Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

192 қаралым

Ғылыми жоба «Бес саны»

0

Орынбеков Мүслим, 5а сынып оқушысы 

Сагнаева Роза Қазбекқызы,  жетекшісі, жантанушы, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі


         Аннотация

 Сен сандарды жалықтыратын нәрсе деп ойлайсың ба? Тағы да ойланып көр.

 Адамдар қалай санай бастаған? Адамдар санай бастаған кезде, сірә, санау үшін қол саусақтарын пайдаланған болар. Барлық адамдар он саусақтан болғандықтан, ондықтармен санау ыңғайлы болған. Біздің қазіргі заманғы санаудағы ондық жүйесі осылай туындаған. Адамзат баласы сандардың атауын ойлап тапқанға дейін саусақтар есептеудің ең қолайлы тәсілін табуға көмектескен. Сен бірдеңе санау кезінде саусақтарыңды пайдалансаң, ешқашан да жаңылыспайсың. Саусақтарыңа қарап-ақ, сандарды атамастан оларды көз алдына елестете аласың. Саусақтар мен сандар арасындағы байланыс көне замандардан бері бар. Тіпті қазір де біз «сан» сөзін пайдаланамыз. Ол «саусақ» деген ұғымды білдіреді. Міне біздің зерттеу тақырыбымызға арқау болып отырған да осы сандар арасындағы 5 саны және оның қасиеті.

 Зерттеудің мақсаты: математика сабағында 5 саны және оның қасиетін түсіндіру арқылы, оқушыларға ұлттық дүниетаным туралы түсінік беру және оны өмірде пайдалана білуге үйрету.

Аталған мақсатымызға жету үшін алдымызға төмендегідей міндеттер қойдық.

·     Неліктен 5 саны қасиетті деп санауға болады?

·     Олар математика пәнінде қалай пайдалануға болады?

·     Басқа сандардан несімен ерекшеленеді?

Осы міндеттерімізге жету мақсатында біріншіден сандардың шығу тарихына үңілуді жөн көрдік.

Екіншіден 5 санына қатысты ұғымдарға тоқталдым.

Үшіншіден: — Осы қасиеттерді математика сабағында қалай пайдалансақ болады? – деген сұраққа жауап іздедік.

Зерттеудің болжамы: осындай есептерді өмірде, яғни сабақ барысында қолдансақ және оқушыларға шығаруға ұсынсақ, оның тиімділігімен, шығарудың қызықты түріне қарай болжамдар жасалады:

·      5 санының қасиеттері;

·      Есептердің оқушыға тиімділігінде;

·      Осы есептерді шығаруда оқушының қызығып, белсенді орындауын арттырады.

Жұмыстың кезеңдері:

1.    Тақырыпқа қатысты материалдар жинақталып, жүйеленді.

2.    Жинақталған есептер іріктелді, жұмыстың бағыт-бағдары айқындалып, жоспар құрылды.

3.    Жұмыс жасалып, зерттеу бөлімі тиянақталды, қол жеткізген нәтижелер анықталды.

Зерттеудің әдістері: жұмыста зерттеу, талдау, салыстыру және жинақтау, белгісіз санды табу, түрлі қызықты ойын әдістері қолданылды.

Зерттеудің жаңалығы: жұмыста 5 санын әртүрлі тәсілмен қосып, азайтудың ең қызықты және тиімді жолымен орындалу түрін, ұлттық дүниетанымы кірістіре отырып көрсетілді.

Зерттеудің нәтижесі:

—       Бес санын әртүрлі тәсілмен қосып, азайтуда «Сиқырлы математика» кітапшасын пайдаланып, жарыққа шығару;

—       Бес санына қатысты ұғымдардан ребус құрастыру.

Қорытынды:

·      Бес саны және оның қасиеттері туралы түсінік беруде осындай есептердің түрін қолданса өте тиімді.

·      5 саны туралы мәліметтерді жинақталып, кітапша ретінде шығарылды.

Қолданылуы: 12 жылдық білім беру жүйесінде қолданбалы математика сабағында пайдалану.

Кіріспе

Бізді жан-жақтан сандар қоршайды. Олар бізге барлық жерде қажет. Біз сандар арқылы санап қана қоймаймыз, біз оларды санаймыз. Сандарсыз біз уақытты да, күнді де белгілей алмас елік, сандарсыз біз заттарды сатып ала алмаймыз, өзімізде бар нәрсені қайта санай алмаймыз немесе бізге тағы да қанша қажет екені туралы да айта алмаймыз.

Сондықтан сандарды ойлап табу қажет болды. Олардың шығу тарихы өте шытырман және біз қазіргі кезде пайдаланып жүрген қарапайым жүйеге келу үшін адамдарға біршама ұзақ уақыт қажет болды.

Қазір сандар бізге барлық жерде және әрқашан қажет. Біздің әлем сандарсыз қалай болар еді, соны көзіңізге елестетіп көріңізші.

Негізгі бөлім

2.1. Біз зерттеу жұмысымызды сандардың шығу тарихынан бастаймыз. Адамдар қалай санай бастаған? Адамдар санай бастаған кезде, сірә, санау үшін қол саусақтан болғандықтан, ондықтармен санау ыңғайлы болған. Біздің қазіргі заманғы санаудың ондық жүйесі осылай туындаған. Адамзат баласы сандардың атауын ойлап тапқанға дейін саусақтар есептеудің ең қолайлы тәсілін табуға көмектескен. Сен бірдеңе санау кезінде саусақтарыңды пайдалансаң, ешқашан да жаңылыспайсың. Саусақтарыңа қарап-ақ, сандарды атамастан оларды көз алдыңа елестете аласың. Саусақтар мен сандар арасындағы байланыс көне замандардан бері бар. Тіпті қазір де біз «digit – сан» сөзін пайдаланамыз, ол «саусақ» деген ұғымды білдіреді.

2.2. Біз дене мүшелерінің көмегімен санай аламыз. Жаңа Гвинеядағы Папуа аралдарындағы тайпалар саусақтарымен санайды, бірақ ондық жүйені пайдаланбайды. Бір тайпа қол саусақтарынан кейін аяқ башпайларын санайды. Мысалы, 5 санын – екі басбармағын біріне-бірін тигізіп атайды.

Жүз мыңдаған жылдар бойы адамдарға тек саусақтармен санаудың өзі-ақ жеткілікті болып келді. Бірақ осыдан 6000 жылдай бұрын дүние өзгерді. Таяу Шығыста тұратын халық мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналыса бастады да, олар фермерлерге айналды. Мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналыса бастаған адамдар базарда сауда жасауға кірісті. Оларға қолдарында қанша нәрсенің бар екенін, қаншасын сатқанын немесе сатып алғанын нақты білу керек болды, әйтпесе адамдар бірін-бірі алдауы мүмкін еді. Сондықтан фермерлер жазба жасап отырды, ол үшін ағаш таяқтарға немесе сүйектерге кетіктер түсірді немесе жіптерге түйіндер байлады. Иракта өзен балшығының дымқыл кесегіне белгілер жасап отырды. Дымқыл кесек күнге кепкен кезде, ондағы жазбалар ұзақ сақталатын еді. Сөйтіп, Ирактағы фермерлер тек сандардың белгілерін ғана емес, сонымен бірге жалпы жазу өнерін де ойлап тапты. Бұл өркениеттің бастамасы еді және ол сандардың арасында мүмкін болды.

Бүкіл адамзат тарихында адамдар жүздеген «сандық алфавиттерді» ойлап тапты. Мұнда ең маңызды жүйелердің шағын бөлігі ғана бейнеленеді. Олар әркелкі, бірақ ортақ нәрселері де өте көп. Жүйелердің көпшілігі сызықтар мен нүктелер сияқты жай белгілерді тортастырудан басталады. Ал көпшілігінде жай 10 цифрды жазудың түрлі стильдері бар, ол – қолдағы саусақтар саны. Біз 5 санын алғандықтан, тек 5 әр елде қалай белгілейтінін көрсетіп өтеміз. Мысалы:

Толығырақ…

Толық нұсқасын жүктеп алу

Share.

Leave A Reply