Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

25 272 қаралым

Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті

2

Султанкубиева Асемгул Муратовна
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Алакөл негізгі орта мектебінің I санатты психологы

Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Міндеті:
Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;
Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;
Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;
Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.
Көрнекілігі: мамандық түрлеріне байланысты суреттер, қанатты сөздер.
Өткізу формасы: Тренинг
Қатысушылар: 7-9- сынып оқушылары, маман иелері, ұстаздар.

1. Кіріспе сөз
Құрметті қонақтар, оқушылар және ұстаздар! Баршаңыз да бүгінгі «Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті» атты тренинг кешімізге қош келдіңіздер! Мектептің оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезінде ескерілетін факторға тоқталамыз және дұрыс шешім қабылдауды үйренеміз. Бұл ретте бүгін бізге өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл-кеңесін айтуға шақырулы қонақтарымыз келіп отыр. Сол қонақтармен таныстырып өтейін.
Бүгінгі қонағымыз
Мектеп директоры: Тулегенова.Т
Ұстаз: Гүлмайра Сәкенқызы
Мәдениет үйінің меңгерушісі: Гүлсім Кәрпішқызы
Ауыл кітапханашысы: Лена Мұратқызы
Мектеп медбикесі: Балым Мақсотқызы

Жоспар:
Ой қозғау
«Психологиялық сәт» өзін-өзі тану
«Өз балаңызбен қарым-қатынасыңыз қалай?» тесті
«Менің жанұямның мамандығы» оқушылармен пікірлесу
«Маман иелерімен пікірлесу»
«Мамандық таңдау жолы» жаднама
«Суретті тест»
«Бүгінгі мектеп түлегі – ертеңгі елдің тірегі» (сауалнама)
Шабыт
«Бос микрофон»
Қорытындылау

Құрметті ару қыздар, ұстаздар, аналар көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!
ән 9 сынып оқушысы Мемлекет С. «Анаға сәлем»
Кіріспе сөз
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге – әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат.
Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.
Жастықта әр тараптың басын шалсаң,
Қармақты тәуекел деп суға салсаң.
Еңбегің еңбектенген кетпес зая,
Міндеттке бір жетерсің ойыңа алсаң.

Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
Әл- Фараби

1 бөлім «Ой қозғау»
МАМАНДЫҚ – ОЛ…
Мамандық – бұл арнайы біліктілік пен білімділікті талап ететін, адамның еңбек қызметінің түрі.
ЕҢБЕК – ОЛ …
Еңбек – бұл адамның қызметі, материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталады.
ЕҢБЕК ПЕН МАМАНДЫҚТЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ…
Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек, ал мамандық латын тілінен аударғанда – ресми көрсетілген іс, яғни мамандық иесі болу үшін арнайы оқу керектігін көрсетеді.
Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
• Бейімділігі (қызығушылығы, еңбек түрткісі, ынтасы);
• Қабілеті, денсаулық жағдайы (ішкі мүмкіндіктер мен шектеулер);
• Ықылас деңгейі мен өзін-өзі бағалауы;
• Икемі;
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
• Өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын білу;
• Кісілік қасиеттерге (имандылық, ізгілік, қайрымдылық, кішіпейілділік, дербестілік, жауапкершілік, намысқойлық, жігерлілік,, т. б.) ие болу;
• Ортамен қарым-қатынас жасай білу;

2-бөлім «Балаңызбен қарым-қатынасыңыз қалай?» тесті
Оқушыға
1. Менің сүйікті түсім
2. Менің арманым
3. Менің сүйікті ісім
4. Менің достарым
5. Менің сүйікті пәнім
Ата-анаға
1. Менің баламның сүйікті түсі
2. Менің баламның арманы
3. Менің баламның сүйікті ісі
4. Менің баламның достары
5. Менің баламның сүйікті пәні

3-бөлім. «Менің жанұямның мамандығы» (оқушылардың ойын тыңдау)
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған

4- ші бөлім. «Маман иелерімен пікірлесу»
— Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
— Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
— Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?
— Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
— Осы мамандығыңызға жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?
— Әттеген-ай деген шақтарыңыз болды ма?

5-ші бөлім. «Мамандық таңдау жолы» жаднама
Баланың мектептегі және қоғамдық пайдалы іс-әрекеті оның кейін әлеуметтенуінде өте үлкен мәнге ие. Мамандық таңдауына, рухани құндылықтарға араласуға, мінезінің қалыптасуына әсер етеді.
Бұған мыналарды жатқызуға болады: жас жеткіншектердің қазіргі нарықтық қатынасқа кіруі, өзінің өмірлік позициясының қорғай алуы, қоғамдық өмір туралы экономикалық және саяси білім алу, құқықтық мәдениетті дамтуы.
Мамандық таңдаудың екі тәсілі бар:
Бірінші әдісі – сынақ және қателік, адам нағыз қажетті мамандықты таппайынша адаса жүріп әр түрлі салаларда жұмыс істеуіне болады, бұл оған жақсы өмір сыйлаумен қатар, еңбектің қуанышын сыйлайды. Бұған адам өмірінің жартысы кетуі мүмкін.
Екінші әдіс – қандай мамандық таңдаса да, әрбір адамға қажетті өзін-өзі тану, өзінің қызығушылығын, қабілетін ойын, есте сақтауын, қабылдауын, жүйке жүйесінің қалыбын білу.
Өзің туралы білген соң, мамандық әлеміне танысуға, сол мамандықтағы өз мүмкіншілігін білуі қажет.
Тағы бір үшінші жол бар. Ол – өзінің ата-анасының немес бабаларының мамандығын таңдау. Мұндай жағдайда егер отбасында мамандықтың ұрпақтан-ұрпаққа берілу дәстүрі болғанда таңдауға болады. Бірақ ең бастысы – адамның өз мамандығына деген қарым-қатынасы, өз ісіне деген сүйіспеншіліктен туындамақ.
Болашақ мамандық таңдау кезінде үлкендердің көмектескеніне қарамастан, соңғы шешімді баланың өзі қабылдайды және одан арғы жауапкершілікті де өз мойынына алады. Мамандық таңдау – маңызды және жауапкершілікті талап ететін жұмыс! Мамандық таңдауда ең бірінші орында қызығушылық пен қабілетіңе, арман – тілектеріңе назар аудару керек, тек содан кейін ғана отбасының салт- дәстүрлерін, отбасының қызығушылығын ескеріңіздер.
Өз қалауыңызбен таңдалған мамандықтың пайдасы мен кері әсерлерін отбасы мүшелерімен бірлесіп шешуге тырысыңыз!
2. Болашақ мамандықты таңдау кезінде, материалдық жағынан пайдасы мол мамандықтарды ғана емес, сонымен қатар моральдық сезімдеріңізді қанағаттандыратын мамандықтарды да қарастыруға тырысыңыз!
3. Болашақ мамандықты таңдау кезінде, таңдалған кәсіпке тұлғалық қасиеттеріңнің сәйкес келу, келмеуін де ескере отырыңыз!
4. Егер мамандық таңдау барысында қарама-қайшылық туындап жатса, психологпен кеңесу мүмкіндіктерін пайдаланыңыз.
5. Өзі қалаған мамандығы бойынша жұмыс істеу адамға зор ләззат береді, оның нәтижесі де мол болмақшы!”
6. Естеріңізде болсын! Балалар ата-ананың таңдаған мамандықтарын салт – дәстүр ретінде жалғастыруға жақын тұрады

6-шы бөлім. «Суретті тест»
Қатысушыларға күн, бұлт, жаңбыр бейнеленген қағаздар таратылады. Бір-біріне тілектерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады.
Күннің суреті — жақсы, көңілді
Бұлттың суреті — орташа
Жаңбыр — төмен

7-ші бөлім. «Бүгінгі мектеп түлегі – ертеңгі елдің тірегі» сауалнамасы
Аты-жөні:
Сыныбы
Сіз үшін мамандық таңдаудың маңызы бар ма?
Қандай маман иесі болғыңыз келеді?
Мамандық таңдауда қандай нақты шешім қабылдадыңыз?
Мамандық таңдау бойынша қандай пәнді таңдадыңыз?
Отбасында ата — аналарыңыз мамандық таңдау жайлы қандай ой — пікір, ақыл — кеңестер айтады?
Сіздің мамандық таңдауыңыздың шешімін сіз өзіңіз қабылдадыңыз ба, әлде басқа адамдар ұсынды ма немесе ата-анаңыз міндет етті ме?
Жауабыңызға ризашылық білдіремін!

8-ші бөлім «Бос микрофон»
Еркін түрде қатысушылар бүгінгі кештен алған әсерлері туралы пікір бөліседі.
— Тренинг кештің пайдасы болды ма?
— Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?
Қорытынды:
Күнді қолмен бүркеуге болмайтындай, барлық проблемалардан қашып құтылу мүмкін емес. Балаңызға, мамандық таңдауда қадірменді ата-ана ақыл қосар ақылшысы екеніңізді, қиындығын жеңілдетер көмекшісі екеніңізді, яғни ертеңгі күнгі сүйеніш – тірегі екеніңізді ұмытпаңыздар.

Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.
Масқатыма жеткізер- уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.
Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі кездесуде апайларымыз бен ағаларымыз айтқан ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап ілім- білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!

2 комментария

Leave A Reply