Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

4 523 қаралым

Жақсы қасиет – жан азығы

0

Токтарбаева Гульназ Калибековна, 

Психолог, №30 бастауыш мектеп, Тараз қаласы


Мақсаты: балаларға өздерін тануға, сезімі мен қабілетін түсінуге көмектесу, өз-өздерін бақылау арқылы өздерін тани білуге баулу. Айналадағы ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасауға дағдыландыру. Әр баланың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, дамыту.

Көрнекілігі: қағаз, қалам, жауап парағы, интерактивті тақта, ұлы тұлғалар суреті.

Барысы

I.    «Танысу» жаттығуы.

Нұсқау: Әр қатысушы 30 секунд ішінде өзін-өзі таныстырады. Бұл жерде өзінің есімін айтып, бір қимыл көрсетеді. Келесі қатысушы алдындағы және өзінің есімін айтып тағы қимыл жасайды. Ол қимыл қайталанбау керек. Біз бір-бірімізбен таныстық.

II. «Көңіл-күй суреті» жаттығуы.

Адамның қарым-қатынасы оның көңіл-күйінен білінеді, көңіл-күй адамның ішкі дүниесінің құбылысы. Олай болса, көңіл-күйімізді біліп алайық: тақтаға назар аударсақ. Сендер әрбір үйдің өсіп келе жатқан гүлісіңдер. Енді осы гүлге көбелек қондыруымыз керек..мына қағаздан қиылған көбелекке көңіл-күйімізді жазып тақтадағы гүлге қондырамыз.

Әуен.

Гүлдің бетіндегі көңіл-күйлерің өте жақсы екен. Мен сабырлы жылылықты, көңілдеріңнің күндей екенін көріп тұрмын. Көңілді адамдардың бет-әлпеті сұлуланып, нұрлана түседі. Көңіл-күй адамға қанат бітіреді. Осында отырғандардың барлығының жүзінде күннің шуағы төгіліп тұрғандай, бөлмемізге жарық беріп, жүрегімізді жылытқандай. Осы жақсы көңіл-күймен ары қарай сабағымызды жалғастырайық.

III. «Болады, болмайды» жаттығуы.

Барысы: Мен қазір сендерге бірнеше сөйлемдер айтамын, егер ондай мүмкіндік болатын болса, онда қолдарыңды шапалақтайсындар, егер мүмкін болмаса – аяқтарыңды топылдатасыңдар. Қазанда кесе қайнап жатыр. Мысық үйдің төбесінде қыдырып жүр. Ит аспанда жүзіп келеді. Қыз үйдің суретін салып отыр.

IY. Өзін-өзі бағалау. «Мен қандаймын?»

Өзін-өзі бағалай білу қоғамдағы өзге адамдармен тіл табыса білуге, тіршілік етуіне және өзгелерді де танып білуге мүмкіндік береді. Олай болса өзіңді танып білуге мүмкіндік береді. Олай болса өзіңді танып бағалай біл дей отырып «мен қандаймын?» деген сұраққа жауап беріп көрейік. Алдарыңыздағы бланкідегі 10 жағымды қасиеттерді оқи отырып, өзіңізге сай келетін қасиеттерді белгілеп шығасыздар. Сонымен қатар өз – өздеріңді қалай қабылдап бағалайтындарыңды анықтайсыңдар.

Толығырақ…

Материалдың толық нұсқасын жүктеп алу

Leave A Reply