Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

2 858 қаралым

Ата-ана — тәрбиеші, ұстаз ретінде

0

Оразбаева Гульназым Арыстановна,

Жалпы білім беретін Х. Халиуллин атындағы орта мектебінің психологы, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Ақоба ауылы

Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.

Қажетті құрал жабдықтар: Бала тәрбиесіне арналған жаднама, «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Бала нені білсе жастан, ұядан – өле-өлгенше соны таныр қиядан», интерактивті тақта.

Түрі: семинар-тренинг

Барысы:

І. Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Бүгінгі сіздердің назарларыңызға ұсынылғалы отырған Айтуға оңай семинар-тренингке қош келдіңіздер! Семинар-тренингтің тақырыбы: «Мен сені түсінуге тырысамын…».

Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану.

Бүгін біз мектебімізге өздерінің ой-пікірлерін бөлісуге тікелей осы тақырыпқа қатысы бар маман иелерін қонаққа шақырып отырмыз. Шақырылған қонақтар:

1. Мектеп директоры: Машаева Қырмызы Уфатқызы

2. Тәрбие ісінің меңгерушісі: Сапарова Лиза Қарасайқызы

3. Мектеп инспекторы: Оразғалиев Болатбек Ерболатұлы

4. Ақоба ауылдық округінің кітапханашысы: Утепбаева Айгүл Асқарқызы

5. Мәдениет үйінің директоры: Бисенғалиев Мейрам Мұхтарұлы

6. Балауса балабақша меңгерушісі: Джанекеева Гүлназ Маратқызы

7. Ақоба ауылдық амбулатория меңгерушісі: Дүйісова Айгүл Айсақызы

8. Ата-аналар комитетінің төрайымы: Досболатова Айнұр Меңдібайқызы

9. 7-11 сынып  ата-аналары.

Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен семинар-тренингті бастаймын.

ІІ. Мәлімет беру

1. Бейнекөріністі тамашалау. (Қатыгез аналар)

2. Бейнекөрініс төңірегінде пікір алысулар және ата-аналарға сұрақтар қойылып, мәселелер туралы айтылады.

— Баланы таяқпен тәрбиелеген дұрыс па?

Шақырулы қонақтар мен ата-аналар пікірі тыңдалады.

ІІІ. «Жұдырық» ойыны.

Қазір барлығымыз бір тапсырманы орындайық. Көршілер бір-бірімізге қарама-қарсы отырып, біреуіміз жұдырық түйіп, екіншіміз жұмылған жұдырықты ашуымыз керек. Жұдырық түйген кісі жұдырығын аштырмау керек. Ал екінші кісі ашуға тырысыңыз. Ал, енді осыны қарама-қарсы қайталау керек.

Талдау:

Сіз жұдырық түйген кезде қандай сезімде болдыңыз?

Сіз аша алмай жатқанда қандай күйде болдыңыз?

Сіздер жұдырықты ашамыз деп күштедіңіз, ал, сіз ашпаймын деп тырмысыңыз.

Қорытынды: Біз әбден күш көрсетіп, адам жанын қинауға құмармыз. Жай сөйлесек, жылы-жылы сөйлеп жыланды інінен шығаруға да болады. Ал осыны біз күштемей-ақ жай ғана қолыңызды аша салыңызшы деп айтуға да болар еді ғой!

ІҮ. «Жанұя бақыты» жаттығуы

Мақсаты: ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.

Қажетті нәрселер: ақ қағаздар (А4) фломастерлер, қалам, ватман қағаз.

Тренингтің шарты: «Бақытты жанұя» моделін құру. Яғни, ата-аналар бірлесе отырып, отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан жағына отбасы бақыты сөздер арқылы жеткізу керек.

Ол қандай жанұя?» деген сауал бойынша өз ойларыңызды білдірсеңіздер.

Ү. Жаднама тарату.

Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық. Сондықтан да, мына жайттарды ескерейік:

1. Баланың есі кіріп, есейген уақытында талап қою мен тыйым салу кеш. Оған ақырындап, шыдамдылықпен айту керек.

2. Тыйым мен талаптар шектеулі, көп болмауы қажет.

3. Тыйым мен талаптар баланың маңызды мұқтаждығына

Қарама-қайшы болмауы қажет.

4. Тыйым мен талап балаға түсіндірілуі қажет.

5. Тыйым мен талап сабырлы, байсалды үнмен айтылуы керек.

6. Тыйым мен талаптар ата — аналар тарапынан бірыңғай, біркелкі болуы қажет.

7. Егер баланы үнемі сынға алса, ол жек көруді үйренеді.

8. Егер бала араздық ортасында өмір сүрсе, ол агрессияға үйренеді.

ҮІ. Қорытындылау.

Міне, қоштасатын да сәт жетті. Сөзімді қорыта келе, Құрметті ата-аналар! баладан жүрек жылуын аямай, балаға бір сәт болса да, бала көзімен қарап көрейік. Адам бойында жомарттық, кең пейілділік, адалдық, туралық және сабырлылық пен ұстамдылық болса, сөзсіз ол – жақсы адам. Ол адам өзіне сенімді. Ондай жан өзгенің айтқанымен емес, өз жүрегінің қалауымен әрекет етеді. Өміріне жауапкершілікпен қарайды. Бүгінгі «Мен сені түсінуге тырысамын…» семинар — тренингке қатысқандарыңызға көп-көп рахмет. Әрдайым мені сені түсінуге тырысамын дей отыра, түсіністікпен қарауға әркез тырысып жүрейік құрметті ата-аналар!

Жүректен жүрекке

«Сен маған сүюді үйреттің» әнін орындау.

Leave A Reply