Баймбетова Мира Қуатжанқызы,
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Саға мектеп-бала бақшасының педагог-психологы
Мақсаты: Сіздердің көңіл-күйлеріңізді жақсарту, бірігіп жұмыс істеу жүйесін дамыту, ой қозғату, әдістемелік көмектер беру.
Көрнекілігі: қалам, фломастер, музыка.
Қатысушылар: 9-сынып ата-аналары.
Барысы:
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Сіздермен жүздескеніме өте қуаныштымын.
1. «Өзіңді білгің келсе» проекциялық тесті
Сурет салу: күн, тау, үй, ағаш, қапшық, жол, сақина, гүл, жылан.
Егер күн дәл ортасына – жастық шағы қызықты, ал шығысқа салынса – балалық шағы қызықты, батысқа салынса – кәрілік шағы қызықты;
Тау дөңгелек салынса – мінезі жұмсақ, мейірімді, сенгіш. Егер тау ұшты болса, өкпелегіш, тік мінезді адам. Егер аралас салынса – басында қар болса, өзгермелі адам;
Үй – суретте ағаш үй салынса, арманы орындалады. Егер бір терезе салынған болса, өзіне жақын бір адам туралы көп ойланады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса, ол тұйық, сақ адам. Үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын, өсекқұмар адам.
Ағаш – біреу болса, өзінің жолдасына ұнайды. Егер бірнешеу болса, балаларды жақсы көреді, оларға уақыт бөліп, көп көңіл аударады. Қоршаған
әлемді сүйеді, қанша мықты әдемі салынса, сұлулыққа соншалықты құштар;
Қапшық қалта қаншалықты үйге жақын жатса, байлық та жақын. Керісінше болса, бәрі керісінше. Егер қапшық аузы байлаулы болса сараңдық. Қапшық жерде жатса жалқау, тік тұрса еңбекқор адам:
Жол – үйге жақын жатса — жолы жеңіл, алыс болса керісінше. Егер жол үйдің есігінен шықса, тапқан табысын үйге әкелетін, ал керісінше болса шашпа, айналасына тарататын адам;
Сақина – көзсіз болса қонақ қабылдағанды, қонақ щақырғанды ұнатады. Көзі болса, болашақты ойлайды, капитал жинайды. Неке жүзігі – мықты отбасын білдіреді.
Жылан – үйден алыс салынса – жаулары алыс, егер жақын салынса көре алмаушылар айналаңда болғаны. Суретте не үлкен салынса сенің өмірің үшін маңызы зор.
2. «Бүгінгі менің көңіл-күйім»
Қатысушыларға айна таратылып беріледі. Айнаға қарап көңіл-күйлерін бейнелейді. Айнаға қарап:
Ащы лимон жегендегі түріңіз;
Тәтті шоколад жегендегі түріңіз;
Бастығыңыз ұрысқандағы түріңіз;
Қатты қуанғандағы түріңіз;
Айнаға қарап әдемі күліңіз;
Айнаға қарап жылаңыз…
Талдау: Айнаға қарағанда қай көңіл-күй сізге ерекше ұнады?
3. «Әкешім-анашым» әні. Е.Сәдуақасов
1. Пейіштің нұрынан жаратылған,
Әкешім анашым дара тұлғаң
Сендердің бейнет пен зейнеттерің,
Бүгінде қатайсын қанатымнан
Қайырмасы:
Көбейсін немере шөберелер,
Кеңейсін әрдайым керегелер
Әкешім анашым сендер барда,
Ұрпағың жалғасып ере берер
2. Дүние-ай не деген көркем едің,
Есейдім, ер жеттім, еркеледім
Өмірдің қол жетпес биігіне,
Екеуің жалықпай жетеледің
Қайырмасы:
3. Әкешім ақыл ман кемеңгерім,
Анашым айдыным терең көлім
Ақ тілеу батаңның арқасы ғой,
Бақытқа шаттыққа кенелгенім
Қайырмасы:
Қорытынды:
Ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді.