Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

3 920 қаралым

Сөйлеу тілі бұзылған балалар психологиясы

0

Ескермесова Н.Б.,
Педагог-психолог, №1 ОПМПК, Талғар ауданы, Алматы облысы

Сөйлеу тілі тек қана адамға тән уникалды қабілет бола отырып, ойлау процесімен тікелей байланысты және адамдардың қандай да бір қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін негізгі құралы.
Кез-келген жаста сөйлеу тілінің бұзылуы танымдық іс-әрекеттің және адамның әлеуметтік бейімделу мүмкіншілігін шектейді. Бұл баланың жалпы жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді. Оның зияткерлік дамуы және мінез-құлқының сипаттамасы жас шамасына жиі сай келмейді, ұжымдағы құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы қиындайды. Сөйлеу тілін меңгеру әр балада әрбір кезеңде, және әр түрлі уақытта өтеді. Бұл да әр түрлі себептерге байланысты жеке үдіріс. Сөйлеу тілі дамуының кешеуілдеу себептері: жүктілік кезіндегі және туғаннан кейінгі патология, есту мүшесінің зақымдануы, баланың психикалық дамуындағы жалпы артта қалуы, әлеуметтік депривация салдарынан болуы мүмкін. Тіл кемістіктері, оларды туғызатын себептеріне байланысты екі топқа бөлінеді:
Органикалық – түрлі зақымдардың нәтижесінде тіл аппараты мен жүйке жүйесі бөлімдерінің бұзылуы.

Толығырақ…

Материалдың толық нұсқасын «Қызықты психология» журналының 2017 ж. №3 санынан оқыңыз.

Журналға жазылу  сілтемесін басып толық ақпаратты біліңіз. 

Немесе сайттың төлем түрлері бөліміне өтіп сатып алуыңызға болады.

 

Leave A Reply