Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

3 835 қаралым

Сынып жетекшілердің жағымды қарым-қатынас жасай білуіне арналған тренинг

0

Бейсенбаева Асыл Галымовна,
Мектеп психологы, №30 орта мектеп, Теректі ауылы, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы


Мақсаты: Тренингке қатысушыларға айналасындағы адамдармен, қоршаған орта, өзін-өзі қалыптастыру барысында талдау жасауда психология саласынан мәлімет беру. Сынып жетекшілер жағымды қарым-қатынас құру.

Қажетті-құрал жабдықтар: суреттер, нақыл сөздер, тренинг ережесі, маркер, плакат, ақ бет, т.б.

Трениг барысы: Психологиялық бағыт беру.
Сәлеметсіздер ме, оқушылар, ұстаздар және тренингке келген қонақтар! Тренингіміз қарым-қатынас жасай білу – үлкен өнер екенін кеңінен ұғынуға мүмкіндік береді.

«Карусель» ойыны. Топ мүшелері карусель принципі бойынша яғни бір-біріне қарап тұрады және екі шеңбер құрады. Ішкі шеңбер қозғалыссыз, ал сыртқы шеңбер қоззалмалы.
Ситуация мысалдары:
Сіздің қарсы алдыңызда танымайтын адам тұр, онымен қалай сәлемдесесіз.
Сіздің қарсы алдыңызда мүлдем танымайтын адам тұр, онымен қалай танысасыз?
Сіздің қарсы алдыңызда өзіңіз жақсы танитын, бірақ едәуір ұзақ уақыт көрмеген адам тұр. Сіз бұл кездесуге қуаныштысыз.
Сіздің қарсы алдыңызда досыңыз тұр, онымен қалай қоштасасыз.
Байланыс орнатуға және әңгімелесуге 2-3 минут беріледі. Содан соң жүргізуші белгі береді немесе тренингке қатысушылар келесі қатысушыға жылжиды.
Барлығымыз алдымыздағы суретке назар аударып қарайық. Сіздердің алдарыңызда кішкентай Эльф пен орман табиғатының бір бөлігі бейнеленген. Эльфке үй керек, сіздерге тапсырма оған үйдің суретін салыңыздар. Бәрінен бұрын Эльфке үйді қай жерге салатыныңызды қараңыздар. Үйдің орнын таңдауларыңыз өте маңызды, ол сіздің адамдармен байланысыңыз қандай, оларға сенесіз бе жоқ па, соны білдіреді.
Тесттің кілті.  Толығырақ…

Материалдың толық нұсқасын «Қызықты психология» журналы баспа нұсқасының 2017 ж. №6 санынан оқыңыз.

Журналға жазылу  сілтемесін басып толық ақпаратты біліңіз. 

Немесе сайттың төлем түрлері бөліміне өтіп сатып алуыңызға болады.

Leave A Reply