Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

2 169 қаралым

Тәрбие басы – отбасы

0

Қайырбаева Айнұр Қаржаубайқызы

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Майқайың кенті, МҚКК «Ұшқын» бөбектер бақшасы

Мақсаты: Бала тәрбиесін ата-аналармен біріге шешу. Ата-аналардың өзара қарым-қатынасын жақсарту.

Көрнекілігі: Ақ қағаз, акварель бояу, ағаштың суреті салынған А3 қағазы.

Барысы:

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар. Бүгінгі біздің «Тәрбие басы- отбасы» атты дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер! Қазір мен сіздерге сұрақтар дайындап қойдым. Сол сұрақтарды оқып, өз ойларымызбен бөлісейік.

І. Берілетін сұрақтар:

1. Ата-анамен бала арасындағы махаббатты қалай түсінесіз?

2. Бақытты жанұя қандай болады?

3. Бала тәрбиесіндегі әке мен ананың рөлі?

4. Ата-анамен балабақшаның ынтымақтастығы дегенді қалай түсінесіз?

5. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?

6. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады, … деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?

7. Сізге балабақшадағы тәрбиешіден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

8. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,- деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

9. Балаңыздың тәртібі жайлы білгіңіз келіп, балабақшаға келіп тұрасыз. Тәрбиешісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?

10. Балаңыз қандайда бір теріс іс-әрекеттер көрсетсе, сіз қандай шара қолданасыз?

Келесі тапсырма мен сіздерге сөйлемнің басы бар, ал аяғы аяқталмаған үлестірмелер тараттым. Сол үлестірмелердегі сөйлемдерді өз ойларыңызды ортаға салып аяқтау қажет.

ІІ. Сөйлемді аяқтау.

1. Егер баланы үнемі сынап отырса… (оқуға құлқы болмайды).

2. Балаға үнемі күлсе… (бұйығы болып өседі).

3. Баланы қолдап отырса… (өз қадірі үшін оқиды).

1. Баланы шыншылдықта өссе… (ол шыншыл болады, өтірік айтпайды).

2. Бала төзімділікте өссе… (адал болып жетіледі).

3. Бала қауіпсіз жағдайда өссе… (ол адамға сеніммен қарайды).

1. Бала кекшілдікте өссе… (ол қатыгез болып өседі).

2. Бала адалдықта өссе… (адал болып жетіледі).

3. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе… (бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді).

ІІІ. Тренинг:

1. «Танысу» жаттығуы

Жүргізу жолы: Әр ата — ана өзін таныстыру керек, өзінің атына екі — үш сын есімін қосып таныстыру. Мысалы: Айдай сұлу — Айсұлу.

2. «Шеңбер» жаттығуы

Мақсаты: Өзара сенімділікті арттыру.

Барлық қатысушылар 10 адамнан бөлініп шеңбер құрып тұрады. Ортаға бір адам шығып көзін жұмып, орнынан қозғалмай тұрады. Ал басқалары сол адамды қолдарымен итеріп шеңбер бойымен айналдыру керек.

3. Тақырыбы: «Бір- біріңе жақында» жаттығуы

Мақсаты: Қатысушыларда болатын агрессияны төмендету.

Жүргізу жолы: Сіздер бөлмеде еркін, билеп жүресіздер де, менің айтқанымды орындайсыздар. Мен екеу деп айтқанда, сіздер өздеріңізге жұп тауып алуларыңыз керек. Еркін дегенде барлығы қайтадан еркін жүреді. Төртеу дегенде төрт адам бірігіп шеңбер құрып тұра қалу керек. Барлығы билеп тұру керек. Бесеу дегенде бес адам шеңбер құрып тұра қалу керек.

4. Тақырыбы: «Сенімділік» жаттығуы

Мақсаты: Қатысушыларда басқа адамға деген сенімділігін арттыру.

Жүргізу жолы: Қатысушылар екі адамнан бөлінеді. Бірінші бір адам көзін жұмады ал екіншісі ол адамды қолынан ұстап бөлмені аралату керек. Көзі жұмық адам көзін ашып қойса онда ол жанындағы адамға сенбейді, ал көзін ашпаса ол жанындағы адамға сенеді. Сосын орындарын ауыстырады. Соңында өз сезімдерімен бөліседі.

5. «Есім» жаттығуы

Әр топ мүшелері өзара әр адамға неге ұқсатады сол бойынша есім қояды. Әсіресе табиғат құбылыстарына, өсімдіктерге ұқсатады. Мысалы Арай байсалды мінезі де өзі де қайың ағашына ұқсайды сондықтан ол қайың болады. Солай барлығына қойып болғаннан кейін жүргізуші А3 ақ қағаз бен акварель бояуын береді. Олар әр қайссысы өздерінің аттарының суретін салады. Сурет сюжеттік картина болып шығады. Болған соң әр топтан бір адам шығып өз суреттерін қорғайды.

6. «Тілек шамы» (қорытындылау)

«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балабақша арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір- бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.

Енді мына алдарыңызда ақ қағазда ағаштың суреті салынған сіздер мына стикерлерге бүгінгі дөңгелек үстелден алған сезімдеріңізді, тілектеріңізді жазып ағашқа жапыстыруларыңызды сұраймын.

Ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Сау болыңыздар!

Leave A Reply