Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

1 791 қаралым

Жастардың лудоманияға шалдығуына әсер ететін факторлар

0

Л.Т.Кулимова,
«Психология және коммуникативті дағдылар негіздері» пән оқытушысы,
Түркістан медицина колледжі

Бұл күнде еліміздің қай қаласын араласаңыз да, қаптаған букмекерлік кеңселерден көз сүрінеді. Казинолар мен ойын автоматтарының ресми түрде жабылғалы бері мол табысқа жетудің төте жолы деп көпшілік жұрт осы бір кеңселерді кезіп кетті. Тәуекелдің қайығына мініп, қалтасындағы соңғы тиынын бәске тігіп жіберетіндердің қатарында жастардың саны күннен күнге көбейе түсуі алаңдатады.

Екінші мекке аталатын Түркістан қаласының орталығында да осы кеңселерді жарнамалайтын маңдайша жазулар еріксіз көзге түсетіні айдан анық.
Өкінішке қарай, қазір бұл кәсіпті тиятын Қазақстанда заң жоқ. Сондықтан да букмекерлер білгенін жасап жатыр. Тіпті, кейбірі келісілген матчтарды ұйымдастырып, клиенттерін құрықтарына іліп те жүр. «Ойын бизнесі туралы» заң қабылданса, ондағы өзгерістерге сәйкес, букмекерлік кеңселер балабақшалар мен жатақханалардан аулақ салынады. Букмекерлікпен тым әуестену тәуелділікке соқтырады — деп есептейді психолог мамандары. Букмекерлікпен әуестену 18-23 жастағы жастар үшін өте қауіпті екен. Олар өздерінің мүмкіндіктерін бағалай алмайтын жастар.

Өзіміздің қаламызды алатын болсақ жастарымыздың бос уақытында тиімді пайдалануға орталықтар жоқ десекте болады. Ал түнімен жұмыс жасайтын букмекерлік кеңседе ойыншылар үшін барлық жағдай жасалған. Шайы, дәретханасы бар, тіпті мызғып алуға ыңғайлы дивандар да қойылған. Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» Заңнамасына сәйкес, кеңсе қызметкерлері бәс тігушінің жасын білу үшін оның жеке куәлігін тексеруі шарт. (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 219) «Ойын бизнесі туралы» Заңның 15-бабында көрсетілгендей, 21 жасқа жетпеген тұлғаларға қызмет көрсетуге құқығы жоқ. Алайда заңды белден басқандар туралы ақпаратты да естіп жатамыз.

Қаупі жағынан құмар ойындарға тәуелділік нашаға немесе маскүнемдікке деген тәуелділіктен еш қалыспайды. Мамандар бұл дертке «лудомания» деген ат қойып та алған. Бұл дертке көбінесе жастар ұшырайды. Лудомания жасөспірімдердің психологиясына, рухани дамуына, сапалы білім алуына кері әсерін тигізеді. Осы ойындарға құмар болған адам түрлі қылмысқа баруға, сол ойындарды ойнау үшін қарызға да кіріп жатады.

Лудомания
Лудомания, немесе ойын құмарлық, гэмблинг лат.тілінен Homo ludens – ойнаушы адам) – «субъекттің өмірінде басым рөл ойнайтын, әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкелетін патологиялық ойын құмарлық». Аурулардың халықаралық классификациясы бойынша лудомания аурулар тізіміне енгізілді.

Материалдың толық нұсқасын «Қызықты психология» журналының 2017 ж. №3 санынан оқыңыз.

Журналға жазылу  сілтемесін басып толық ақпаратты біліңіз. 

Немесе сайттың төлем түрлері бөліміне өтіп сатып алуыңызға болады.

Leave A Reply