Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

4 488 қаралым

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін және ұсақ моторикасын дамытуда ойын технологиясын пайдалану

0

Мухлесова Айгүл Кеңесқызы, 
Психолог, №55 балабақша КМҚК

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ауызша сөйлеуге үйрету, күнделікті іс-әрекет кезінде тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берген.
«Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған, өмірде де озады» деген халық даналығында аталы сөздер бекер айтылмаса керек.
Ойынның негізгі мақсаты – балалардың зейінін, сөздік қорын, есте сақтауын, қабылдауын дамытуға, өзінің құрбыларының іс-әрекетін бағалауға, құрметтеуге, өз ісін дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру болып табылады.
Бала тәрбиесіндегі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық ол – саусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, бала қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жануарларды, ағаштарды және т.б. көптеген бейнелерді бейнелей алады.
Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуды жасауда өлеңмен, тақпақ айту, жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен бірге өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру, ілгегін өзі салу, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал мектепке дейінгі балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығуларм мектепке дайындық, яғни, жазу, сурет салу, түрлі түсті қағаздарды бояп үйренудің алғашқы бастамалары.
Саусақ ойындарының нәтижесінде бала нені үйренеді:
Баланың сөйлеу тілі жетіледі;
Қимылды қозғалысы артады;
Икемділігі артады;
Логикалық ойлауы дамиды;
Танымдық деңгейі артады.
Ұсақ моториканы дамытудың маңызы неде? Ұсақ моторикаға адамның бас миында саусақ қимылдарды дамыта отырып, сөйлеуге жауап беретін орталықты дамыта аламыз. Педагогтар мен балалар психологының мақсаты – ата-аналарды ұсақ моториканы дамытуда – ойынның маңыздылығын ұғындыру.
Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады. Саусақ ойынын ойнай отырып, бала саусақтарының қимыл-қозғалыстарына қарап қуанады, шаттанадаы, сөзді айтуға тырысады, үйренген өлең шумақтарын қайталап айта отырып, есіне сақтайды және бала екі қолын қимылдата отырып, оң – сол, жоғары – төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алады.

Ұсақ моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді:

Снимок
Пассивті жаттығу – ұсақ моториканы дамытудың алғашқы сатысы.
Жаттығудың пайдалану мақсаты: сипау, жаймен уқалау, массаж әрекеттері саусақ ұшынан басталып, төменгі буынға қарай жалғасады.
Мысалы: «Қуырмаш» ойынынан саусақ атауларын бала тәрбиелеуге, оның тілін дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге бағытталған ойын екенін білеміз.
Бас – бармақ,
Балаң – үйрек
Ортан – терек
Шылдыр – шүмек
Кішкене – бөбек.
Қуыр, қуыр, қуырмаш
Тауықтарға тары шаш.
Балапанға бидай шаш,
Балаларға тәтті шаш, — деп келіп, жұмылған әр саусақты жеке-жеке ашарда:
Сен жылқыға бар,
Сен сиырға бар
Сен қойыңа бар, — деп әр саусаққа тапсырма беріледі.
Сол сияқты «Саусақтар сәлемдеседі» ойыны да, мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіледі. Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады.
Мысалы: «Моншақ» ойыны:
Қызыл, сары, көк моншақ,
Мен жасаймын көп моншақ.
Мұнда қатар екі қолдың бар бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді. Әрі оларды тізбектеп жасау бала үшін өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшықетін дамытуға көп көмегін тигізеді.
Сол сияқты: санамақ «Саусақ ойыны» да тақпақтай отырып санауға, саусақтарымен отбасын айта білуге, сөйлеу тілін дамытуға да әсерін тигізеді.
Бас бармағым – әкем,
Балаң үйрек – анам,
Ортан терек – ағам,
Шылдыр шүмек – мен,
Кішкене бөбек – сен.
Бір үйде біз нешеуміз?

Бас бармақ – бұл атам,
Сұқ саусақ — бұл әжем,
Ортан қол – әкем,
Аты жоқ – анашым,
Шынамақ – бұл мен.
Сонымен қатар саусақ қимылын дамытуда саусақ бассейні және құм терапиясы әдістемесі өте пайдалы. Сол жіппен, баудың көмегімен орындалатын «Жіпті өткіз», «Әткеншек», «Штрихта», «Ілгекті өткіз» , т.б. ойын жаттығуларда баланың саусақ қимылын дамытуда үлкен рөл атқарады.

Пайдаланылған әдебиеттер
«Отбасы және балабақша» №11, 2002.
Краузе Е.Н. «Логопедия»
Дошкольное воспитание. 2003.
Отбасы және балабақша. №5, 2000.
Отбасы және балабақша. 2010.

Leave A Reply