Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

245 қаралым

«Сезімтал алақандар»

0

Садыкова Тамара Сейілханқызы

Психолог, «Жұлдыз» бөбекжай бақшасы, Ембі қаласы, Мұғалжар ауданы, Ақтөбе облысы


Мақсаты:

  • Ой-қиялдарын, шығармашылық ойлауын және қолдардың ұсақ моторикасын дамыту;
  • Түс пен форманы қабылдауды жетілдіру.
  • Өзара іс-тәжірибелік қарым-қатынастарын, дағдылары мен біліктілігін арттыру.

Материал: құмсалғыш- су өткізбейтін ағаш қорап, оның ішінде құм.

Сабақ барысы

Психолог балаларды өз жанына шақырады.

Психолог: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Бүгін біз сендермен сиқырлы елде кездесеміз. Оған тап болу үшін сиқырлы сөздер айтуымыз керек. Алақандарыңды төмен қаратып, құмсалғыштың үстіне қолдарыңды созыңдар. Көздеріңді жұмып, сиқырлы сөздерді қайталаңдар:

Қайырымды жандар айнала

Шеңберге келші жай ғана

Жалықпастан қайта біз

Достық сөзін айтамыз.

Сүйеміз барлық әлемді

Әлемдегі бар елді

Бақыттымыз осы біз

Қасымызда досымыз

Біз доспыз! Деп қолдарын біріктіреді.

(музыка ойналады)

Психолог:

Біз сендермен сиқырлы құм еліне саяхатты бастаймыз. Бұл елде жақсылық пен жамандықты, мейірім мен қатігездікті білмейді екен. Біз бұл жерде бәрін дұрыс жасаймыз ба? (балалардың жауаптары)

Жақсы ендеше бастайық. Біз сендермен өте бір қызық ойын ойнаймыз: “Қол іздері”

Ойын барысы: Құмның тегіс беткі қабатына балалар кезекпен қол іздерін салады. Қолды сәл басыңқырап, құмда ұстап тұру және өз түйсігіңді сезіну маңызды.

Психолог: Маған ұнайды. Ал сендер ше? (балалардың жауаптары)

Мен қолымды қозғалтқанда ұсақ құмдарды сеземін. Ал сендер не сезесіңдер?

(әрі қарай психолог қолдарын алақандарын жоғары қаратып ауыстырады)

Мен қолдарымды жоғары қараттым, менің түйсігім өзгерді. Енді менқұмды басқаша сезініп тұрмын, меніңше ол сәл салқын болған сияқты.Ал сендер не сезіп тұрсыңдар? Маған қолдарымды осылайша өте ыңғайсыз, ал сендерге ше?

(егер балалардың да түйсіктері осындай болса, қалай жасаған дұрыс екенін талқылаңыздар)

Алақандармен құмның бетінде сырғанап көрейік. Шеңберлер мен ирек сызықтар сызып, мұны көлік, шана немесе жылан жүріп өтті деп елестетіңдер.

Алақанды қырынан қойып, сол қимылдарды қайталаңдар.

Алақандармен өз іздеріңді қалдыра отырып, салынған жолмен жүріп өту, саяхатта жүрміз деп елестету.

Ал енді біздің алақандарымыздың, саусақтарымыздың, жұдырықтарымыздың көмегімен құмның беткі қабатында қызықты сиқырлы өрнектер саламыз.

Қазір біз құмның беткі қабатына оң қол мен сол қолды кезектестіріп, әрбір саусақпен жекелей сурет саламыз. Одан кейін – бір мезгілде (алдымен сұқ саусақпен, одан кейін ортаншы, аты жоқ, кішкене саусақтармен)

Құм беткі қабатында пианинода ойнағандай етіп ойнап көрейік.

Жарайсыңдар, ал енді әрқайсысың өз көңіл күйлеріңді суретке салыңдар.

(жұмыс аяқталғаннан кейін психолог балаларға қолдарын жуып, орындыққа отыруды ұсынады)

Сабақ рефлексиясы

Психолог: Балалар, бүгін біз сиқырлы елмен таныстықты бастадық. Құм қолмен ұстағанда қандай болатынын білдік. Құрғақ құмның ылғалды құмнан айырмашылығы қандай? Қазір менің көңіл күйім өте жақсы. Ал сендер қандай жаңалық меңгердіңдер? (балалардың жауабы)

Психолог: енді менің сүйкімділерім, қолдарыңды құмсалғыштың үстіне созып, шар домалатқандай қимыл жасаңдар. Енді оны жүрек тұстарыңа қойып, менің айтқанымды қайталаңдар: “Біз өзімізбен бірге бүгін болған маңызды істің, үйреніп білгеніміздің бәрін ала жүреміз” Келесі кездескенше!

Share.

Leave A Reply