Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

7 606 қаралым

«Өзіңнің қорқынышыңды басқар» тренингі

0

Омарова Жадра Маратовна,

Педагог-психолог, «Бурабай орта мектебі» КММ, Күршім ауданы, Шығыс Қазақстан облысы


Тренинг мақсаты: оқушыларға қорқыныш сезімі туралы мағлұмат бере отырып, түрлі жаттығулар арқылы бойындағы қорқыныш сезімдерін жою; өзара қарым-қатынастарын нығайту.

Қорқыныш – қатерлі жағдаяттарда туындайтын қауіп, қолайсыз эмоция. Қорқыныш – бір нәрседен жүрексініп сескенгенде, шошығанда пайда болатын сезім, қауіп-қатер, үрей.

«Танысу» жаттығуы

Мақсаты: Сәлемдесу, танысу, зейін мен еске сақтауды жаттықтыру.

Жаттығу шеңбер бойында орындалады. Жаттығуды бастаған бірінші қатысушы есімін айтады және оған анықтама қосып айтады. Ол анықтама сөйлеушінің есімі қай әріптен басталса, сол әріптен басталуы қажет және сол адамға лайық болу керек (ойдан шығармау керек). Сөйлем былай болуы мүмкін, мысалы: «Мен – биші Бинұрмын». Келесі ойыншы айтады: «Биші Бинұрды сіздерге таныстырамын, мен – зейінді Заңғармын». Келесі ойыншы алдыңғы екеуін таныстырады және өзінің есімін айтады. Ең соңғы ойыншы өзінің есімін айтады, бірінші ойыншы жаттығуды мынадай сөйлеммен аяқтайды: «Сонымен, осында … қатысып отыр» деп қатысып отырғандардың барлығын атап шығады.

Талдау: Есімге лайық анықтама айту қиындық келтірді ме? Қай оыйншының өзін таныстыруы ерекге болды?

«Қорқынышыңды суретте» жаттығуы

Түсіндіру: қорқынышқа қарсы жүр, өзің қорқатын нәрсені істе, бірнеше рет істе. Оқушыларға ақ парақ таратылады. Өзіңнің қорқынышыңның картасын суретте. Өзіңнің қорқынышыңның суретін сал.

Талдау: Қайсысы ең алғаш байқалады? Қайсысы кейін көрінеді? Жалпы суретте қорқынышыңның орнын тап.

«Бірақ» жаттығуы

Мақсаты: тренингке бір қалыпты қарқын енгізу, өз ойыңды аяқ астынан айтып салу.

Шеңбер бойымен сөйлемдерді жалғастыру:

  • Мен шаршадым, бірақ …
  • Мен кішкентай бойлымын, бірақ …
  • Мен кейде ұстамсызбын, бірақ …
  • Мен ұялшақпын, бірақ …
  • Мен жалқаумын, бірақ …
  • Мен сөзге жоқпын, бірақ …
  • Мен тым көнгішпін, бірақ …
  • Мен оқушымын, бірақ …
  • Мен бақылау жұмысын екіге жаздым, бірақ …
  • Менің математикадан үлгерімім жақсы, бірақ …
  • Мен үнемі тым қиялдап кетемін, бірақ …
  • Мен әнді жақсы айта аламын, бірақ …
  • Мені тез күлдіруге болады, бірақ …
  • Мен қырсығып қаламын, бірақ …

Талдау: Осы тапсырманы сендерге орындау ұнады ма? Өз ойыңды бірден айтып салуда саған не қиындық келтірді? Қандай әсер алдыңдар?

«Автопортрет» проективті тесті

Оқушыларға А4 парақ таратылады. Өздерінің автопортретінің суретін салу ұсынылады.

Талдау: Өздеріңнің суреттеріңді салу қиындық туғызды ма? Сезімдерің қандай?

«Бетперде» жаттығуы

Дене бұлшықеттерінің босаңсуы. Орындықта отырып, денелеріңнің бұлшықеттерін бос ұстаңдар. Терең демімізді аламыз да, шығарамыз. 3-4 рет қайталанады.

«Жымию» жаттығуы

Әр қатысушы бір уақытта бір-біріне өздерінің жымиюларын сыйлайды.

Leave A Reply