлемді аяқтайды. Достық ағашына отбасы суреттерін жапсырады.

Ойын. «Болашақтың үйі»
Балалар, армандап көрейік. Сендер енді үлкенсіңдер. Қандай отбасын қалар едіңдер?
Тәрбиеші үйдің үлгісін балаларға көрсетеді. Балалар таңдап алып, ол үйді не себепті алғанын айтып береді.

Шығармашылық
Аналарға тапсырма: Балаларының алақаны салынған қағаз таратылып беріледі. Саусақтарының бойына балаларының жақсы қасиеттерін жазып шығулары тиіс.
Балаларға тапсырма: Жүрекшелерді қиып алып аналарына сыйлайды.

Қорытындылау
Бүгінгі сабақта біз отбасымыздың татулығы жөнінде айтып, оны жақсы көруге, сыйлауға, көмектесуге үйрендік. Отбасы бізді жақсылыққа, әдептілікке үйрететінін білдік.

Жүректен жүрекке
Балалар шеңберге тұрып «Менің жүрегім» өлеңін айтады.
Мынау − менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау − менің оң қолым,
Мынау − менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.

Аналар Луиза Хейдің «Ризашылық»әнін тәрбиешімен бірге орындайды.
Ризамын бүгінге, ③ рет
Ризамын қазірге.
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге!
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге! ② рет

Мейірімділік сынығы
Отбасы демалыс күндерін жағажайда өткізіп жатты. Балалар суға түсіп, құммен ойнап отыр. Кенет алыстан мыжырайған ғана кемпір көрінді. Оның ағарған шаштары жалбыраған, үсті-басы кір, киімі алба-жұлба. Ол өзімен-өзі күбірлеп, құмның үстінен бір заттарды көтеріп сөмкесіне салып жатыр.
Ата-аналары балаларын өздеріне шақырып, ол кемпірге жақындамауларын өтінді. Кемпір бірдеңелерді жинап жүріп, олардың қасынан өтіп бара жатып сол отбасы оның ұлына күлімсірей қарады, бірақ ілтипатына ешкім жауап бермеді.
Бірнеше апта өткен соң отбасы кішкентай ғана кемпірдің жағажайда ойнаған балалар аяқтарын кесіп алмас үшін шыны сынықтарын жинап жүргенін білді.

Leave A Reply