Султанова Ардак Хамидуллаевна,
Психолог, «Балдырған» бөбекжай-балабақшасы, Қаратөбе ауданы, Батыс Қазақстан облысы
Мақсаты: ата-аналардың психологиялық-педагогикалық компетенттілігін арттыру, баланың психологиялық денсаулықтарын арттыруға және сақтауға ұстанымдарын қалыптастыру.
Өту барысы:
1. Ата-аналарды қарсы алып, төртбұрыштар және дөңгелектер топтарына ата-ана таңдауы бойынша бөлу, тақырыппен таныстыру.
«Баланың психологиялық денсаулығы» сөз тіркесімен ассоцияциялар, ұғымдармен бөлісу.
2. Тақырып бойынша презентация және оны талдау
Психологиялық денсаулықтың түрлі факторларға тәуелділігі.
«Психологиялық денсаулық» ұғымынан ден саулығы мен жан саулығын ажыратып қарастыра алмаймыз. Психологиялық денсаулық бұл жан саулығы мен тән саулығының бірлігі болып табылады.
Психологиялық дені сау тұлғаның сұлбасы:
Шығармашыл, өмірге құштар, ашық, көңілді, өзін және қоршаған ортасын тани білетін, өзі де, қоршаған ортасының сезімдерін бөлісе білетін, ортасын сезіне білетін тұлға. Психологиялық дені сау тұлға жауапкершілікті ала алатын, өмірін мағыналы жасай білетін тұлға. Ол үнемі даму үстінде болады. Психологиялық денсаулық бір сөзбен айтқанда эмоцияларымыз бен интеллектіміз, тәніміз бен психикамыздың үйлесімде дамуы.
Психологиялық денсаулықтың негізін толыққанды психакалық даму құрайды. Психологиялық денсаулықтың негізгі көрсеткіштері:
Балабақшаға жеңіл бейімделу. Коммуникативті дағдылардың жоғары деңгейде дамуы. Ортасымен ашық қарым-қатынас жасай білуі. Әлеуметтік іс-әрекеттерге жағымды мотивация. Мінез-құлқында ауытқушылықтардың болмауы.
Психологиялық денсаулықтың деңгейлері:
1) Креативті (жоғары) – ортаға тұрақты түрде жеңіл бейімделетін, стрестік күйлерден өтуге күші жеткілікті, шынайылыққа шығармашылықпен келе білетін бала. Мұнда балалар психологиялық көмекті қажет етпейді.
2) Адаптивті (орташа) – әлеуметтік ортаға бейімделе алатын, бірақ мазасыздығы басым балалар.
3) Дезадаптивті (төмен) – ортаға өздерінің жағымсыз қылықтарымен бейімделуге тырысатын, ортасын өзіне қылықтарымен бағындыруға тырысатын балалар. Мұндай балалар үнемі жеке көмекті қажет етеді.
• Психологиялық денсаулықты сақтаудың және қалыптастырудың шарты:
1. Психологиялық жайлылық – субъект үшін жағымды сыртқы және ішкі ортаның жағдайы. Психологиялық жайлылық жағдайында бала ағзасы мен психикасында күштену болмайды.
Психологиялық жайлылықты қалыптастырушылар:
• Ойындар мен жаттығулар.
• Жағымды әуен.
• Сурет салу.
• Қуыршақ театры
• Ертегі, әңгімелер оқу.
• Табиғатпен қатынас жасау.
• Тыныс алу және саусақ гимнастикалары.
Ең бастысы ересек – бала үшін үлгі: сезімтал, мейірімді, ашық, көңілді, бала үшін әрқашан уақыт таба алатын, оптимист.
Не үшін бала денсаулығын сақтауымыз керек?
Бала үшін психологиялық жайсыздықтың әсері:
— қорқыныш, мазасыздық, агрессия;
— психологиялық уайымның соматикалық бұзылысқа айналуы. Психологиялық травма алған бала физиологиялық тұрғыдан ауырады. (ағзаның өзін-өзі сақтау инстинкті);
— балалық шағында алған психологиялық жарақаттар ересек кезінде психологиялық қорғаныс түрінде көрініс алады: қашқақтау позициясы, тұйықталу, нашақорлық, ұрлық жасау, агрессивті мінез-құлық әрекеттер мысалы, үйден қашу, вандализм, адамдарды ұрып-соғу т.б.
2. Психологиялық климат
Отбасындағы жағымды климат отбасының мүшелері өздерін еркін, бірақ әр отбасы мүшесінің құқығы сақталған жағдайда, әр отбасы мүшесі бір-біріне жауапкершілікті сауатты түрде жүзеге асырғанда орнайды.
Педагог-психолог: «Психологиялық дені сау бала тәрбиелеуде қандай болуымыз қажет?»
Ата-аналардың алдына ватман және түрлі-түсті қарындаштар беріледі. Ата-ана параққа жауап жазады. Жауаптарын презентациялайды. Қорыта келгенде: Психологиялық дені сау бала тәрбиелеуде көп нәрсе қажет, атап айтсақ, махаббат, талап қоя білу, жауапкершілік, төзім, бірақ бәрі де белгілі бір деңгейде болуы шарт.
«Мақалдың мәнін ашу»
Ата-аналарға мақалдар беріледі. Әр топқа үш мақалдан (әр топ сол мақалдың мәнін мысалдармен ашу керек).
1-топ
Қызы анадан үйренбей өнеге алмас,
Ұлы атадан үйренбей сапар шекпес.
Ағаштан ағаш сәнін алады,
Адамнан адам тәлім алады.
Қар қылаумен өседі,
Бала сылаумен өседі.
2-топ
Дұрыс қанаттанған түзу ұшар.
Бір адамға қадірің жүрмесе,
Екі адамға күлкі боласың.
Ана сүтімен бітпеген қасиет
Тана сүтімен сіңбейді.
«Алты қалпақ» стратегиясы
Қызыл қалпақ. Қызыл түс отпен байланысады. Қызыл қалпақ эмоция, интуиция, сезіммен байланысты. Баланың психологиялық денсаулығын қалыптастыру тақырыбын эмоция, сезім ұғымдарын қолданып түсіндіресіз.
Сары қалпақ. Сары күн мен оптимизм түсі. Тақырыпты күнмен, оптимизм ұғымдарымен түсіндіресіз.
Ақ қалпақ. Қара түс сынау, қателік түс, кемшілік түсі.
Жасыл қалпақ. Жасыл түс өсімдік, өсу белгісі.
Ақ қалпақ. Нақты ақпаратты білдіреді.
Көк қалпақ. Талқылауды бастауда қолданылады. Мақсаты мен міндетін және нәтижесін айту.
Жаттығу «Гүл»
Педагог: Гүлдің ортасына балаңыздың атын жазып, жағымды және жағымсыз қасиетін жазыңыз.
Ата-аналар баласының үш жағымды, екі жағымсыз жағын жазады.
Психолог: Жағымды қасиеттің өзінің бір жақсы жағы болады. Сол жақсы жағын көріп, оны тиімді пайдалана білуіміз керек.
Ата-аналар өз жазбаларын талдайды.
Бейнебаян «Бәрі өзіңнің қолыңда» тамашаланады.
Психолог: Құрметті ата-аналар жаңа тамашаланған бейнебаяндағы көбелектің тағдыры сияқты баламыздың да тағдыры, өмір жолы өз қолымызда. Өзіне сенімді, парасатты, саналы, әдептің биік нормаларын меңгерген жан-жақты қоғам тәрбиелеуге ат салысайық. Үйдегі баламызды тәрбиелей отырып болашақ қоғам тәрбиелеп жатқанымызды жадымыздан шығармайық.
Рефлексия:
Дөңгелек үстелден не алдыңыз?
Әсеріңіз қандай?