Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

2 052 қаралым

Жақсы көңіл-күй – адам өмірінің сарқылмас байлығы

0

Сапарова Жазира Төлемісқызы,
СҚО, «Шал ақын ауданының Кеңес орта мектебі» КММ, педагог-психолог

Мақсаты: оқушылардың психологиялық көңіл-күйлерін көтеру, өздеріне құрметпен қарауға баулу, ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату, топтың жұмылу деңгейін дамыту.

Қатысушылар: 5-6 сыныптар
Тренингімізді бастау үшін өз еркімен қатысамын деушілер ортадан орын алсын.
Алдымен эмоциялық жаттығу жасайық.
Шаршадым «Уһ!» дедім
Ренжідім «Туһ!» дедім
Қорқыттым «Ой!» дедім
Өкіндім «Аһ!» дедім
Шарасыз «Еһ!» дедім
Таңырқап «О!» дедім
Кейідім «Е!» дедім
Қуанып «Ха-ха-ха!» дедім.

«Досыма хат» жаттығуы
«Мінез ерекшеліктері» жаттығуы
Оқушыларға бір парақ ақ қағаздар таратылады. Таратылған ақ қағазды оқушылар скочтың көмегімен арқаларына жапсырады. Арқаларындағы жапсырылған ақ қағазға бір-бірлерінің бойындағы жағымды мінез ерекшелігін және ыстық тілектерін жазады. Барлығы жазып болғаннан кейін, қайтадан дөнгеленіп отырып, арқаларындағы қағазды алып оқиды. Қағазды жыртпай, өздеріне естелікке қалдырады.
Ойын жаттығу:
Аттар шауып барады. (қолдарын сандарына шапалақтау)
Алда бір кедергі. (Алақанды бір-біріне бір рет соғу)
Аттар шауып барады. (Қолдарын сандарына шапалақтау)
Алда бір кедергі. (Алақанды бір-біріне бір рет соғу)
Аттар шауып барады. (Қолдарын сандарына шапалақтау)
Шөппен шауып барады. (Алақандарын бір-біріне үйкелеу.)
Аттар судан өтті. (Ауыздарына ауа толтырып, ұрттарын саусақтарымен ұру).
Аттар көпірмен өтті. (Таңдайларын қағу)
Аттар шауып барады. (Қолдарын сандарына шапалақтау)
Қыздар кетіп барады ай-гөк!
Жігіттер қуып жетті ой-гөк!

«Автобус» жаттығуы
Оқушылар екі топқа бөлініп екі шеңберге тұрады: ішкі, сыртқы. «Ішкі шеңбер – билеттер», «сыртқы – пассажирлер». Әрбір пассажирда қарама-қарсы тұрған өзінің билеті болады. Шеңберден тыс қалған оқушы дәл ортасына тұрып, «қоян» рөлін атқарады.
Психолог «Автобус жүре бастады» деген кезде екі шеңбер бір-біріне қарсы айналып жүруі тиіс; «Контролер» деген кезде пассажирлер өз билеттерін іздей бастайды, ал «қоян» кез келген билетті ұстап алуға құқылы, билетсіз қалған пассажир «қоянға» айналады.

«Өзіме тілек» жаттығуы
Тренинг қатысушылары жарты шеңбер құрып тұрады. Әрқайсыларыңыз өзіңізге тілек ойлап табуыңыз қажет. Осы тренингтен кейін өздеріңізге не тілер едіңіз? Жарты шеңбердің басында яғни менің оң жағымда тұрған қатысушы өзінің оң жағында тұрған адамға өзіңе ойластырған тілегін дауыстап айтады да жарты шеңбер басталатын шетіне тұрады. Тілекті қабылдаған адам әрі қарай айтып беріп жарты шеңбердің басына тұруы тиіс. Әр адамға өзінің тілегі айналып келген соң жаттығу аяқталады.
Құрметті қатысушылар, бүгінгі тренингке белсенділік танытып қатысқандарына алғыс айтамын. Осында айтылған әрбір тілек орындалатын болсын, өмірде тек жақсы, көтеріңкі көңіл-күймен жүрулеріңізге тілектеспін.

Сурет интернет беттерінен алынды.

Leave A Reply