Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

1 219 қаралым

Туған жердей жер болмас

0

Туған жердей жер болмас

Апыр-ай!

Туған жер-ай!

Теңдесер кім?

Бұл жерге сен болмасаң келмес едім.

Кіндігімді байлаған қазағым-ай,

Сен болмасаң бұл маңды көрмес едім, — деп ақындарымыз жырлағандай кіндік қаның тамып, туып-өскен жеріңнің топырағына табаның тиген жер кім-кімге де ыстық. Дулығалы ата-бабамыз кең даласын, елін-жерін қорғап, бізге мұраға қалдырған. Отаншылдық рухпен тәуелсіздік кеңістігінде күн жарқырап тұрғанда біздің де бойымыздан туған жерге деген махаббаттың сәулесі шашылып тұруы керек.

Менің туған жерім тарихи өлке, тұнған тарихы бар, табиғаты әсем де көрікті Кіші Жүздің мекені Орал қаласы. Бұл Әлия мен Мәншүк, Хиуаз, Исатай мен Махамбет, куй атасы Құрманғазы мен Дина, Мұхит пен Ғарекең, Жұбан мен Қадірдей ағаларымыздың туған жері. Мен өзімді осындай елде дуниеге келгеніме бақытты сезінем. Осындай ата-бабаларымыздың рухы маған күш-қуат, қайрат беретіндей, мені алға жетелейтіндей.

Менің туған жерімнің табиғаты қандай десеңізші! Жасыл желекті орманы, өзен-көлдері бар. Менің анамның дүниеге келген жері Бөкей Орда. Бұл жердің тарихи мекен екенін білмейтін жан жоқ шығар. Онда қазақ хандығынығының ең сонғы ханы Жәңгір ханның өзі салдырған ең алғашқы мектеп, бирнеше тарихи орындар,ғимараттар әлі күнге дейін сақталған. Орал қаласының өзінде де қаншама тарихи мұражайлар, ескерткіштер, мұрағаттар бар. Мен солардың кейбірінде болып, жақсы әсер алдым. Биылғы жыл қазақтың ұлы ақыны Абай атамыздың 175 жылдығы, Жұбан атамыздың 100 жылжығы, Қадір ағамыздың 85 жылдығы республика көлемінде кеңінен аталып өтілуде. Анам кітапханашы болғандықтан маған қай жерде қандай іс-шара, мерекелік кештер, кездесулер, сыр-сұхбаттар өтіп жатқанын айтып отырады. Мен соның бәрін санама құйып алуға тырысамын. Анам маған ақын-жазушылардың кітаптарын үйге алып келіп оқып береді. Ол да маған рухани жағымнан өсіп жетілуіме септігін тигізуде. Кіші Жүздің өңірі дархан да батыр елден, көк майсалы желекті жерден даналарымызбен, батырларымызбен масаттып марқаям. Сағымы бұлдыраған сары даламды төсін қалқан қылып қорғаған, найзасының ұшымен жауды тойтарған ел аузындағы тарихи тұлға батырларымды мақтан тұтам.

Былтырғы жылы Ақжайық елі көптен күткен Исатай мен Махамбет ескерткішінің ашылу салтанына анам мені алып барған болатын, сондай әсерлі. Мені енді ылғи колдап, корғап журетіндей маған Ерсұлтан, сен ештеңеден қорықпай алға жүр, атыңа сай азамат бол дейтиндей…

Туған жер адам өмірінде киелі орын ғой. Әр адам өз жүрегінде туған жерін өзінше сүйеді. Елім, туған жерім ушін қолымнан келетіні оқып білім алып жетілу, азамат боп, еліме адал қызыметпен пайдамды тигізу.

7 «А» сынып оқушысы Самат Ерсұлтан Талғатұлы

Зерде бұзылыстары бар балаларга арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты

БҚО, Орал қаласы

Leave A Reply