Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

6 931 қаралым

Тәрбиешінің педагогикалық және психологиялық шеберлігі

0

Беккалиева Гаухар Еркиновна, 
Педагог-психолог, №18 «Еркетай» балабақша-бөбекжайы КМҚК, Өскемен қаласы

Мақсаты: Тәрбиешілердің педагогикалық және психологиялық шеберліктерін арттыру. Балалардың психологиялық ерекшеліктері туралы түсінік беру. Өз кәсіби мамандықтарының шығармашылық аясын кеңейту.
Түрі: тренинг-семинар

Барысы:
Жылулық шеңбері: Тәрбиешілер бүгінгі көңіл-күйлерін білдіре отырып, бір-біріне бүгінгі күнге сәттілік тілейді.

Презентация «Педагогикалық шеберлік»: «Педагог» және «Педагогикалық шеберлік» терминдеріне түсінік беру.
Мақсаты: мектепке дейінгі білім берудің жаңа парадигмасына көшу жағдайында педагог кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру, саралау. Кәсіби біліктілігі жоғары жаңа формация тәрбиешісінің құзіреттілігін қалыптастыру. Тәрбиеленушінің даралық потенциалын есепке ала отырып, сапаға қол жеткізу.

Педагог – өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз мамандығын терең меңгерген, жан-жақты, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, тәрбие мен оқыту әдістемесін жетік игерген маман. Педагогикалық шеберлік- үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтың қолы жетуі мүмкін.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан 2050: стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Жолдауында мектепке дейінгі білім беру жүйесіне 3 нақты тапсырма берген болатын, олар:
— мектеп жасына дейінгі тәрбие мен білім беруге оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерін енгізу;
— балаларды мектепке дейінгі білім беру мен қамту мәселелеріне қатысты жүйелі ұсыныстарды егжей-тегжейлі әзірлеу;
— мектеп жасына дейінгі білім беру деңгейінде үш тілді оқытуды жаппай енгізуді қамтамасыз ету.

Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі тәрбие жұмысының әрбір кезеңінде не істейтінін, не үшін істейтінін, қандай нәтижеге жеткісі келетінін дәл білуіне байланысты болмақ. Шебер тәрбиешінің бөлмелерді педагогикалық және эстетикалық талаптарға сай жабдықталуы, тәрбие жұмысына қажетті көрнекі құрадарының түгел болуы, педагогикалық мақсатқа сәйкестелінген болуы шарт. Олардың өз орнында тұруы жемісті еңбек етуге жағдай жасайды. Шебер тәрбиешінің негізгі қасеттерінің бірі- педагогикалық әдептілік. Педагогикалық әдептілік бала психологиясын және оның жас ерекшеліктерін жете білуді талап етеді. Әдептіліктің қайнар көзі- балаларды сүю және қадірлей білу.

Педагогикалық әдептіліктің бір көрінісі – шамамен сезу қасиеті. Сонда тәрбие әдістерінің көпшілігі нәтижелі болады. Қолайлы әдісті таба білу шеберлік пен әдептіліктің көрінісі. Шеберлік үйретумен, үйренумен, өз ісіне деген сүйіспеншілікпен, тәжірибемен, жұмысқа ұқыпты қараумен саналы, ойлы еңбекпен қалыптасады.

«Алақан» жаттығуы.
Мақсаты: жеке тұлғалық өсуін дамыту.
Ой-толғау. Мектепке дейінгі жастағы балалардың жас ерекшелік психологиясы және әр баланың жеке-дара психологиялық ерекшеліктері туралы тәрбиешілердің білімін кеңейту.

Бейнесюжет «Ашулы бұлт»
Мақсаты: Педагогтарға балалардың жас ерекшеліктерімен қатар, жеке-дара психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, әр баланың жүрегіне жол таба білу керектігін түсіндіру.

Тест психодиагностика құралы «Сіз қандай тәрбиешісіз?»
Мақсаты: жалпы диагностикалық кәсіби лайықтылықты анықтау.

Рефлексия. Еркін микрофон.

Leave A Reply