Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

6 414 қаралым

Суицид тығырықтан шығар жол емес

0

Ахметов С.Ахметов Ермек Азымахынович
Педагог-психолог, «Дарбазақұм негізгі мектебі» КММ, Дарбазақұм ауылы Панфилов ауданы Алматы облысы

Жұмыс түрі: Ата-аналармен психологиялық жаттығу
Мақсаты: Жасөспірімдерді физиологиялық, психологиялық және әлуметтік дамуын ескере отырып, оларды әлуметтендірудің кешенді іс-шарасын ұйғаруда ата-аналарға көмек.

Тренинг барысы.
I. Ата-аналармен амандасу.
Жағымды күйге келу, арт-терапия, түстер терапиясы. «Табиғат үн қата алса»
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан оқушының бойына ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелуде отбасы мен педагогтар шешуші рөл атқарады.
Қатысушылармен келісім шарт жасау.

II. «Өзін-өзі жарнамалау» жаттығуы. Әр қатысушы өз есімінен басталатын әріптен мысылы мейірімді Майра, қандай да бір іскерлік қасиетін айту.

III. Ата-аналарға суицид туралы анықтама беру.
“Суицид” — латын тілінен алынған, “өзін-өзі өлтіру”, “өзіне қол салу” деген мағынаны білдіреді. “Нағыз суицид” — қашанда жабырқау, дағдарыстық жағдай не өмірден баз кешу, күйзелу жатады. Бұған жүйке ауруымен ауыратындар шалдығады. “Жасырын суицид” — бұл мінез-құлық тәуекелге негізделген өмірден өтуден гөрі, өліммен ойнауға көбірек ұқсайды. Жастар арасында көбірек кездеседі.
Демонстративтік суицид – өлуге деген ниетпен байланысты емес, қайта өз проблемасына назар аударту, жан айқай көмекке шақыру ретінде болады.
Статистикалық зерттеулер қорытындысымен белгілі болғандай, жасөсіпірімдер арасындағы жиі кездесетін суицидтің түрлері.
1. Ең көп тараған түрі – асылып өлу. Кез-келген жерге асыла салу жиі орын алады.
2. Дәрі-дәрмектен улану, үй тұрмысындағы улы химиялық заттарды қолданып, нансірке су ішіп өлу. Соңғы үш жылда осындай уланудан 297 адам облыстық ауруханағатүссе, олардың арасында 7-15 жастағы жасөспірімдер болған.
3. Жасөспірімдер арасында суицидке ұмтылудың бір жолы суға кету.
4. Автокөліктің, поездің астына түсу.
5. Жасөспірімдер арасында өмірден өтудің ашық жолын таңдамай, “өліммен ойнау” сияқты әрекеттер орын алады.
Бұларға автомобиль жүргізудің қауіпті түрі, спорттың экстремальдық қауіпті түрімен айналысуы, ерікті түрде ыстық нүктелерге барумен, әсері күшті есірткілерді пайдалану, ішімдікті қолдану, сондай-ақ өзін-өзі оқшаулау жатады.

IV. Ата-аналарды мінездегі қиындық түрлерімен таныстыру.
Мінез-құлқындағы қиындықтардың түрлері.
Ашуланғыш, долы, өкпелегіш, көңілі толмаушылық, жылауық. Ашушаң, қыңыр, сенімсіздік, қызғаншық, өтірік айту, өзімшілдік, танымдық өрісінің бұзылуы.
Мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептері.
Отбасының әлеуметтік тұрмысына байланысты.
Жеке тұлғаның дамуындағы психологиялық бірізді жүйенің болмауы.
Бала психологиясының өзгеруіне байланысты оның бойындағы қабілетті байқап дамыта алмау.
НАРАЗЫЛЫҚ ЖӘНЕ КЕК
(өзін жақсы көрмейді, түсінбейді, агрессияны өзіне аударуы)
ҚАРСЫЛЫҚ КӨРСЕТУ
(өзіне ең қажетті нәрсесін жоғалтқандықтан өмір сүруден бас тарту) КӨМЕККЕ ШАҚЫРУ (өзінің жалғыздықта қалғандай сезінуі. Болған жайды өзге адамдардың көмегімен өзгерту)
Түрлері мен типтері бойынша суицид классификациясы
ТҰЙЫҚТАЛУ
(тұлға күйзеліске ұшыраса, одан шығудың бір ғана жолы – өлім деп санау)
ӨЗІН-ӨЗІ ЖАЗАЛАУ
(жасаған кінәсі үшін өзіне қол жұмсау)
V. Телестудия: Ата-аналармен ой бөлісу.

VI. Түстер бойынша пікірлесу.
Ақ түсті таңдағандар
Бала бойындағы қорқынышты, үрейді басу үшін қандай көмек жасар едіңіз?
Сары таңдағандар
Бала бойындағы жасқаншақтық мінезді қалай жояр едіңіз?
Жасыл түс таңдағандар
Балаңыздың мінезінен жағымсыз қылықтар байқасыңыз қандай көмек жасар едіңіз?

VII. Ойын-жаттығу «Таң туралы» ой қозғау.
Мен күнделікті таңды қуанышпен қарсы аламын… Таң үміт әкеледі. Таң күш береді.Таң армандар мен үміт әкеледі. Әрбір таң саған тірі және денің сау екендігін, жаңа күшпен достықта, келісіммен кез-келген істі жақындарыңмен бірге атқара алатындығың туралы хабар әкеледі. Таң өмірді жаңа күшпен әрі қарай жалғастыру.

VIII. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатыныастың қаншалықты сапалы екенін байқау. Тест.
Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың қаншалықты сапалы екенін байқап көрелік.
1. Бұл баланың өмірге келуі сізді қандай күйге бөледі? Бұл баланы қаладыңыз ба?
2. Оған күн сайын мейірімді сөздер айтып, әзілдесіп, бетінен сүйесіз бе?
3. Кешкілікте онымен бүгінгі күн туралы сырласасыз ба?
4. Аптасына бір рет онымен бос уақытыңызды қиып, қыдырасыз ба? (мысалы: кино, концерт, туыстарға қонаққа бару).
5. Сіз онымен отбасының проблемалары, жағдаяттар, жоспарлар жөнінде пікірлесесіз бе?
6. Сіз онымен жаңа мода, киім талғамы туралы сырласасыз ба?
7. Оның достарымен таныссыз ба? (олар немен айналысады, қайда тұрады?)
8. Бос уақытында кімдермен жүретінін, немен айналысатынын білесіз бе?
9. Өзгеге деген сезімі, сүйіспеншілігі туралы не білесіз?
10. Оның жек көретін адамдары, дұшпаны бар деп ойлайсыз ба?
11. Мектептегі оқуда ең сүйікті пәнін білесіз бе?
12. Ең сүйікті ұстазы кім?
13. Мектепте ұнатпайтын мұғалімі бар ма? Ол кім?
14. Екеуара әңгімені бірінші кім бастайды? Ал келісімге келуге кім бірінші қадам жасайды?
15. Сіз өз балаңызды орынсыз кінәлап, жекіріп, арына тиетін сөздерді айтпайсыз ба?
Егер барлық сұраққа «иә» деп жауап берсеңіз, онда сіз ата-аналық дұрыс жолдасыз. Бұл жағдайды өз бақылауыңызда ұстап, балаңызға қиын сәтте көмекке келе аласыз.
Ал егер көпшілік жауабыңыз «жоқ» болса, онда күрт өзгеруге тура келеді, жамандықтың алдын алу үшін баланың жан дүниесіне үңіліңіз.

IX. Ата-аналарға арналған жадынама
Балаңыздың жан дүниесінде болып жатқан күйзелісті мұқият тыңдаңыз;
Бала сезімін, ойына алған істің орындалуын мұқият бағалаңыз;
Көңіл-күйінің, эмоциялық күйзелісінің қаншалықты тереңдігін бағалаңыз;
Әрбір ренішіне, көңілі толмаған істерінің бәріне мұқият қараңыз;
Қорықпастан сұраңыз “Өз-өзіне қол жұмсағалы жүрген жоқ па?”
Нәтиже:
Келеңсіз жағдайлардың алдын-алу адамдардың денсаулығын күшейту мен жан-жақты үйлесімді дамуының қалыпты жағдайы туындайды
Өз-өзіне сенімділігі қалыптасады, өзін-өзі таниды.мейірімділікке бауланады.
Өмірге деген талпыныс жетіледі, өмірден түңілмеуге тәрбиеленеді. Адамға кездесетін қуанышқа да, қайғыға да, төзімді болмас нәрсе үшін жарық дүниеден күдерін үзбеуге үйренеді
Танымдық іс-әрекеттері дамиды, қарым-қатынас орнайды, мазмұнды іске шақырады, жүйеліде еркін ойын ашық жеткізуге үйренеді

X. Рефлексия «Аяқталмаған сөйлемдер».
Бүгінгі іс-шарада менің түсінгенім __________________________________________________________
Мен үшін белгісіз және жаңалық болғаны _____________________________________________________
Мен үшін қиын болғаны__________________________________________________________________
Маған түсініксіз болып қалғаны ____________________________________________________________
Өз іс-тәжірибем үшін алдағы уақытта қолданатыным _____________________________________________
Бүгінгі іс-шарада мен үшін ең тиімді болғаны __________________________________________________
Аталған мәселелер бойынша білгім келетіні ____________________________________________________

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Елікбаев Н. Ұлттық психология. – Алматы, 1992.
2. Түрікпен – Ұлы Ж., Мұздыбаева Б.Тәрбие психологиясы. – Алматы, 2008.
3. Дробижева Л.М. Духовная культура этническое самосознание. – Москва, 1991.
4. Захаров. Детские страхи. – СПб.: Речь, 2001.

Leave A Reply