Бектемирова Айгерим Торсановна,
Психолог, Ақтас негізгі мектебі КММ, Есіл ауданы, Солтүстік Қазақстан облысы
Ұстаздарға арналған психологиялық жаттығулар
Мақсаты: мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымдық сыйластық қарым-қатынас орнату.
«Ерке есім» жаттығуы. Біз сіздердің аты-жөндеріңізді жақсы білеміз, бірақ бала күні ата-ана, туған -туыс, жора-жолдастарыңыз сізді қалай еркелетуші еді, міне сол есімдеріңізбен бөлісіп, бала күнді, студенттік шақты еске алсаңыздар.
«Ара» жаттығуы. Ұстаздар шеңбер құрып тұрады, қолды бір рет шапалақаған кезде көздерін жұмып аралар сияқты ызылдап жүреді, екі рет қол шапалақтаған кезде шеңбер жасауға тырысады. Көзді ашуға болады дегенде ғана ашады. Басталық…
«Біздің ұстаздарымыз қандай?» оқушылар сұрақтарына жауап беру.
«Ашулы шарлар» жаттығуы.
Шарты: 8-10 оқушыға ортаға шығып, бір-бір шарды үрлеп, оларды байлау сұралады. Шарлар адам денесін бейнелейді, ал оның ішіндегі ауа – адам сезімі. Қатысушылар қолдарындағы шарды жаруы керек.
— Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңыздар? Ашуды осылай шығару дұрыс жол ма? Ондай ашудан кейін қандай сезімде болдыңдар?
— Бұлай қатты жарылған шар агрессияны білдіреді. Ол қауіпті.
— Енді қатысушылар келесі шарларды үрлейді, оны байламай ұстап тұрады. Бұл шарлар ашу толы сезімді білдіреді, ал енді жайлап қана ауасын шығарайық. Шар кішірейеді, бірақ жарылмайды. Бұл нені білдіреді? Егер біз ашуымызды бақылап шығарсақ, ол ешкімге зақым келтірмейді.
— Енді қатысушылар шардағы ауаны толығымен сыртқа шығарады. Бұл дегеніміз ашудың қауіпсіз жолын табу – ол әр адамның өз қолында екендігін тұжырымдау.
«Еңбек ағашы» жаттығуы.
Қазір сіздерге 3 түрлі қағаз қиындылары таратылып беріледі. Сол қағазға өз ойларыңызды жазып, әрқайсысын өз орнына ілесіздер:
Бұталарға – мұғалім қандай болу керек?
Жапырақтар – мұғалімнің түпкі мақсат, мұраты.
Гүлдер – мұғалім еңбегінің нәтижесі.
Жемістер – шәкірт қандай болу керек?
Міне сіздер «Еңбек ағашын» құрастырып шығардыңыздар. Сіздердің еңбектеріңіздің жемісі осы емес пе?
6. «Жақсы сабақ дайындау рецептісі».
Әрбір сабақтарыңызға:
12 порция ақылдылық
11 порция шыдамдылық
10 порция батылдылық
9 порция жұмысқа қабілеттілік
8 порция белсенділік
7 порция өз ісіне берілушілік
6 порция ойлануды
5 порция мейірімділік
4 порция демалыс пен денсаулық туралы ой
3 порция күлкі
2 порция ұқыптылық
1 порция әр оқушыға үміт қосыңыз.
Өз сабағыңыз дәмді әрі тәтті болу үшін 1 ас қасық жақсы көңіл-күй, 1 шымшым шыдамдылық дәміне қарай ойындар қосыңыз және бетіне мейірімді әзіл себіңіз. Өз сабағыңызды күлкіңізбен қуаныштың белгісімен әрлеңіз. Осы рецептіні үнемі пайдалануға кеңес бергім келеді.
7. «Рақмет» жаттығуы.
10-12 ұстаз бір-біріне арқасын беріп тұрады және алдында тұрған адамның арқасына әріп жазады, келесі әріпті жазғанда өшіріп отыру керек. Ең бірінші тұрған адам арқасына жазылған әріпті қағаз бетіне түсіріп отырады, ойын солай жалғаса береді соңында «РАҚМЕТ» деген сөз шығуы тиіс.
8. «Жүректен жүрекке» жаттығуы.
Бүгінгі тренингтен алған әсерлерімен бөліседі және бір-бірлеріне тілектерін жолдайды.