Омарова Айман,
Педагог-психолог, «Қапшағай қаласының білім бөлімі» ММ Шеңгелді ауылындағы «Ақбота» балабақшасы МККҚ, Шеңгелді ауылы, Қапшағай қаласы, Алматы облысы
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат
Абай
Күлкі – өмірдің кілті. Гелатология (күлкіні зерттейтін ғылым) күлкі адам өміріне айтарлықтай ықпал етеді дейді. Ал Дарвин күлкі жүйке жүйесін емдей алады деген пікір айтқан. Күлкісіне қарап, адамның мінезін, ішкі жан-дүниесін шамалауға болады екен…
Айғайлап күлу. Мұндай адамдар көбіне ашық мінезді, дені сау, көпшіл болып келеді.
Дыбыс шығармай, ақырын күлу. Мұндай адамдардың мінезі тұйық болады. Адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатын мінезі жұмсақ, көнбіс адамдар да осылай күледі.
Қысқа күлу. Күштің, ақылдың, құпиялықтың белгісі. Мұндай адамдар үлкен қиындықтарды оңай жеңе алады.
Үзіп-үзіп күлу. Көбіне жүйке жүйесі сыр берген күйгелек адамдар осылай күледі.
Дөрекілікпен күлу. Мұндай адамдар жабайы, билікке ұмтылғыш, эгоист болып келеді.
Күлгенде қандай қимыл жасайсыз?
Күлгенде басыңызды артқа шалқайтсаңыз, аңқау, сенгіш адам болғаныңыз. Қиялға берілгіш, арманшыл жандар күлгенде қолын бет-жүзінің кез келген жеріне апарады екен. Ал қолыңызды иегіңіздің астына апарсаңыз, бойыңызда әлі балалықтың ұшқыны бар адамсыз. Аузыңызды жауып күлсеңіз, өз-өзіңізге сенімсіз, жұмбақ, жалғыздықты сүйетін адам болғаныңыз. Егер күлердің алдында, басыңызды әнтек еңкейтсеңіз, адамдарды ренжітіп алудан қорқатын, кез келген ортаға тез бейімделетін адамсыз. Күлгенде, мұрныңызды тыржитасыз ба? Ендеше, бәрінің сіздің қалауыңыздай болғанын ұнататын өзімшіл, кірпияз адамсыз деген сөз. Ал қабағыңызды қозғалтып күлсеңіз, өз-өзіңізге сенімді, зерек жансыз. Көзді сығырайтып күлу жұмысбасты, жинақы, сенімді адамға тән күлкі.
Күлкі туралы қызықты дерек
· Бүгінде адамдар жүз жыл бұрынғыға қарағанда, аз күледі.
· Бөбек үлкен адамға қарағанда, 20 есе көп күледі.
· Әйелдер ерлерге қарағанда көп күледі.
· Күліп, көңілді жүретін адамдар жүрек ауруына аз шалдығады. Америкадағы Калифорния клиникаларының бірінде дәрігерлер мен ғалымдар науқастарға «Күлкімен адамды емдеуге бола ма?» деген сұрақ төңірегінде зерттеу жүргізді. Науқастарға таңертең дәрілермен қоса, анекдоттары бар жаңа газеттер әкеліп берді. Зерттеу нәтижесінде, науқастардың жағдайы анағұрлым жақсарған. Демек, күлкі денсаулықтың жақсаруына әсер ете алады.
І. Сәлемдесу
Жаттығудың мақсаты: қатысушылардың бір-бірімен амандасуы Қатысушыларға шеңбер бойында отырып, үш топқа бөлінуі тиіс. Олар: жапондықтар, европалықтар және африкалықтар. Әр қатысушы шеңбер бойымен жүріп, бір-бірімен жапондықтарша – иіледі, европалықтар – қол алысады, африкалықтар дәстүрі бойынша мұрындарын түйістіреді.
Бұл жаттығу көңілді және эмоциялы болып өтеді.
II. «Менің көңіл-күйім неге ұқсайды?»
Педагогтар шеңбер жасап отырады. Қатысушылар шеңбер бойымен бір-біріне өзінің көңіл-күйі неге ұқсап тұрғанын және бір нәрсеге (жеміске, табиғат құбылыстарына, затқа т.б.) салыстырмалы түрде айтуы керек
ІІI. «Спорт – өмір көркі» ойыны. Бәріміз орнымыздан тұрайық. Тенис ойнайық.Баскетбол ойнап доп лақтырайық. Штанг көтерейік.100 м. жүгірейік.
IV.«Ұстаз тұлғасы» психологиялық жаттығуы.
Қажетті құралдар: үлестірмелер
Уақыты: 15 минут
Барысы: Ортаға белгілі бір бейнедегі ұстаз сипаттамасы жазылған (айталық: «ұстаз – лидер» т.с.с.) үлестірмелер бар үлкен қорап қойылады. Әр бір қатысушы қолын созып, кездейсоқ бір карточканы алады. Мұғалім өз карточкасындағы берілгенді ым-ишара арқылы білдіруге тиіс. Ал қалған ойыншылар ол қандай қасиетті көрсетіп тұрғанын анықтаулары қажет.
V. «Бұл керемет!» презентация
VI. «Сиқырлы таяқша» ойыны
Мақсаты: вербальды және вербальды емес қарым-қатынас түрлерін дамыту, жылдам әрекет етуге үйрету.
Шарты: залда музыка қосылып тұрады, оқушылар сағат тілімен сиқырлы таяқшаны бір-біріне береді. Музыка тоқтаған сәтте таяқша кімнің қолында қалса сол ортаға шығып карточка алады. Үлестірмеде жазылғанды залға көрсетеді, оқушылар нені көрсеткенін табу керек.
VІI. «Жасырын хат, ойлан тап!»
Қажетті құралдар: ватман, түрлі түсті фломастерлер, қарындаштар, өшіргіш, сызғыш
Уақыты: 10 минут
Барысы: Қатысушылар 3 топқа бірігіп отырады.
Жүргізуші: Ерте-ерте-ертеде … әлі адамдар әріп танымаған уақытта да, олар бір-біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны үйренеміз. Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізіңіздер. Әр бір топқа белгілі бір сөйлемдер беріледі:
«Бүгін маған сағат кешкі 6-да телефон соқшы» — 1-ші топқа арналған хат;
«Бүгін жұмыстан кейін кинотеатрға барайық» — 2-ші топқа арналған хат;
«Жексенбі күні сағат 15.00-де менің туған күніме кел» — 3-ші топқа арналған хат.
Ұстаздар өздеріне берілген тапсырманы ватманға сурет арқылы салып, өзара алмасады. Келесі топтың қатысушылары, суретте берілген сөздерді анықтаулары қажет.
VIII. Қорытынды. «Күлкі»
Күні бойы өзіңзге бірнеше минут бөліңіз. Ол уақытта көзіңізді жұмып, ештеңе ойламауға тырысыңыз. Сол кезде жүзіңізде міндетті түрде күлкі болуы керек. Егер де 10-15 минут жүзіңізде күлкі ұстай алсаңыз, көңіл-күйіңіз көтерілгенін, сабырлық танытқаныңызсезіледі. Күлкі күлкі уақытында бетіңізде импульс пайда болады, ол нерв системаларына әсерін тигізеді. Егер, өтірік күлкі жасасаңыз да жағымды әсер аласыз.
Құрметті әріптестер! Күлкінің төресі – кез-келген күйзелісті, жүйкедегі жүкті жеңіп шығатыншынайы күлкі. «Күл! Күлсең, әлем сенімен бірге күлетін болады. Ал жыласаң, сенімен бірге ешкім де жыламайды» депті Элла Уилер Уилкокс. Үнемі жылы жымиып, көңілді жүруге тырысайық.