Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

2 515 қаралым

Көңіл-күй неге және кімге байланысты?

0

Жұмабекова Жанар Жоревна
Педагог-психолог, Түркістан қаласы №18 Ж.Еділбаев мектеп-гимназиясы жанынан ашылған шағын орталық

Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Өмір мағыналы мазмұнды, бір-бірімен сыйласып өтуі маңызды.
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін артырып, есте сақтау қабілетін дамыту, қиялдарын жетілдіру. Баланы қуана білуге, өз айналасындағы жағымды істерді қабылдай білу дағдыларын дамыту. Ойын жатығулар арқылы білімдерін дамыту.
Балалар мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Бүгінгі қызықты ойындар ойнаймыз. Сендер өте мұқият болыңдар. Бір-бірімізді ренжітпеуге тырысайық.

Кіріспе
1. Мейірімділік шеңбері
2. Көңіл күйді көтеру
3. Ойын. Әр түсті заттар
4. Күніміз қалай күледі (суретпен жұмыс)
5. Әр топ өздерінің күн сәулесіне арналған топтық тақпақтар.
6. Сергіту сәті

1. Амандасу рәсімі «Мейірімділік шеңбері». Балалар шеңбер бойымен тұрады. Сазды әуен ойналады. Балалар бір-біріне қарап қолдарындағы гүл шоғын тілектер тілеп ұсынады. Осы гүл жиналып үлкен тілекке айналады жәнеде біреуге жақсылық тілесең өздеріңе қайта  келеді балалар.
Балалар орындарына жайғасады.
Қазір жылдың қай мезгілі (балалар қыс мезгілі)
Бір жылда неше ай бар (12ай)
Бізде неше мезгіл бар (4мезгіл)
Балалар айлар аптаға бөлінеді. Иә, балалар. Қазір аптаның жұма күні.
Ақпанның 20 жұлдызы.

2. Көңіл-күйді көтеру.
— Қанекей балалар көңіл-күйлерің қалай. Керемет (қолдарын көтереді).
— Сабаққа дайындықтарың қалай. Тамаша (алақандарын шапалақтап)
— Ендіше сабағымызды бастайық. О- О- О (бас бармақтарын көрсетеді)

— Бүгінгі тренингтің аты «Күндей боп күлімдеймін!»
3. Ойын. Әр түсті заттар. Балаларға үш түрлі түсті қағаздарды көрсетемін соның ішінде бір түсті таңдап бала сол түске сәйкес көкеністің атын атап қайда неде өсетіні жайлы әңгімелеп беру тиісті.
Мысалы: Қызыл түс қызыл алма дәмі тәті немесе қызанақ т.с.с.

4. Күніміз қалай күледі (суретпен жұмыс)
Қай топтың күні қалай күлімдеп және көңіл-күйіміздің суретін саламыз.
Күннің суретін салып біріру. Жарыс түрінде. Балаларды мақтап мадақтау.

5. Әр топ өздерінің күн сәулесіне арналған топтық тақпақтар.
Қане балалар біздің балдар суретті салып бітіргенше әр топ өзінің көңіл-күйлерін шумақтап берсін.

Біз қандаймыз қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз
Жарқыраған күндейміз
Ренжуді білмейміз

2) Кел балалар күлейік
Күлкі менен түлейік
Қабақ түйген не керек
Көңілді боп жүрейік

3) Арайлап күн атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырасын даламыз
Қуансын бар баламыз

6. Сергіту сәті
Балалар орындарынан тұрып сергіту сәтін қимыл- қозғалыспен бастайды.
Алма баққа барамыз
Алма теріп аламыз
Ең үлкен алманы
Анамызға сыйлаймыз.
Тақтадағы күн сәулесіне салған суретіндей көңіл-күйлерін жабыстырады.
Бүгінгі күнімізді аяқтайық балалар. Әр қашанда осындай жылы сөздермен және жылы жүрег мізәдемі күлкімізбен бен бір-бірімізді қуанта берейік. Сау саламат болыңыздар.

Leave A Reply