Бектемирова Айгерим Торсановна,
Психолог, Ақтас негізгі мектебі КММ, Есіл ауданы, Солтүстік Қазақстан облысы
Мақсаты: Ұстаздар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылту, ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату.
— Құрметті әріптестер! Мен сіздерді жақсы күйде көргеніме қуаныштымын. Бүгін сіздермен өткізгелі отырған психологиялық тренингтің тақырыбы «Мейірімді жүрек, жылы тілек.
1. «Қадір-қасиет!» сергіту жаттығуы.
Жаттығу танысу үшін жасалынады. Әркім өз есімін атап, есіміне қоса өзінің бойындағы қасиетін айтады.
Мысалы: Төзімді- Айгерім, қайырымды, ибалы, сыпайы, мейірімді, мінезім ашық, ақжарқын т.б.
2. «Дыбыстық гимнастика» жаттығуы
Мақсаты: Дыбыстық гимнастика вибрациялы массаж ретінде әсер етеді.
Дыбыстық жаттығуды бастамас бұрын, өзімізді бірқалыпты, жайлы сезінеміз, тік тұрамыз, арқамызды тік ұстаймыз. Алдымен мұрнымызбен терең дем аламыз, ал дем шығарғанда дыбысты қатты, әрі қуатты етіп шығарамыз.
Келесі дыбыстарды «әндетіп» айтамыз.
«А» — барлық ағзаға жайлы әсер береді.
«Е» — қалқанша безге әсер береді.
«И» — миға, көзге, мұрынға, құлаққа әсер етеді.
«О» — жүрекке, өкпеге әсер етеді.
«У» — асқазан маңындағы ағзаларға әсер етеді.
«Я» — барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді.
«М» — барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді.
«Х» — көңіл-күйді көтеруге әсер етеді.
3. «Терезе» жаттығуы.
Мақсаты: бұлшықеттерді босаңсыту, сергіту.
Нұсқау бәріміз шеңбер бойымен арқамызды беріп отырамыз. Саусақ қимылдары арқылы жаттығу жасаймыз.
Жай жауын басталды-саусақтар арқылы тықылдату.
Нөсер күшейді-жұдырықпен соғу
Қатты жел тұрды-алақандысипау
Су ақты-арқаны сипау
«Қара күйе көбелегін аулау» жаттығуы.
Қазір сіздермен адамгершілікке жат қасиеттерді жоямыз.
Әрқайсыларыңыз осы жаман қасиеттерді жоюларыңыз керек. Ол қасиеттер қара күйе көбелегіндей қаптап ұшып жүр. Оны қалай өлтіру керек екендігін көрсетемін. Сіздер қайталайсыздар
Өтірік айту-ауада
Мақтаншақтық-көршіңіздің иығында
Күйзеліс –жүрегіңізде
Қатыгездік-бауырыңда
Ашу-ыза-ауыздарыңызда
Жалқаулық- желкелеріңізде
Дау-жанжал – бастарыңызда
Өсек – құлақтарыңызда
Қиянаттылық – алақанымызда
Еріншектік – тізелеріңізде
Зорлық – төбемізде
Сергітуге арналған тестік жаттығулар.
— Өзіңізге ұнатын жануарларды рет-ретімен қойып шығыңыз
Қой, Ешкі, Арыстан, Жылқы, Шошқа
Қорытынды:
Жылқы – отбасы
Арыстан – атаққұмарлық
Ешкі — мансап
Қой – махаббат
Шошқа – ақша
Ұнаған түсіңізді таңдаңыз:
Ақ – ақкөңіл, ақжарқын, елгезек адамдар. Көп істері адал болады. Балалық мінездерінен әлі қоштаса алмаған адамдар.
Күлгін – ешкімге ұқсамайтын шығармашыл тұлғалар
Қызыл – шапшаң мінезді, жұмсақ жүректі, жұмысты дәл кезінде орындайтын, қарсыласуға дайын тұратын адамдар.
Сары – қиялға бай, сенімді, қайсар, болашақтан көп үміт күтетін адамдар.
Көк – салқынқанды, өзіне сенімді, басқалардың ренжіткенін қаламайтын тыныштықты сүйетін адамдар.
Жасыл – қайсар мінезді, жұмсақ жүректі, ақкөңіл, қайырымды адамдар. Олар сенімді, тұрақты адамдар.
Мұғалімдерге арналған 20 тоқтам.
Қорытынды:
Қымбатты ұстаздар! Сыйласымды қарым-қатынасымыз бұзылмасын, алдарыңызда отырған оқушыларға деген мейірімдеріңіз күннің шуағындай болсын деп тренингімізді аяқтаймыз.