Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

4 289 қаралым

«Жанымыз жақсылықтан жаралған, жүрегіміз мейірімнен нұрланған» ата-аналар мен оқушыларға арналған тренингі

0

Әуезханов Әділбек Әуезханұлы,
Педагог-психолог, №81 орта мектеп, Арал ауданы, Қызылжар ауылы, Қызылорда облысы


Мақсаты: Тәрбиенің ең тамаша ортасы отбасы екендігін, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын түсіндіру.
Тренинг жүрісі:

I. Кіріспе
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған тренингтің тақырыбы: «Жанымыз жақсылықтан жаралған, жүрегіміз мейірімнен нұрланған» деп аталады. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты – қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала – шағаның қамымен жүрген ата-ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле алмайтын кездер болады. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады, қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы , жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.
1. Танысу: Барлығымыз Шаттық шеңберін жасап,доп арқылы әр ата-ана өз есіміне сын есім қосым өзін таныстырып өту керек.
II. Топқа бөліну:
Психогеометриялық фигуралар арқылы 3 топқа бөлінеді (фигуралардың қасиеті айтылады)
III. Негізгі бөлім: (Ой қозғау)
1. «Бала деген кім?»
2. «Әке деген кім?»
3. «Ана деген кім?»
IV. ”Жүректен шыққан жылы сөз”:
Мұнда баласы шар түсін таңдайды. Ата-ана шарды жарып, сұраққа жауап береді және тапсырманы орындайды.
1. Балаңыздың туған күні қашан және туған күнінде қандай тілек айтасыз?
Қоянның қимылын салу.
2. Балаңыздың сүйікті тағамы? Балаңыздың сізді шектен шығып тыңдамаған кездегі ашуыңызды көрсетіңіз.
3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді? Балаңызды еркелетіңіз.
V. Өмірдің мәні бейне ролик ой-толғау және Өсиет әңгіме.
Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі.
Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды.
Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы.
Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті. (қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?) Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес.
VI. Сергіту сәті. (қыдырып қайтайық)
VII. Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар.
— Балаңыз мектептен шағым айтып келді. Енді мектепке барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?
— Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр,уақытында алып беремін» — дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?
— Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, мектепке бармай– ақ қояйыншы», — деді. Сіздің әрекетіңіз?
Ситуациялық сұрақтарды бөліп бере отырып, ата-аналар рөлдерде ойнайды. Берілген 3 ситуациялық сұраққа үш топ шығады, әкесі,баласы, анасы болып өздеріне берілген рөлді ойнап шығады.
VIII. Сергіту сәті: «Жануарлар әлемі»
Нұсқау: «Мен сіздерге үй жануарларының аттары жазылған текшелер таратып беремін. Атаулар екі текшеде қайталанады. Мысалы сіздің қолыңызға үй жануары қоян деп жазылған текше тисе, сіз тағы біреудің қолында сондай текше бар екенін біліңіз» Әрқайсыңыздың міндеттеріңіз өз сыңарын табу. Бірақ, сөйлеспейсіздер, өзіңіздің жануарыңызға тән дыбыстар шығармайсыз, тек сол жануардың өзіне тән түрлі қимылдары арқылы білдіре аласыз. Бір сөзбен айтқанда, кез-келген әрекетті үнсіз жасайсыздар.
IX. «Тілек шырағданы»
Ата-аналарға стикерлер бетшелер таратылады, оған өздері балаларына деген жүректен шыққан тілектерін жазады. Тілек жазылып жатқан кезде: «Өміріңе немқұрайлы қарама» әні қойылады. Жазған тілектерін тақтада берілген тілек ағашына апарып жапсырады.
Ата-аналарға сол тілектерді үйге барғасын баласына айту тапсырылады.

Қорытынды: шаттық шеңберін құрып, сиқырлы таяқша арқылы ата-аналар тренингтен алған әсерлерімен бөліседі.
Ата-ананың жеке басының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес. Құрметті ата-аналар, сіздерден баладан жүрек жылуын аямай балаға бір сәт болса да бала көзімен қараңыз, үнемі мектеппен, сынып жетекшімен байланыста болыңыз дей отырып бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамыз!

Leave A Reply