Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

8 594 қаралым

Сыныптағы оқшауланған оқушылармен жұмыс жүргізудің психологиялық ерекшеліктері

0

Баекеева Нұргүл Насреддинқызы

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы орта мектеп психологы

Адам адам болып жаратылғаннан соң, оның өмір сүруінің негізгі тірегі мен қажеттілігі, сондай-ақ қалыпты өмір сүру жағдайы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау болып табылады. Сондықтан оқушылардың қарым-қатынасындағы мәселе – бүкіл қоғам алдындағы негізгі міндеттер болып қала бермек.

Адам қалыпты өмір сүру үшін, өзінің психикалық қасиеттерін дамыту үшін, жеке тұлғалық ерекшеліктерін жетілдіру үшін, сондай-ақ білім меңгеріп тәжірибе жинақтау үшін адамдармен қарым-қатынас жасайды. Баланың жастайынан айналасындағылармен қарым-қатынас жасауы өзінің кім екенін танып, өзін өзгелерден ажырата алудың, өзін басқалармен салыстыру арқылы басқа адамдардағы қасиеттерді меңгерудің, балалардың әлеуметттік мінез-құлқы мен жеке басының дамуының негізгі тірегі деп қарастырсақ, онда олардың қарым-қатынас жасауын жақсарту аса қажет болып табылады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Мектептегі оқушылар арасындағы туындайтын кейбір қарама-қайшылықтар, кейбір балалардың мінез-құлқы мен даралық ерекшеліктеріне байланысты түсінбеушіліктер, топқа енгісі келмейтін жағдайлар жиі кездеседі. Мұндай жағдайлар бала өмірі мен психикасында едәуір дақ қалдырады. Осыдан келіп баланың дамуында түрлі ауытқулар, сабаққа қатынасының өзгеруі байқала бастайды. Топтың жеке адамға, адамның топқа әсер ету негізінде оқушылар арасында дараланатын немесе оқшауланатын жағдайлар да туындап жатады.

Мектеп жасына дейінгі шақта баладағы әлеуметтік изоляция белгілері үлкендердің үрейін туғызбайды. Жеке дара ойынмен ойнап жатқан бала тәрбиешілер мен ата-аналарға проблемалы болып көрінбейді. Алайда мұндай балаларды мұқият зерттеген кезде, олардың алдында өз қатары мен қарым-қатынасқа түсуінде біршама потенциалды қиындықтар туындайтындығы байқалған.

Олай болса өз құрбыларымен қарым-қатынас жасау барысында қимыншылық туындаудың негізгі себептерін былайша түсіндіруге болады. Олардың ішіндегі бастылары:

1.   Өз құрбыларымен өзара қарым-қатынаста бала инициативасы мен белсенділігі әлсіз болады.

2.   Басқа өз құрбы балаларға инициативалық үндеуі құнсыз болады.

3.   Тұлға аралық қарым-қатынастағы проблемаларды өз бетінше шеше алмайды. Өз құрбылар арасында болған кішігірім қақтығыстар үшін де ересектер мен үлкендерден көмек сұрап келеді.

4.   Өз құрдастарының арасында беделі төмен болады.

5.   Вербалды қарым-қатынас деңгейінің төменділігі көрініп тұрады.

Жалпы алғанда мұндай балаларды көнгіш, тыныш және бағынуға бейім деп сипаттама беруге болады.

Жеті жасқа толғанда баланың әлеуметтік және жекелік қиыншылықтары күрт өседі. Оларда ұялшақтық, қорқақтық, жалғыздыққа ұмтылу, жасқаншақтық сезімдері пайда болады.

Жеткіншек жаста әлеуметтік оқшаулану деңгейі өседі. Олардың өзінге деген бағасы төмендеп, өзіне сенімсіздікпен қарайды.

Мұндай қасиеттердің көріну бағыттары психология ғылымында адам табиғатындағы биологиялық және әлеуметтік мәселелерін зерттеуде ерекше орынға ие.

Мектеп тәжірибесінде ең көп кездесетін жағдай оқушылардың ақыл-ойы мен сабаққа үлгеріміне байланысты балалардың өзара қарым-қатынасындағы ерекшеліктер. Күнделікті мектеп өмірінен белгілі жайттың бірі төмендегіше көрінеді.

Айталық, ақыл-ойы жоғары, сабаққа үлгерімі жақсы, оқу тапсырмаларына белсене қатысатын оқушыларға балалар үйір болып келеді де, ақыл-ойы біршама баяу дамыған, оқу үлгерімі төмен, оқу тапсырмаларына енжар келетін оқушылармен басқа балалар көп жұғыса бермейді.

Педагогикалық тәжірибе және психологиялық зерттеулер жалпы білім беретін мектептерде – оқу барысында арналған бапты талап ететтін оқушылар едәуір кездесетіндігін көрсетеді. Денсаулығына, физиологиялық және психикалық функцияларының дамуына байланысты норма мен потология арасында болатын оқушылар да кездеседі. Мұндай балалар оқу үлгерімі төмен, артта қалған, әлеуметтік дезадаптацияланған оқушылар болуы мүмкін. Мұндай балалардың ерекше тобын ақыл-ойы енжар (интеллектуалды пассив) оқушылар құрады. Олар біршама ақыл-ойы артта қалған балаларға ұқсас болып келеді. Ақыл-ойы енжар себебі көптеген әртүрлі жағдайда олардың дамуындағы ауытқуларға байланысты емес, оларды оқыту мен тәрбиелеудің жеткіліксіздігіне байланысты да болуы мүмкін. Сондықтан, ақыл – ойы енжар оқушыларды ерекше зерттеуді қажет етеді.

Л.В.Орлова осы мәселеге арнап зерттеу жұмысын жүргізеді. Енді осы зерттеу жұмысын қарастырып көрелік.

Зерттеу бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілген: ақыл-ой енжарлығының бастапқы тамыры – мектеп жасына дейінгі кезеңде басталатын болса да, бастауыш мектеп жасында ақыл-ой енжарлығңы айқын көрінеді. Бастауыш сынып кезеңінің жас ерекшелік тенденциясы бойынша оқушының танымдық сферасына не жағымды және не жағымсыз әсер етуі мүмкін. Бұл әсер ақыл-ой енжарлығын не көрсетпей жіберуі не ақыл-ой енжарлығын айқын көрсетіп жіберуі мүмкін. Зерттеу жұмысында ақыл-ой енжар мотивациялық қажеттілік сферасының негативті қалыптасу факторы ретінде көрсетіледі – бұл танымдық, оқу және жеке адамның өзінің ақыл-ой әрекетінің негізгі компоненттеріне, мазмұнына әсер етеді. Зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер қойылды:

1.   Ақыл-ой енжарлығының көрсеткіштерін нақтылау;

2.   Ақыл-ой енжарлығының әртүрлі сипаты бойынша оқушыларды анықтау және топтарына сипаттама беру;

Эксперементалдық зерттеу 2 жыл бойы Коломна қаласындағы 41 мектепте жүргізілген екен. І кезеңде 27 баладан тұратын экспериментті осыған дейінгі белгілі ақыл-ой енжар белгілері бойынша ақыл-ой енжерлар психологиясы сипаттамасы мен таңдау критерийлері анықталды. Бақылау тобында 18 бала іріктелді., бұларда 1 топтағы балаларға сәйкес таңдалды. ІІ кезеңде әрбір оқушының түрлі эксперименттік әдістемелерді қолдана отырып, жүйелі, кешенді зерттеу жүргізілген.

Осы зерттеулерден шығатын ой – балалардың топтан тыс бір себебі: — олардың ақыл-ой деңгейі, сабаққа үлгерімі, сондай-ақ оқу тапсырмаларына селқостық болып табылады.

Мектеп оқушылары арасында туындайтын оқшауланған балардың болу себебін түсіндіретін оқушылардың өзара конфликтерін түгелдей болдырмау мүмкін емес. Конфликтерді алдын алу жолында маңызды роль алатын – тәртіп болып табылады. Тәртіп – белгілі бір тәртіптілікке бағыну әрекеті арқылы балаға өзіне қажетті бостандығының толық дамуын қамтамасыз ететін әрекет.

Ұжымда балалардың оқшаулану себептерін анықтау мәселелері. Психологтан көмек сұрап келетін балалардың көпшілігі – көпшілікпен қарым –қатынасы нашар, өте тұйық немесе ашушаң болып келеді.

Қарым-қатынастың бұзылуы мектепке дейінгі және алғашқы мектеп жасында байқалып қана қоймай, соның салдарынан бала өзінің дегеніне жете алмай, айналасындағылармен жанжалдасып, үйде, мектепте дұрыс қарым-қатынас түзе алмайды. Осы кері қарым-қатынас баланың танымдық және жеке тұлғалық даму саласына әсерін тигізеді.

Қарым-қатынастың әртүрлі ауытқуларын талдауда, әртүрлі әдістемелер қолданылады.

Психологиялық конфликтіні зерттеу әдістемелері.

1.   Топтың құрылысын бір сәтте үзіп көру әдістемесі.

2.   Хронометрлі бақылау әдістемелері.

3.   Социометриялық әдістеме (мектеп жасына дейінгі балаларға және мектеп оқушыларына арналған варианты)

4.   Баға беру әдістемесі.

5.   Тартымдылық деңгейін зерттеу әдістемелері.

6.   Анкета әдісі.

Балалар арасындағы конфликтерінің пайда болу себептерін арнайы экспериментті ситуациялар арқылы зерттеуге болады. Зерттеу мақсатымызға орай аталмыш зерттеу әдістерінің бірқатарын жүргіздік. Әуелі зерттеуде баланың өзімен қатар жас құрбы- құрдастарының арасындағы қарым-қатынасын, оның осы ортадағы мәртебесін анықтауда – «Социометрия» әдісін колдандық. Нәтижесінде топ лидерімен қатар топтың аутсайдер оқушылары анықталды.

Социометрия әдісіне қоса, мектеп жасына дейінгі балалардың қарым –қатынас ерекшеліктерін зерттеуге арналған бірқатар тестік тапсырмалар да жүргізілді. Айталық, «Маскалар» тестін қарастырайық. Бұл тестілеуде 5-10 жас аралығындағы балаларды зертеуге болады. Нәтижесінде баланың топтағы эмоционалды күйі (жақсы немесе нашар) бірінші сұраққа берілген жауабынан байқалады. «Сен әдетте кімге бұлай қарайсың?» деген сұрақтың жауабында, масканың нешеуі жағымды, нешеуі жағымсыз күй екенін санап отыру қажет. Бала өзінің топтағы орнына, өзі қанағаттанатын болса, онда көңілсіз маскаға қарағанда көңілді масканың орнын көбірек көрсетеді.

Балалар ұжымында оқшауланған балалардың шеттетліу себептерін анықтау мақсатында эксперименттік зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы, топтан изоляциялану себептерін анықтап талдау жасаудан басталады.

Сыныптан оқшауланған балаларға психологиялық көмек көрсетпес бұрын, оқшауланған баланы анықтап алу, оның ұжымнан шектелу себептерін жан-жақты анықтап алу міндеті тұрады.

Ұжымнан оқшауланған балаларға психологиялық қызмет көрсету. Балалар ұжымынан  оқшауланған оқушылармен жұмыс жүргізу бастамасы оның себебінен туындаған конфликтіні шешудің психологиялық-педагогикалық жолдарын ашудан басталады.

Мектептегі оқушылардың делдалдық әрекеті. Соңғы кездері батыс тәжірибелерінде оқушыларды медиаторлық іс-әрекеттің дағдыларына оқытуына арналған жұмыс саны көбейді, яғни «мектептегі делдалдық» деп иаталатын бұл құбылыс мектеп өмірінде қарым-қатынасында проблемалары бар балаларға психологиялық көмек көрсетуде өте мңызды бола бастады. Мектептегі далдалдар дегеніміз- оқушылар немесе олардың топтарының арасында туындаған конфликтінің шешу жолдарын іздестіретін, шешуге көмек беретін, арнайы бағдарламаны оқыған оқушылар. Олардың мақсаты- дауласып жатқан екі жақтарға дұрыс араласу наемесе бірін-бірі дұрыс түсінісуіне көмек беру, конфликтіні шешуге мүмкіндік беру.

Конфликтіні оқушылар инструктивті басқара білуге ерте үйренген сайын, конфликтіні шешу процедуралары қысқартылып тренингтер ұзақ жүргізіледі.

Қарым-қатынаста қиындықтары бар балалар үшін ойындар мен жаттығулар. Өз балаларының ойындарын бақылай отырып, олардың бір шетте оқшауланып, балалармен араласуға бата алмай, үлкендерден қорқып, сенімсіздік пен ұялшақтық байқатуын көру ата-аналар үшін қандай қиын. Балалардың өзара қарым-қатынасын жақсартуға, топтан оқшауланған баланы топқа әлеуметтендіруге арналған бірқатар ойындар мен жаттығуларды ұсынайық.

Тақырыбы: «Достық жылы күлуден басталады»

Мақсаты: жылы қарым-қатынас түзу.

Тақырыбы: «Жел соғады»

Мақсаты: Ойынға қатысушылардың зейінін тұрақтандырып, көпшілікпен қарым-қатынасын нығайту.

Тақырыбы: «Қолғаптар»

Мақсаты: Өзгемен бөлісе отырып, жұмыс жасауға үйрету.

Тақырыбы: «Сиам егіздері

Мақсаты: Өзін өзгемен бөлісіп, біртұтас етіп сезіну.

Тақырыбы: «Үйрек, үйрек, қаз»

Мақсаты: бір –бірімен кездескенде амандасу мәдениетіне тәрбиелеу, жылдамдыққа баулу.

Тақырыбы: «Ұлдар мен қыздар»

Мақсаты: Балаларды өзінің жақсы жақтарын ғана ойлап, оны айты білуге үйрету.

Тақырыбы: «Психологиялық мүсіндеу»

Мақсаты: Балаларды ұйымшылдыққа, ептілікке үйрету, қол маторикасын дамыту.

Тақырыбы: «Айдаһар»

Мақсаты: Көпшілікпен ойынның ережесін ұстана ойнауға үйрету, қарым-қатынасын нығайту.

Тақырыбы: «Күншуақ»

Мақсаты: Жақсы көңіл-күй, жылулық сыйлау, бала өз көңіл-күйін түсініп, оған баға беруге үйрету.

Тақырыбы: «Қуаныш»

Мақсаты: Балаларды бір-біріне қуаныш сыйлай білуге үйрету.

Тақырыбы: «Тілектер»

Мақсаты: Құрбы-құрдастарына жақсы тілектер айтып, жағымды қарым-қатынас түзу.

Мектеп психологының қызмет көрсету сферасы оқушылар, мұғалімдер, әкімшіліктер, яғни кез-келген адамдар арасындағы қарым-қатынас қиыншылықтарын шешу болып табылады. Себебі, сыныптағы қарым-қатынас сипаты баланың білім алуы мен тәрбиеленуіне едәуір әсер етеді. Егер мұғалім оқушыларға дұрыс тәрбие беріп, оларлың білімдерін жоғарылатамыгн десе, онда ең бірінші кезекте оқушылардың өзара қарым-қатынасын, сондай-ақ мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты реттеп алған жөн.

Олай болса, біз әрбір сабақта балалармен бірлесе жұмыс жүргізу барысында балалрды тату болуға, бірігуге үйрететін, басқаларды түсінуге, қолдауға көмектесетін ойындар мен жаттығуларды тиімді қолданудың жолдарын білуіміз керек.

Қарым-қатынасты жақсартуға арналғант тапсырма мен ойындарға қатысушылардың қөп болуы соғұрлым нәтижелі бола түседі. Кейбір жаттығуларды ата-аналар өз балаларымен бірге орындай алса, ал көпшілік бөлігі құрдастары, достарымен бірге ойналатын болады. Сондықтан жоғарыда берілген ойындар мен жаттығуларды өткізбес бұрын, оны жүргізетін орындарды ұйымдастырып алған жөн. Балаларға арнап мерекелер мен ойын- сауықтарды жиі-жиі ұйымдастырып, оларға көбірек көңіл бөлу – мұғалім іс-әрекетін жандандыра түседі.

Leave A Reply