Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

2 538 қаралым

Ойнаймыз, үйренеміз

0

Абдуллаева Гүлназира,
Психолог, «Балдырған бөбекжай-балабақшасы» МКҚК, Құмкент ауылы Созақ ауданы Оңтүстік Қазақстан облысы

Тренинг мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін ойын арқылы дамыту және ойын барысында құм терапиясын қолдану.
Тренинг ережесі: Балаларды тәртіптіліке, тыңдай білуге дағдыландыру, қауіпсіздік ережесін сақтау.
Көрнекіліктер: Электрондық қонжық, электронды балапан, суреттерді орналастыратын арнайы ұяшықтар.
Керекті құрал-жабдықтар: Әр балаға арналған арнайы құм тақтайшалары.

1. Құммен танысу. Сәлеметсіңдер ме, балалар? Біз бүгінгі жаңа ойын іс-әрекетімізді құммен танысу арқылы бастаймыз. Балалар, сендер құмды білесіңдер ме? Құмның біздің ойындарымызды қызықты ететін ерекшелігі бар екен. Біз құммен сурет саламыз, түрлі мүсіндер жасаймыз, құмды өлшеп санаймыз, құмның түйіршіктерін байқап сезінеміз.

2. Тосын сәт. Балалар, құммен жұмыс жасау үшін біз алақанымызды жылытып алуымыз керек. Ендеше барлығымыз өзіміздің достарымыздың қолдарынан ұстаймыз.
— Еркеназ, неге сенің көңіл-күйің жоқ?
— Апай мен өзімнің досымды таппай тұрмын.
— Сенің досың кім?
— Жаннұр.
— Қане балалар, олай болса барлығымыз бірге Еркеназдың досын тауып беруге көмектесейікші.
— Жаннұр. Жаннұр. Жаннұр!

3. Жылулық шеңбері.
— Ой, балалар, қараңдаршы! Жаннұрдың қолында бір нәрсе бар екен. Жаннұр бұл не өзі?
— Бұл балапан.
— Жаннұр, сен балапанды қайдан алдың?
— Мен бұл балапанды даладан тауып алдым, ол жаурап қалыпты.
— Қане, балалар, ендеше біз осы балапанды алақанымыздың жылуымен жылытайық!
— Жарайсыңдар, балалар!
— Балалапан сендерге өз алғысын білдіріп жатыр.

4. Алақанмен жұмыс. Балалар, біз бүгін өз қолымыздың суретін саламыз. Қолымызды көтереміз, алақанымызды ашамыз, құмды басамыз. Жарайсыңдар балалар, міне өте әдемі алақанның суреті шықты.

5. Ойна да сана. Балалар алақан арасында кұмды санайды және сипап сезеді. Құм арасындағы суреттерді тауып, тапсырманы орындайды.

6. Шеңбер саламыз. Балалар өз еркімен 1 минут шеңбердің суретін салып ойнайды. Шеңбер салу барысында балалардың ойлау қабілеті дамиды.

7. Миға шабуыл. Жүргізілген ойын барысында балаларға сұрақ қою.

Релаксация. Қане, балалар, денемізді тік ұстап еркін отырамыз. Терең дем аламыз, дем шығарамыз. Жарайсыңдар балалар, біздің ойын іс-әрекетіміз осымен аяқталды.

Сурет интернет беттерінен алынды. 

Leave A Reply