Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

2 194 қаралым

Ата-аналармен жүргізілетін жаттығулар

0

Мешітбаева Гүлзира Құрманғалиқызы
Мектеп психологы, №22 Приречное орта мектебі, Целиноград ауданы Ақмола облысы
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, сыйластықты күшейту.
Шаттық шеңбері
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, оқушылар.
Біз бүгін керемет бір ғажайып әлем туралы әңгімелесеміз. Қалай ойлайсыздар, ол әлем қандай әлем болуы мүмкін? Қане, ойлап көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. Ал олай болса, ол мемлекеттің аты «Менің жанұям», «Отбасы».
Ол мемлекет қандай болуы мүмкін?
Жауап: Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі.
Мұғалім: Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да балалар, яғни, бүгінгі ұрпақ – ертеңгі елдің болашағы. Отбасы – өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын, адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны. Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды. Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы саналады.
Олай болса, ата-аналар, сіздерге мынадай сұрақ қойғым келіп тұр:
– Бала деген кім ?
Жауап: Иә, бала ұрпақ жалғастырушы, қамқоршы.
Жүргізуші: Рақмет жауабыңызға.  Ойымызды одан әрі өрбітсек.
«Ертеде бір адам ғұламаға келіп:
— Баланы неше жастан бастап тәрбиелеген дұрыс? – деп сұрапты.
Сонда ғұлама:
— Балаңыз қаншада ? – деп өзіне сұрақ қояды.
— Бес -ақ ай толды, – дейді келген кісі. Сонда ғұлама басын шайқап:
— Бес айға кешіккен екенсіз, – деген екен». Халық арасына кең тарылған бұл аңыздың айтпағы баршаға түсінікті. Яғни, баланы туған сәтінен бастап тәрбиелеу керек.
Демек, бала тәрбиесінің негізін құятын ең алдымен – ата-ана.
Ендеше, ата-аналар, оқушылар, шеңберге тұрып өз жанұяларыңның жақсы бір қасиеті жайлы айтайықшы.
1. Біздің жанұя ұйымшыл — бір нәрсені бәріміз бірігіп жасаймыз.
2. Менің жанұям тату-тәтті — әкемнің, анамның, ағамның айтқанын бұлжытпай орындаймыз, т.с.с.
.
Бір-бірімізді құшақтап, еркелетіп, жылы сөздерімізді аямайық.
Рақмет, орнымызға отырайық.
2. «Бақытты отбасы модулі»
Алдын-ала салынған суреттерден ата-ана өз отбасын табу. Әр оқушы өз ата-анасы туралы салған суреттерімен таныстырады. Өз отбасылары туралы айтып шығу.

3. Бейнебаянды көрсету. «Иногда слово убивает мечту». Бейнебаянды талдау.
1. Ата-аналар бұл жағдайда не айтасыздар?
2. Балаға қалай ақыл-кеңес айтар едіңіздер?
3. Осындай балалардан болашақта қандай азамат шығады деп ойлайсыздар?
4. Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па әлде қатаң ба?
4. Тренинг. Ата-анамнан не алдым. Болашақта балама не беремін. Ата-ана мен оқушыға тапсырма. А-4 қағазына өз ойын сөзбен емес суретпен жеткізеді. Сосын жеке-жеке шығып талдап береді. Өз ойымен бөліседі.

5. Құндылық құнын ұғындар. Оқушыларға арнайы үлестірме таратылады.
Отбасымда ең сыйлы ______________________________________
Ең қымбатты _____________________________________________
Ең ақылды _______________________________________________
Ең сүйкімді ______________________________________________
Ең құрметті ______________________________________________
Ең құнды ________________________________________________
Ең бағалы ________________________________________________
Ең қажетті _______________________________________________

6. Ұйымдасқан сурет. Ана мен бала шыны суретке ұйымдасып сурет салады.
Қандай сурет салғанын бала мен анасы таныстырады.

Қорытынды.
7. «Мейірімділік алаңы» Арнайы жапсырылған ватманға оқушылар гүлді, аналар сабағын, мұғалім күнді тілек айту арқылы жапсырады.
Мұғалім:
Міне осылайша өз баласының болашағына алаңдап «Қайтсем де баламды адам етем деген» ата-ананың үміт арманы баласымен бірге жасайды. Өз жанұяларыңды құрметтеңдер, сыйлаңдар, мақтан етіңдер. 11 сыныпты абыроймен аяқтап үлкен жолға аттанғалы отырсыңдар. Ата-ананың қадірін біліңдер. Отанын, елін, жерін сүйетін, ата-анасын, жора жолдасын құрметтейтін, еліміздің тұтқасын ұстар азамат болып өсуіне сіз бен біз бірігіп көмек берейік.

Балалар туралы аталмыш ақпаратты жариялау үшін ата-анасынан рұқсат алынды.

Leave A Reply