Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

2 124 қаралым

Жеткіншектермен жұмыс барысында психологиялық жеңілдену

0

Баишева Г.А.,
Педагог-психолог, Чапаев негізгі мектебі ММ, Қостанай қаласы әкімдігінің білім беру бөлімі

Заманауи білім беру жүйесі жаңа парадигмаға жүгінеді, ол субъектілерге қажетті мезетте жеке шешім қабылдай білуді, болашақта қандай жағдай күте білу біліктіліктерін қалыптастырады. Бүгінгі таңдағы алдыңа қойылған міндеттерді дұрыс шеше білу көбіне түлектермен жұмысты дұрыс ұйымдастыра білуге тура қатысты. Сол себепті түлектерге психологиялық үстемдік көрсету қызмет нығайып келуде. Бұл ажеттіліктерді кейінгі кездері педагогикалық – психолгиялық орталарда жиі талқыланып, бұл бағыт бойынша оңды нәтижеге жетелейтін субъектілерге арналған оқыту бағдарламалары жасалып жатуда. Сонымен қатар, оқу бағдарламаларын құрумен қатар, біліктілікті арттыру да кәсіпкерлік шеберліктің жетілу формасы болып табылады.

Э.Ф. 3еер өз жұмыстарында психологиялық жетекшілік дегенді – өзгеріске ұшыраған тұлғамен бірге жетілу, уақтылы көмек пен қолдау көрсете білу деп түсіндірген. Т.Р. Битянова психологиялық жетекшілілік деп психологтың кәсіптік шеберлігін меңзеген, оқу барысында тұлғаның оқу және психологиялық жетілуі барысында әлеуметтік -психологиялық жағдаятының туындай білумен түсіндірген. Сөйте отырып, психологиялық жетекшілік деп психологиялық қызметтің жүйелік жұмысы деп түсінеміз. Ол оқушының жеке дамуына, ҰБТ, емтихандар барысында туындаған қиындықтарды жеңе білуге, жеке эмоциялық ортаны келістіре білуге, сондай-ақ, болашақта да жақсы оқуға тиімді орта туғыза білуге арналған.

Түлектерге психологиялық жетекшілік көмек көрсету барысында психологиялық жеңілдетудің орны ерекше. Психологиялық жеңілдеу адам психикасының қорғаныш механизмін белсендетеді және оған көрсетілген жағдайдағы стресті табиғи күйде жеңе білуге көмектеседі.

Психологиялық жеңілдену – адам демалысының ерекше маңызды элементі, ол бойдағы күйзелістен арылып, өз бойындағы күштерді қалпына келтіруге көмектеседі. ҰБТ-ға дайындық барысында түлектің бойындағы түрлі сезімдер бір-бірімен ауытқып, түрлі күйде білінуі мүмкін: жоғары күйзеліс формасынан мүлдем тыныштық күйіне, немесе тіпті мүлдем немқұрайлыққа да әкеледі. Бұл әркімнің жеке ерекшелігі мен өмірлік тәжірибесіне байланысты. Бұның барлығын ескере отырып, түлектермен атқарылатын психологиялық жеңілдету жаттығулары түрлі формада болуы мүмкін: қимылда, суретте, күш түсіру мен релаксацияда. Жеткіншектер бойындағы психологиялық жеңілдету түлектер бойындағы психологиялық және физиологиялық қысымнан босатылудан басталады. Ол стрестерге төзе білу, оларды жеңе білу, ҰБТ-ға толық дайындала білу, алаңдау дәрежесінің төмендеуіне тікелей байланысты.

Жалпы айтқанда, жеткіншектер тек ҰБТ тапсыруға ғана емес, олар сонымен қатар қиындықтарды жеңе білуге машықтанады. Білім деңгейін тексерудің бұл формасы – бұл мінез-құлық үшін үлкен тексеріс, абыржымай, өз-өзін қолға ала білу, ерік – жігер, білім саласында өзін көрсете білу қабілеттерін қалыптастырады, яғни үйретеді, талап етеді. Жеткіншектерге психологиялық жеңілдету үшін түрлі жаттығулар ойластырылған, оларды дәл осы мақсатта қолданылуға болады:

Тренинг: “Сәлемдесу”
Мақсаты: амандасу, топты ұйымдастыру.
Нұсқау: Үш топқа бөлінеміз.
Бір топ «европалықтар», екінші топ «африкандықтар», соңғы топ «жапондықтар» болып бөлінеді. Европалықтар қол ұстап, жапондықтар қолдарын бір-біріне түйістіріп, басын иеді, ал африкандықтар орнында секіріп, «уу» деп айғайлайды.
Талдау: жаттығу барысында қандай эмоцияларды сезіндіңіз?

«Өзіңді тексер» жаттығуы.
Мақсаты: оқушылардың интуициясының қаншалықты дамығандығын диогностикалау.
Барысы: Экрандағы ұяшықтардың номерін көрсету арқылы ондағы жасырылған заттарды табу керек. Әр қатысушыға 1-ден 4-ке дейін сандар жазылған парақшалар таратылып, балалар өздері дұрыс деп ойлайтын ұяшықтың нөмерін көрсету арқылы интуициясының қаншалықты дамығандығын тапқан дұрыс жауаптарының көмегімен анықтаймыз.
Тапсырма:
Қалай ойлайсыңдар, жүрек қай ұяшықта жасырылған?
5-деген баға қай ұяшықта жасырылған?
Сендердің ойларыңызша жұлдызша қай ұяшықта жасырылған?
«Тесттен 125 балл жинады» деген сертификат қай ұяшықта? Соны тапқан оқушы расында да тесттен жоғарғы балл жинайды, оған толық сенімді болыңдар.

Рөлдік ойын: «Кездесу»
Мақсаты: өзгенің орнында болып, тығырықтан шығу жолын табуға тырысу.
Барысы: Бұл ойынға өз еркімен қатысатын маған 3 адам керек. Қалғандары бақылаушылар болады: үш дос бір жерде кездесу туралы келісу керек. Бірақ олардың бірі- сақау, бірі- соқыр, енді бірі- саңырау. Кездесетін жерді тек сақау ғана біледі. Ол өзінің достарына қайда қашан бару керектігін түсіндіру керек.
Талдау:
1) Рөлді ойнау барысында өздеріңді қалай сезіндіңдер?
2) Тығырықтан шығу қиын болды ма?

Жаттығу: «Мен хирургпін».
Мақсаты: оқушылардың ой-пікірін ортаға салу, адамгершілік қасиетін
анықтау.
Әркім өз ойын дәлелдеп айту керек.
Нұсқау: ауруханада бес емделуші бар:
1. Алты жасар дарынды бала;
2. 5 айлық қыз бала;
3. Көп балалы ана (10 баласы бар жетпіс жастағы ана);
4. Қаңғыбас;
5. Құрылысшы.
Осылардың қайсысына операция жасар едіңіз. Жүрек біреу. Бір адамды ғана құтқару керек

«Гүлге қонған көбелек» тренингі
Әр оқушы ҰБТ-ға дайындалып жүргенде болашақта қандай ерекше жағдайдың болғанын қалайтынын, өз арман-тілегін қағаздан әдейі қиылып жасалынған көбелекке жазып, тақтадағы гүлге апарып қондыру керек.

Менің болашақтағы арманым …
Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын сөз қорларын дамыту. Оқушыларды адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттерді сезініп, бағалай білуге үйрету.
Нұсқау: Оқушылар өздерінің болашаққа деген арман тілектерін, ойларын айту.
«Мен қазір» «Мен 6 айдан кейін»
«Мен 5 жылдан кейін» «Мен 10 жылдан кейін»

«Әрқашан күн сөнбесін»
Мақсаты: ҰБТ-ға дайындау кезінде оқушыларды өзінің мінез-құлқы және эмоцияларын басқара алуына үйрету. Оқушыларға ҰБТ-ге дайындық кезінде қандай көмек көрсету әдістері, кеңестері туралы кеңес беру.
1. Стресс деген не?
Стресс- қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі. Ғылымға ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке ерекшеліктеріне, мінезіне, жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады.
2. Стресс үш кезеңнен тұрады:
1. Үрейлену – жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады;
2. Төзімділік – жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді.Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді.
3. Әлсіреу – бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда бейімделудің нашарлап жойылуы пайда болады. Стрестің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады.
3. Стресті жою үшін не істеу керек?
Біріншіден, стрестік жағдайда адам ағзасындағы дәрумендер, әсіресе В тобы көп мөлшерде жұмсалады. Көптеген дәрігерлер дәруменді күнделікті қолдануға кеңес береді.
Екіншіден, дене жаттығулары өте пайдалы. Спорт залға бару, жаттығу жасау, билеу, ән салу, бассейн, монша, қыдыру.
Үшіншіден, үйлесімді өмір, жанұя достарының қолдауы.
Төртіншіден, психикалық және дене релаксациясы қажет.

Жоғарыда айтылғанды ескере отыып, жетістікке жетудің ерекше маңызды шартының бірі ол өз-өзіңді психологиялық тұрғыда жеңіске дайындау, өз-өзіңе деген нық сенімділік пен мақсаттардың орындалатынына деген наным. Жеткіншектерді жетістік пен табысқа даярлау керек.
Түлектерге психологиялық жеңілдік жаттығулары тәжірибе жүзінде өткізу шын мәнінде стрестерге деген төзімділік сезімін нығайтқанын көрсетті.

Leave A Reply