Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

4 897 қаралым

Барлық әлем мен үшін

0

Баймбетова Мира Қуатжанқызы,
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Саға мектеп-балабақшасының педагог-психологы

Еліміздің болашағы – бүгінгі балалар. Осы балалардың білім алуға деген қызығушылығын, құлшынысын ояту мақсатында сабақты психологиялық тұрғыдан ұйымдастыру керек. Олардың ойына ой қосу, қиялына қанат бітіру негізінде Саға мектеп-балабақшасында 11-21 ақпан аралығында «Барлық әлем мен үшін!» онкүндік апталығы өтті. Жұмыс жоспары жасалынып, бекітілді. Онкүндіктің мақсаты: білім беру ұйымдарындағы тәрбиелеп отырған жас жеткіншектер арасында келеңсіз жағдайлардың алдын-алу, психологиялық ахуалды жандандыру, жақсарту, өмірдегі адамгершілік, отбасылық, татулық құндылықтарын түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
«Сүйіспеншілік барлығының бастауы …» тақырыбында 2-11 сыныптар арасында газеттер, буклеттер шығарылды. Оқушылар өз қолдарынан қолөнер бұйымдарын жасады.

«Дос болайық бәріміз» атты тақырыпта 5-сыныппен педагог-психолог М.Баймбетова іс – шара өткізді. Оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында «доссыз адам – тұзсыз адам» деп бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашты. Дос ол кім? алдымызда күннің көзі, күннің көзіне достық шуақтарымен толтырды. «Достық. Бірлік» үйін құрастыру үшін мақал-мәтелдерді аяқтады. Хормен «Дос болайық бәріміз» әнін айтып аяқтады.

7-сынып оқушыларымен сынып жетекшісі А.Байгелдинова «Мен өмірді таңдаймын» тақырыбында тренинг өтті. Сабақтың мақсаты: тренинг қатысушыларына «Өмірді сүю» және оның мәні туралы түсінік беру. «Мен өмірді сүйемін» сенімін орнату. Адамның өмірі өз қолында екенін түсіндіріп, өмірді сүюге дағдыландыру. Алдымен көңіл-күйі сұралды. Оқушылар жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып, өміршеңдік ережесін айтты. Тренинг сабақ Мұқағали Мақатаевтың өлеңімен аяқталып сабақты қызықты да көңілді өтті.

Әлеуметтік педагог И.Дарменова «Мен отбасындамын, мен мектептемін, мен достарыммен біргемін» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі балалар мен ата-аналарымен ойын сабақ өтілді. Ойынды «Менің отбасым», «Менің мектебім», «Менің достарым» аялдамасына барып оқушылар тапсырмаларды орындады. Балалар қиындылардан сурет құрау, суреттердің жұбын тап, жапырақтарға қоңыздарды орналастыру жұмыстары жасалды. «Ақ қошақан» әнін хормен орындады. Ата-аналар жіп ойынын ойнап, көңіл-күйлері көтерілді.

2-3 сыныптар арасында З.Бисұлтанова «Әлемдегі бар бала бақытты» спорттық сайыс ұйымдастырды. Балалар берілген тапсырмалар бойынша жұмыстанып, бір сергіп алды.

10-сынып жетекшісі А.Амирова «Шын жүректен» атты тақырыпта оқушылардың көңіл-күйін көтеру жағымды сезім мен эмоцияны қалыптастыру мақсатында өтті. Алдымен оқушылардың көңіл-күйлері сұралды. Сынып оқушылары «Мен» бейнесін қағазға бейнелеп қағаз бетіне түсірді. «Кел ойнайық» сергіту сәті арқылы балалар бір-бірімен жақсы атмосфера қалыптастырды. Оқушылар сабақ соңында өздерінің жүрек түкпіріндегі сезімдерін ризашылықтарын білдіріп, сыныптастарына таратты.

«Сенімділік – менің серігім» тақырыбында сынып жетекшісі М.Кенжеғазина 11-сыныпта тренинг жүргізді. Сабақ «ҰБТ-да жетістікке жетейік» әнімен қорытындыланып, оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.

Мектебімізде жоспарға сай өткізілген «Барлық әлем мен үшін!» онкүндігі қорытындыланып, апталыққа белсенді қатысқан оқушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Жалпы, тәуелсіз мемлекетіміздің тұғыры болар жасөспірімдеріміздің құқықтық санасын жетілдіру, құқықтық ақпараттық-насихаттық көмек пен жан-жақты демеу беру мен қоғам өміріндегі барлық іс-әрекетке бей-жай қарай алмайтын азаматтық тұрғыдағы белсенді патриоттық тұлғасын қалыптастыру бағытындағы барлық бірлескен іс-қимыл шаралары өзінің игі жалғасын тауып, Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындауда өзіндік тұрғысынан әсерінің оң болатындығына сенім мол.

Leave A Reply