Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

8 022 қаралым

Өзін-өзі тану пәні мен өзін-өзі тәрбиелеудің психологиялық мәні

0

Мелдеханов Үсен Сейткеримович, 
Өзін-өзі тану және тарих пәні мұғалімі, И.Панфилов атындағы жалпы орта мектебі КММ, Мақтарал ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы

Философтар негізінен қоғамның және жеке адамның дамуындағы өзін-өзі танудың теориялық сұрақтарын қарастырады. Психологтарды өзін-өзі танудың табиғаты қайнар табиғаты, қайнар көзі және үрдістері қызықтарады. Педагогтарды тәрбиелеу мен өзін-өзі танудың өзара байланысын, өзін-өзі тәрбиелеудің өсіп келе жатқан ұрпақты қалыптастыратын жай факторлар жүйесіндегі рөлін анықтайды.

Сырт адам өзін кім деп есептесе сол болады- деп тұжырымдады, яғни материалдық мәдени, саяси және тәрбиелеу жағдайлары – жеке адамның қалыптасуында мағанасы бола бермейді деген ой атады. Осындай позицияны философтар да осындай, олар өзін-өзі тәрбиелеу рухтың өзін-өзі танудың, оның өнегелі өздігінен жетілуін қамтамасыз етеді деп санайды.

Кезінде теориялық өзін-өзі тәрбиелеуді тек және адамның маңызды үрдісі ретінде қарастырған. Бұл теорияны өкілдері өзін-өзі тәрбиелеуін көздеген мақсатын, тәсілін жеке адамның өзінде көреді. Басқаша айтқанда, өзін тәрбиелеу жеке адамның өздігінен жетілу үрдісі ретінде қарастырған. Өзін-өзі тану мен өзін-өзі тәрбиелеудің психологиялық мәні.
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі тәрбиелеу – жеке адамның өз кемістіктерін жою мақсатында жасайтын саналы, жүйелі іс әрекеті және жекелігін қарастыратын әлеуметтік талаптарға жауапкершілігін дамытатын жағымды қасиеттерін қалыптастыру үрдісі.

Өзін-өзі тану мен өзін-өзі тәрбиелеу күрделі құбылыс ретінде үнемі философтарды, психологтарды, физиологтарды және педагогтарды қызықтырған және қызықтырады.
Шынында да өзін-өзі тәрбиелеуді әлеуметтен байланыстырады және белгілі әлеуметтік пәндерге қызмет етеді.

Өмір сүру үшін адам еңбек етуі керек, еңбек ету үшін, ол табиғатпен және адамдармен түсуі міндетті. Жалпы қоғам үнемі дамып отырады, сондықтан өмір қарқынының артынан үлгеру үшін әр кім өзін тәрбиелеуге міндеті.
Адам тек сыртқы әлеуметтік жағдайларға бейімделіп қана қоймайды және оларға белсенді түрде ықпал етеді.

Сонымен, өзін-өзі тәрбиелеу, тәрбие сияқты жеке адамды қалыптастырудағы қоғамдық міндетті атқарады. Тәрбие сияқты, өзін-өзі тәрбиелеу жеке адамның өнегелі-психологиялық қасиеттерінің қалыптасуына мақсаттылығы, ерікті, саналы үрдісі. Сондықтан өзін-өзі тәрбиелеуді жеке адамның қоғамдық талаптағы және жеке даму бағдарламасына жауап беретін қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған саналды, өзімен жасалатын жоспарланған жұмыс ретінде сипаттауға болады. Яғни, өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілік сыртқы жағдайлармен жеке тәрбиелеумен ұштасуы тиіс. Ол дамып келе жатқан жеке адамның табиғи қажеттілік ретінде пайда болады және әрі қарай өздігінен дамуға ықпал етеді.

Өзін-өзі тәрбиелеу динамикалық үрдіс. Көп зерттеулер бойынша оқушының дамуымен өзін-өзі тәрбиелеудің мақсаты мен тәсілдері өзгереді. Мақсаттары шындыққа сәйкес және жеке басының негізгі өмірлік бағытымен байланыста болды. Сондай-ақ өзін-өзі тәрбиелеудің тәсілдері қалыптасады.

Өзін-өзі тәрбиелеу адамның дамуының және іс-әрекетінің әртүрлі сфераларын қамтуы мүмкін. Ол физикалық, эмоциялық-еріктік немесе интелектуалды және эстетикалық өзін-өзі тәрбиелеу түрінде де болуы мүмкін. Адам өзінде, өзінің жоспарларында, негізгі өмірлік бағытына немесе белгілі өмір кезеңіне, қосылған нақты мақсатына байланысты белгілі қасиеттерді тәрбиелейді.

Көптеген психологтар өзін-өзі тәрбиелеу жоспарын белгілегенде негізгі мақсат етіп жан-жақты дамуы белгіленді. Өзін-өзі тәрбиелеуді А.С. Макаренко табиғи дамуының нәтижесі деп қарастырған. Басында жеке адамның дамуы сыртқы талаптар ықпалымен жүреді, сосын өзіне талап қою нәтижесінде, яғни өзін-өзі тәрбиелеу оңаша үрдіс емес, ұжымның бірлескен іс-әрекеті. И.П. Павлов айтуынша өзін-өзі реттеуі бойынша ең жоғарғы жалғыз жүйе болып табылады. Мұндай жүйе жоғары дәрежедегі өзін-өзі реттеуші, өзін-өзі қолдаушы, қалпына келтіруші және толық жетілдірген.

Өзін-өзі реттеу- ол барлық тірі жандарға тән қасиет. Ол тіршілік әрекетінің қажетті үрдіс, өзін-өзі реттеу ағзаның өмірін және жеке дамуын қамтамасыз ететін сыртқы жағдайларға бейімдейтін үрдіс, өзін-өзі реттеу негізінде ағза мен сыртқы орта арасында зат алмасу болады. Өзін-өзі реттеу түрлі деңгейде және көп тәсілдермен іске асуы мүмкін. Төменгі сатыдағы организмдерде физикалық-химиялық өзін-өзі реттеу орын алады. Жүйке жүйесінің пайда болуынан жүйелік өзін реттеу қосылады. Адамның психожүйкелік өзін-өзі реттеуі сананың сапалығы мен ерекшеленеді. Психикалық өзін-өзі реттеу негізгі адамның жоғары атқаруын табиғатпен және әлеуметтік ортамен байланыстыратын, оның іс-әрекетін, ұжымдағы қылығына қатысты болады. Бірақ психалық өзін-өзі реттеу, өзінің дамуында бірқатар сатыдан өтеді. Адамда өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі реттеу үрдістері сәйкес келеді деуге бола ма? Мүлдем оңай емес. Өйткені адам ұрығында да өзін-өзі реттеу орын алады. Тек өмірінің бірінші жылдарында сәбиде психикалық өзін-өзі реттеудің бірінші белгілері көріне бастайды. Көргені, естігені, бейне түрінде бекітіледі, көз, қол, барлық денені іздеу қозғалыстары белгіліне бастайды. Бұл еріксіз импульсивті өзін-өзі реттеу стадиясы. Бұл жерде өзін-өзі тәрбиелеудің қалыптасуының белгілері жоқ.
Баланың өсуімен жеке дамуымен шешуші рөлді сөз сигналдық сигнал ретінде атқарады, яғни болмыс туралы қорытындылған білімдерінің сақтаушы. Сөз адамның жоғары функцияларын реттейді. Сонымен қатар сол бір жағдайлар кезінде заттың тітіркендіруші сияқты, организмде өзгерістер тудырады. Бұл еріктік өзін-өзі дамуының стадиясы, дәл осы кезде өзін-өзі тәрбиелеу пайда болды.

Өзін-өзі тәрбиелеуімен міндетті түрде өзін білуде, өткенді талдауды өзіндей жағымды және жағымсызды бағалау, сонымен қатар өзінің болашақ қылығын жобалау, жобаны реалды психикалық құрылымға айналдыру мақсатымен өзімен жұмыс істеуді жоспарлауды талап етеді.
Адамның барлық әрекеттері және істеген істері, сөздерге айтылған түсініктермен реттеледі. Яғни, адамның жеке басының дамуының белгілі сатысында өзін-өзі реттеу және өзін-өзі тәрбиелеу үрдістері сәйкес келмесе де өзара әрекеттестікте болады. Оларды сөз біріктіреді. Сөз арқасында өзін-өзі тәрбиелеудің мақсатын қоямыз және өзімізбен жұмыс істеу жоспарын белгілейміз. Сонымен қатар сөз жоғарғы үрдістері табиғат пен қатынастың оның әрекетін реттейді. Сонымен белгілі кезеңді өзін-өзі реттеуін жоғарғы немесе еріктік түрі өзін-өзі тәрбиелеудің механизмі болады.

Адам саналы жан ретінде, үнемі өзінің іс-әрекетін түрткілеп отырады, яғни өзіне және басқаларға белгілі себептерге байланысты не істегеніне есеп беріп отырады.

Leave A Reply