Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

2 887 қаралым

«Мен, сен және біз!» педагог мамандарға арналған тренингі

0

Самарханова Анара Балташқызы,
Педагог-психолог, «Балдырған» бөбектер бақшасы» МКҚК, Ақсу қаласы, Павлодар облысы


Мақсаты: Ұжымдағы өзара қарым- қатынасты орнатуға, педагогтың әлеуметтік-психологиялық мәдениетін жетілдіру мақсатында шығармышылық әріптестікке шақырып, достық сезімін арттыру.
Көрнекілігі: Ватман, А4 форматты қағаз, түрлі- түсті қарындаштар, фломастерлер, қалам, магнит.

Шаттық шеңбері: Психолог: Қайырлы қүн! Біздің «Мен, сен және біз»
атты тренингімізге қош келдіңіздер!
1. «Сәлемдесу рәсімі» деп аталады. Қатысушылар шеңберге тұрып, сәлемдесудің бірнеше түрлерін атап көрсетеді. Біздің «Сәлемдесу рәсімі» қорытындылау үшін «Достық» атты ән-ұранымызды айтайық.
Достық деген- адамның көрігі екен
Достық деген- адалдың серігі екен!
Достығымыз достар арылмасын
Қуанышқа көңіліміз тола берсін.
Топ мүшелері 2-ге бөлінеді: 1-ші топ ішкі, 2-ші топ сыртқы топ болып бөлініп, екі шеңбер жасайды.
Жетекшінің берген белгісі бойынша ішкі топ сағат тілі бойынша қозғалады, жетекшінің сигналы бойынша олар тоқтайды да, екеуден ішкі топ пен сыртқы топ бір-біріне қарсы тұрған адамдар бірігеді. Әрбір топқа кезекпен кезек жетекші белгілі бір эмоцияны беру керек, олар тез арада сол рөлді 2-3 минутта көрсетуі керек. Мысалы: Қабақтарын түйіп, ашулы адамның кейпін көрсету. Бұл жаттығу әрбір адамның өзінің мінезін, көңіл күйін, қабілетін өзгерте білу, осы арқылы өзгелермен еркін араласу қабілетінің дамуына көмектеседі. Қатысушылар 2 топқа бөлініп, топтың атауын және капитаның таңдайды. Топтың тауын берілген ватманға суреттейді.

2. Сұрақ- жауап сайысы: (жүргізуші сұрақтар қояды)
Мектепке дейінгі мекемелер бағынатын құжат (стандарт)
Жуыну, тамақтану, үстел жасау, асхана, табиғат бұрышындағы жұмыс бұл барлығы қалай аталады? (Тәртіптік кезең)
Балабақшада білім беретін бағдарлама неше бөлімнен тұрады? (5 сала бөлімі)
«Құрастыру» бөлімі қай саладан? (Таным)
Балабақшадағы 2-3 жас аралығындағы топ қай бағдарламмен жұмыс істейді?( Алғашқы қадам)
Баланың білімін анықтайтын қорытынды сараптама қалай аталады? (Мониторинг)

3. «Өзіңді тексер» Педагогтарға бірқатар зат есім сөздер беріледі. Сөздерді айтқан соң, осы сөздерді ретімен қайталап айтады.
Ауа * балабақша
Жер * климат
Су * торғай
Құстар * антрактида
Мектеп * су
Адамдар * қоян
Табиғат * жұлдыз
Аспан * раушан
Құстар * ғарышкер
Балықтар * тауешкі
Аю * юпитер
Гүл * бұлт
Мінез * ағаш
Бала * қасқыр
Алма * аспан
4. «Ойлан тап»
«Қанағаттандырылмағандықтарыңыздан» топтарға 5 минут уақыт беріледі, осы уақытта осы сөзден басқа сөздер құрастыру қажет.

5. Топтық жұмыс «Қиялдау» атты суретті салу. Қатысушылар бір бірінің көзін байлап, ватманға «Адам бейнесін» суретті салуға ұсынылады. Тапсырманың мақсаты ұжымдағы қарым-қатынасты нығайту.
6. Сергіту сәті «Егер ұнаса саған…» әуенге құлақ салып, қимылмен көрсетіп айту.
Тапсырмаларды үнсіз оқып, вербалды емес қарым-қатынас құралдарының көмегімен жағдаяттарды ойнап шығу. Басқа қатысушылар не жайлы «баяндап» жатқанын шешулері керек.
«Кім екенін тап»
Бір қатысушы сыртқа щығып, қалған қатысушылар бір адамның мінезін, қасиеттерін атап шығады. Шыққан қатысушы сол бейнелеген кейіпін табу керек.
Топтық жұмыс. Берілген сөз тіркестірін бойынша шағын әңгіме немесе ертегі құрастыру.
Қорытынды: Құрметті әріптестер, осымен біздің тренингіміз аяғына жетті. Қатысқандарыңызға рахмет, бір-бірімізге қол шапалақтап, қошеметтейік!

Leave A Reply