Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

3 819 қаралым

Отбасындағы және бала тәрбиесіндегі әкенің жауапкершілігі

0

Тайборина Ш.Ә. – педагог-психолог,
Қалдығұлова Э.С. – әлеуметтік педагог, 
Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Құрман орта мектебі

 

Мақсаты:
1. Мектеп пен отбасының өзара байланысын, қарым-қатынасын нығайту;
2. Отбасының қарым-қатынасындағы сенімділікті және сыйластықты қалыптастыру;
3. Бала тәрбиесінде әкенiң рөлі ерекше екендігін түсіндіру.
Жұмыстың түрі: кеңесу, дамыту.
Әдісі: сұрақ – жауап, сұхбат, ой қозғау, мәнерлеп оқу, проблемалық сұрақ қоя отырып, іздендіру.
Қатысушылар: мектеп оқушыларының әкелері.
Көрнекілік: «Мен әкеммен мақтанамын» фото көрме.
Нақыл сөздер:
«Әке мен ана болу бақыты аспаннан түсетін олжа емес» В.А. Сухомлинский.
«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, Өнерімен қуантады түбінде». Жүсіп Баласағұн.
«Қызы анадан үйренбей өнеге алмас, Ұл атадан үйренбей сапар шекпес». Қорқыт ата.

Жұмыстың өту барысы:
І-бөлім. «Бала тәрбиесіндегі әкенің жауапкершілігі» әкелерге жұмыс.
1. Кіріспе сөз:
– Бүгінгі сабағымызға әкелерді шақырып отырмыз. Қадірлі ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, бүгінгі «Отбасындағы және бала тәрбиесіндегі әкенің жауапкершілігі» атты тәрбиелік шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Әке – шаңырақ иесі, отбасы мүшелерінің тірегі асыраушысы, қамқоршысы. Отбасы – шағын мемлекет десек, сол мемлекеттің президенті. Мемлекеттің президенті барша халықтың атынан сөйлейтін, халықтың барлық мұң- мұқтажына жауап беретін тарихи тұлға болса, әке де өз отбасының барлық жауапкершілігін көтеретін өз мемлекетінің басшысы. Әке дегенде көз алдымызға асқар таудай асыл бейне, сен үшін орны бөлек аяулы жан. Адалдық пен адамгершіліктің үлгісі бола білген нар тұлға келері сөзсіз. Бәріміз де әке мен анадан бастау алдық. Әкеміз салған қарапайым болса да дара, қасиетті жолмен жүріп келеміз. Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық деген халық мақалынан әкеңдей асыл жанның саясы өміріңнің соңына дейін азық болатынын түсінуге болады. Немесе әкеңе айтам, әкең не дейді екен деген аналарымыздың ер адамды сыйлау, құрметтеуін аңғарып қана қоймаймыз, әкедегі айбарды, сесті байқайтынбыз. Ал қазір ше? Қоғамдағы әкелердің рөлі неге төмендеді? Ол біздің ойдан шығарғанымыз емес бұл халықаралық статестика. Қалайша өз беделімізді бұрынғы деігейге жеткіземіз. Бәрі керісінше мектепке шақырсаң әке емес шеше келеді, сабаққа да шеше қатысады, көбіне жұмыстыда шеше жасайды. Біз матрирхатты қоғам болып барамыз деп ғалымдар дабыл қағуда. Қарапайым ғана мысал мектептен алған ононимді сауалнамада (сауалнама қорытындысы көрсетіледі) Бір уақыт артымызға қарап, біріміз қартайған әкемізге не о дүниелік болған әкемізге не жақсылық жасадық, қандай құрмет көрсеттік, ең болмаса дұрыс жүріп көңіліне кірбің ұялатқан жоқпын ба деп есеп беріп көрдік пе? Әке асқар тау, асыл жан оған менің таласым жоқ. Бірақ осы атауға лайықпыз ба? Әрине бәріңізге топырақ шашудан аулақпыз. Алақандай ауылдың тыныс тіршілігі бәрімізге аян. Баламызға жеткілікті тәрбие беріп, оның жібек жанына қаншалықты үңіліп жүрміз, өз баламыздың балалығын өзіміз ұрлап оның кішкене жүрегіне қаяу салып жүрген жоқпыз ба? Отбасы баланың алтын ұясы, сол алтын ұя оның өміріне жететін тәлім мен тәрбиені беру қажет. Ал әкелер бала алдынды абройлы беделді болуға міндетті.
2. Әкелерге арнау. Оқушылар шығармашылығынан.
3. Ой жинақтау: «Кім жылдам» ойыны
1. Балаңыздың туған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты-жөні кім?
3. Балаңыздың парталас көршісі кім?
4. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
5. Балаңыз болашақта кім болғысы келеді?
6. Ұлыңыз қай жылы мектепті бітіреді?
7. Балаңыз қандай өлшемді аяқ-киім киеді?
8. Балаңызда қай пәнінен оқулық жоқ?
9. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
10. Балаңыз мектеп қай жылы келді?
Топқа бөлу. «Мозаика» әдісі. «Әке туралы жыр», «Ана туралы жыр» әні бойынша.
4. Ой — пікір дара.
І-топ «Жақсы жезде – әкедей» немесе «Әкенің жақындығы – жездедей» (неге осындай мақал анаға қатысты айтылмайды).
ІІ-топ «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз,
Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз».
Тапсырма: мақалдың мағынасын ашып пікірлеріңізді білдіріңіздер.
5. Бейне ролик «Әке, мен сенің 1 сағат уақытыңды сатып алайыншы»
Сұрақ: Дәл осындай жағдай өз бастарыңызда бар екені анық. Бұл бейне роликтен не түйдіңіз?
6. «Өзіңді білгің келсе…» сурет тест.
Сурет салу: күн, тау, үй, ағаш, қапшық, жол, сақина, гүл, жылан.
— Егер күн дәл ортасында салынса – жастық шағы қызықты, ал шығысқа салынса – балалық шағы қызықты, батысқа салынса – кәрілік шағы қызықты болады.
— Тау дөңгелек салынса – мінезі жұмсақ, мейірімді, сенгіш. Егер тау ұшты болса, өкпелегіш, тік мінезді адам. Егер аралас салынса – басында қар болса, өзгермелі адам.
— Үй – суретте ағаш үй салынса, арманның орындалады. Егер бір терезе салынған болса, өзіне жақын бір адам туралы көп ойланады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса, ол тұйық, сақ адам. Үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын, өсек құмар адам.
— Ағаш біреу болса, өзінің сүйіктісіне ұнайды, егер бірнешеуі болса балаларды жақсы көреді, оларға уақыт бөледі, көп көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді, қаншалықты әдемі салынса, сұлулыққа соншалықты құштар.
— Қапшық, қалта қаншалықты үйге жақын жатса, байлық та жақын. Керсінше болса керісінше. Егер қапшық аузы байлаулы болса сараңдық. Қапшық жерде жатса жалқау, түрегеліп тұрса еңбекқор адам.
— Жол –үйге жақын жатса – жолы жеңіл, алыс болса, керісінше. Егер жол үйдің есігінен шықса, тапқан табысын үйге әкелетін, ал керісінше болса шашпа, айналасына тарататын адам.
— Сақина көзсіз болса қонақ қабылдағанды, қонақ шақырғанды ұнатады. Көзі болса болашақты ойлайды, капитал жинайды. Неке жүзігі – мықты отбасын білдіреді.
— Гүл – үйге жақын болса, қуаныш, той болады, үйдің жиегінде болса – қызықты күндерің алыста.
— Жылан үйден алыс салынса – жаулары алыс, егер жақын салынса көре алмаушылар айналаңда болғаны.
— Суретте қайсысы үлкен салынса, сенің өмірің үшін соның маңызы зор.
7. «Әкелерге ой салу» әкелерге кеңес
Баланы үнемі сынай берсе, ол жек көруді үйренеді.
Егер бала өшпенділікте өссе, ол қатыгездікті үйренеді.
Егер де балаға күле берсеңіз, ол тұйық болып өседі.
Егер баланы сөге берсеңіз, онда ол кінәлі сезіммен өседі.
Егер баланы әлпештей берсе, ол өзімшіл болып өседі.
Егер бала шыдамдылықпен өссе, онда ол басқаларды қабылдауды үйренеді.
Егер баланы қолдап тұрса, онда ол өзіне сенуді үйренеді.
Егер баланы мақтаса, онда ол игілікті болып өседі.
Егер бала шындықта өссе, онда ол әділетті болып өседі.
Егер бала қауіпсіздікте өссе, онда ол адамдарға сенуді үйренеді.
Егер бала мінеп-сынауды көріп өссе, адам сынауды, кінә тағуды үйренеді.
Егер бала басылып кемсітілсе, қысылып ұялуды үйренеді.
Егер бала дүрдараздық ортасында өссе, бұзақылық шығаруды үйренеді.
Егер баланы ұялтатын сөз көп айтылса, үнемі өз-өзін кінәлі сезінетін болады.
Егер бала ақ пейілділік ішінде өссе, сабырлы болуды үйренеді.
Егер бала қолдау көріп өссе, өзіне сенімді болуды үйренеді.
Егер бала дәріптелсе, алғыс білдіруді үйренеді.
Егер бала пікіріне құрмет көрсетіліп өссе, әдепті болуды үйренеді.
Егер бала сенімділік ортасында өссе, сенімі бар болып өседі.
Егер бала өз ісіне оң баға алып өссе, өз өзін сүйіп өседі.
Егер бала отбасы ішінде қолдау мен достық көрсе, өмірде бақытты болуды үйренеді.
Қорыта айтқанда балаларға қандай қатынас жасасақ, балаларымыз да сондай болмақ.
ІІ-бөлім. «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Елбасы мен Егемендік егіз ұғым» тақырыбында бейне ролик.
Тәуелсіздікке биыл 25 жыл. Соған орай бүгінгі жұмысымыздың ІІ бөлімін «Егемендік пен Елбасы егіз» тақырыбында алдық. Шын мәнінде тәуелсіздік, егемендіктен Елбасын бөліп айту мүмкін емес. Қазақ елі туралы сөз болса Назарбаев есімі қоса жалғанады. 25 жылда Елбасының елге сіңірген еңбегі, зор, кейде елбасы туралы теріс пікірлерде айтылып жататыны шындық. Біз мұғалімдер қоғамдағы тыныштық татулықты насихаттап қолдап отыратын бірден бір халық пен билік арасындағы алтын көпір іспеттіміз. Ол біздің басты міндетіміз. Өйткені тыныштыққа жетер бақыт жоқ. Сондай әртүрлі пікірлерге ой салайық деген оймен. Осы бір бейне баянды сіздерге ұсынбақпыз.

Сұрақ:
Не түйдіңіз? Қазақстанның қазіргі жағдайы сізді қанағаттандыра ма?
25 жылдық тарихы бар тәуелсіз қазақстанға қосқан үлесіңіз?
Елге тілек.
Рефлексия: «Бағдаршам» әдісі бойынша сабақты бағалаңыз.
Жасыл – ұнаса
Қызыл – ұнамаса
Сары – орташа ұнаса
Сау болыңыздар!

Фото: Тайборина Ш.

Leave A Reply