Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

2 985 қаралым

Адам мен әлем тұтастығы

0

Омарова Люба Қайыпбайқызы

Қарабұлақ орта мектебінің психологы, өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Райымбек ауданы Алматы облысы
ІІІ тарау. Адам мен әлем тұтастығы
22-ші сабақ. ақпан. 2015 жыл.
Сабақтың тақырыбы: Табиғат — тал бесігің, аялай біл!
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Оқушылардың табиғат тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігі, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту;
Оқушылдарды табиғат тазалығын сақтауға,табиғаттан үндестік таба білуге үйрету;
Оқушыларды ізгілікті, жауапкершілікті, ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Мақсаты: оқушылардың табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту.
Құндылық: табиғат
Қасиеттер: адамгершілік
Көрнекілік: фотоальбом, кітаптар, үнтаспа, компьютер
Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу, оқу құралдарын түгендеу. К.Салықовтың өлеңін үнтаспадан тыңдау
Үй тапсырмасы: Өз қалауымен табиғатқа хат жазғандарын оқыту
Оқиға немесе әңгіме айту
Табиғаттың қандай мәселелері қазіргі кезде барша адамзатты толғандырып отыр?
Жер бетінде табиғи апаттардың етек алып кету себебі неде?
Табиғатты сақтап, қорғау не үшін қажет?
Ойланып көрейік. Ы.Жақаевтың түйіндемесін оқып, «Табиғат – игілік көзі» екендігін ұғындыру.
Топпен ән айту
Барлығы бірге қосылып Б.Жақыптың «Дала» атты өлеңін оқиды.
Мәтінмен жұмыс. Оқушыларға сабақ тақырыбын кеңірек меңгерту мақсатында Қ. Толыбаевтың «Қайыңның қасіреті» атты әңгімесімен таныстырамыз.
Сұрақтар: Адамдар табиғатқа неліктен залал келтіреді?
Табиғат та жылай ма?
Табиғат заңдылықтарын бұзу қандай жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін?
Шығармашылық жұмыс
Табиғат апаттарынан зардап шеккен суреттерге қарап алдын алу шараларын қалай ұйымдастыруға болады? Сол туралы әңгімелесеміз.
Дәйексөз: «Адам табиғатқа тәуелді болса, Табиғат та оған тәуелді»- деген нақыл сөзімен танысады.
Қорытындылау. Сабақты қорытындылап, аяқтау мақсатында оқушылар Табиғат пен адам арасындағы байланысты айтады.
Үй тапсырмасы. «Табиғатты қорғау – өзіңді қорғау» эссе жазу

Leave A Reply