Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

2 994 қаралым

Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктеріне арналған тренинг

0

Жакешова Айгерім Тұралиевна
№3 Шұбарқұдық орта мектебінің психологы, Шұбарқұдық кенті Темір ауданы Ақтөбе облысы

Мақсаты: Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету

Есімдер аллитерациясы.
Мақсаты: Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.
Шарты: Әр отбасынан бір адам осы жерде отырған отбасы мүшелерінің есімдерін айтып және де есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиетін айту керек.
Әр отбасының сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып қошеметтеп қояды.
— Сіздің есіміңізді, жақсы қасиетіңізді айтып жатқанда қандай сезімде болдыңыз?
— Өзіңіз қазіргі кезде қандай көңіл-күйде отырсыз?

«Біз біргеміз!» жаттығуы
Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынасты нығайтуға өзара түсінушілікте ата-аналар мен балаларға қолдау көмек көрсету.

Баяндама. «Отбасы – өмір аясы».
Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда:
«Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі»,- десек артық емес. Жеке адамның бойындағыар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес береке- бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынстарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.
Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
Бала – ата-ана өмірінің жалғасы. Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. Жазушы – педагог Ж.Аймауытов: «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. »
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң.
Қадірден жұрдай қасқа боп
Кешкенің өмір босқа тек – дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші ата-ана.
Сондықтан да мектеп өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор.

Қызықты сұрақтар /доп беру арқылы ата-ана жауап береді/:
1. Балаңыздың туған күні?
2. Сынып жетекшіңіздің толық аты жөні?
3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
4. Балаңыздың сүйікті асы не?
5. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
6. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
7. Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?
8. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
9. Балаңыз қай пәнді ерекше қызығушылық танытып ұнатады?
10. Балаңызға орыс тілі пәнінен кім сабақ береді?
11. Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?
12. ҰБТ дайындалуға балаңыз күніне неше сағат жұмсайды?
13. Балаңыздың таңдаулы пәні не?
14. Балаңыз қандай мамандыққа бейім?
15. Сіздің балаңыз агрессивті ме?
16. Балаңызбен қарым-қатынасыңыз екі жаққа бірдей қанағаттандырарлық па?
17. Балаңызды болашақта кім болады деп елестетесіз?
18. Балаңыз Сізбен сырласады ма?
19. Соңғы ҰБТ барысында балаңыз неше ұпай жинады?
20. «Балам үшін барлығына дайынмын» деп ойлайсыз ба?

Leave A Reply