Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

4 075 қаралым

Менің Қазақстаным — кеше, бүгін, ертең…

0

Чавкарова А.Ч.,
Тәрбиеші, Мұнайлы аудандық білім бөлімі, «№1 Балдырған балабақшасы» МКҚК


«Алдымызда асу-асу белдер бар,
Ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар.
Белде талар, желде беттен қағар,
Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!»
Н.Ә.Назарбаев.

Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне 25 жыл болды. Біздің алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы таниды және оны құрметтейді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның 25 жылда биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың болғанына да мақтанамын.
Бақытымызға орай Қазақстан қазіргі өтпелі кезеңнің қиындықтарына, қарама-қайшылықтарына қарамастан Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы ішінде тыныштығын, бейбіт тіршілігін сақтап келе жатқан бірден бір ел.
Әсіресе бүгіндей өтпелі кезеңде байтақ елімізде жүздеген ұлт өкілдері тұратынын ескерсек басқа елдерге қарағанда бұл жылдардың Қазақстан үшін азаматтық, тыныштық, ұлтаралық тұрақтылық жағынан өте мықты екеніне көз жеткізуге болады. Қазақстан Республикасында тұратын әр бір ұлттар мен ұлыстардың тілдік қызмет саласына ешбір кедергі қойылмаған. Сондықтан да кез келген халықтың ана тілі рухани мәдениетінің өзіне тән ұлттық ерекшелігінің көрсеткіші болып табылады.
Тәуелсіз елдің жарқын болашағы – бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан да елбасымыз Н.Ә.Назарбаев әсіресе білім беру жүйесіндегі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға аса көңіл бөлген.
Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ тұлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Ұстаздардың алдында тұрған басты мақсаттардың бірі де — Отанға, туған елге, туған жерге, өз халкына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Сондықтан да жеке сөздерден сөйлем құрауды енді ғана меңгере бастаған сәбилердің қиялдарына қанат бітіп Тәуелсіздікпен астасып жатқан Отан, Елтаңба, Әнұран, Ту, Астана, туған жер деген қасиетті ұғымды айта білетін сәттерін көргенде еріксіз ризалық сезімге бөленесің.
Қазіргі кезде ешқандай қиыншылық көрмей, ата-анасының жүздерінен қуаныш пен шаттық іздерін байқаған сәбилерімізді көргенде еліміздің тәуелсіздігінің арасында ерікті ұрпақ өсіріп жатқанымызға көз жеткіземіз.
Елімнің ертеңінен, болашағынан жүрегім қорықпайды, керісінше, қуанады, ендеше, келешегім нұрлы болмақ. Оған негіз- бүгінгі қырандай күшті, жас ұрпақтың, біздің бүгінгі ұтымды ұмтылыстарымыз. Мен қазақ болып туылғаныма, осындай бай, байтақ өлкеде жас ұрпақтарды балабақшада тәрбиелеп жатқаныма өзімді бақытты сезінемін.
Өйткені, мен Тәуелсізбін, тәуелсіз елдің патриотымын!

«Пай, пай, пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер!
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер!
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!»
М.Мақатаев.

Leave A Reply