Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

2 035 қаралым

Менің мамандығымның ерекшелігі / Эссе

0

Кодарова Г.О.,
Педагог-психолог, Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру Қоры» Қоғамдық Қорының филиалы Атырау қаласындағы «Мирас» балабақшасы


«Алуан, алуан кәсіп бар,

Таңдай біл де, талап қыл» дегендей мен психолог мамандығын қаладым. Өзімнің осы мамандықты таңдауыма қызымның себебі тиді, жанын терең сезініп, түсінуіме байланысты болды. З.Фрейд «Адам жанын түсіне білетін, оны зерттей аша білетін жоғары білімді тәжірибелі үлкен өнерлі маман иесін айтқан».
Мен осы ұстанымға сүйеніп,қазіргі өмірдің әр түрлі қиындықтарына (оқуда, отбасында, қарым қатынаста, өмірлік жол таңдауда,өзін өзі дамытуда туындаған мәселелер, жанжалдық жағдайларда және т.б.) тап болған дені сау адамдардың жанын сезіне бірге сол бағыт бағдармен бір-біріне көмектесе отырып, соңғы шешімді сол тұлғаға шештіріп құпиялықта сақтап, тек қана көңілінен шығуға тырысамын . Қызметімде мен өзімнің барлық білімім мен қабілетімді осы күрделі қызметке жұмсап келемін.
Менің мамандығымның ерекшелігін айтпай кету мүмкін емес. Даму технологиясында жаңа сапа дағдыларымен іскерлікке ие болғанында. Өз тәжірибемде психоанализ жасап, басқалармен бөлісетінім жөнінде болмақ. Негізгі ерекшелігім психодиагностика бұл тұлғаның жеке және жас ерекшеліктерін, сондай-ақ тұлға аралық өзара әрекет ерекшеліктерін зерттеп. Психотүзету және дамыту бұл баланың психикалық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды болдырмау үшін жеке жұмыстар арт терапия, құм терапия, ертегі терапиясын жүргіземін.
Психологиялық профилактика бұл тұлғаны психикалық және тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктің алдын алу психосоматикалық және психокатализ жұмыстарын ұйымдастырамын.
Психологиялық кеңес (консультация) қысқаша айтқанда мәселелерді шешуге көмектесемін. Қазіргі таңдағы балалардың денсаулығына кедергі келтіріп тұрған бұл мәселені ағылшын психологы Эрика Сигман «Сетеголизм» интернетке бағынышты болса, ал «Кибераддикция» яғни ойынға берілуі. Бұл екі түрде болады: қызығушылығымен және виртуальды кіруі. Бұл ойындардың бала денсаулығына кедергісі мынадай:
серуенге шыққысы келмеуі
қимылға жоқтығы мен семіруге бейімділігі
иммунитет түсуі, аурушаңдыққа әкеледі
есте сақтауы төмендеп, зейіні бұзылады
ұйқысы қашады
аутизмге әкеледі.
Алдын алу немесе болдырмау бұл — ұзақ жол:
Балаға ұрыспай, жазаламай,намысына тимей айту
Бірге ойнау, қыдыру яғни отбасылық теледидар қарау
Басқа спорттық ойындармен шұғылдандыру,шығармашылық жұмыс түрлерімен, клуб т.б. айналастыру жөнінде ұсыныстар бердім.
Айта кететін ерекшелік бұл маман қызметімнің 4 кезеңін айтпақшымын.
1 кезең маман қызметімнің жұмысын жоспарлаймын.
2 кезең балабақшаның алдына қойған мақсатын ескеріп, педагогикалық үрдістерге қатысушылардың қажеттілігін анықтап, жұмыстын негізгі бағытын іске асырамын.
3 кезең балабақша тәрбиешілеріне, ата- аналарға, сұраныс бойынша қажетті көмек сұрағанға көмек беремін.
4 кезеңде нәтижелер қорытындыланады.
Міне осылай кез келген мамандық жаңа білімдерді талап етеді. Өмір бір орында тоқтап тұрмайды. Психолог мамандығы да қазіргі таңда сұранысқа ие болуда. Мен психологпын және оны мақтан тұтамын! Психологиялық білімді көтеру бұл заман талабына сай, жаңа заманауи инновациялық және көптілді меңгерген IT технологиясы бойынша жаңа әдістермен білім алған, мәдениетті жоғары, коммуникативты маман болуды ұстанамын. Өз ісіңді жақсы игерудің бірден-бір дұрыс жолы болып табылатынына сенімдімін.
Қорытындымды Қорқыт атаның сөзімен аяқтағым келіп тұр.
«Өткен күн, кешегі – тарих,
Келер күн, ертеңгі – сыр.
Ал бүгінгі күн үлкен – сый» дегендей, шығармашылық дербестігіміз, жаңа идеяларымыз көп болсын! Жаңашыл шығармашылық бағытпен болашақ жолын ашайық!

Leave A Reply