Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

Психологиялық кеңес беру

Психологиялық кеңес беру дегеніміз не?

Психологиялық кеңес беру жөнінде әдебиеттерде берілген анықтамалар жетерлік.

Біз өзіміздің түсінігіміз тұрғысынан қарап көрейік.

Әр адамның өз өмірін реттей алатын ішкі қорлары бар. Ол адамға өсуге, дамуға көмектеседі.

Бірақ сол қорлардың кейде белгілі бір себептерге байланысты «көзі бітеліп» қалады.

Ол себептерге өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды, мысалы жұмыстан шығу, жақынынан айрылу және т.б. жатқызамыз.

Осындайда адам өзіне де, өзінде бар мүмкіндіктерге де сенбей күйзеледі. Бұл сәттерде адамға қолдау керек.

Осы жағдайда психолог көмек қолын созады.

Маман сізге дайын шешімдерді қолыңызға ұстата салмайды әрине.

Психолог сіздің эмоцияларыңыз бен сезімдеріңізді алып сәтте  өзгертіп бере алмайды.

Бірақ сізді сол қалпыңызда қабылдау, толық сену қатынасын орнату арқылы өзіңіздің ішкі әлеміңізге үңіліп қарауға, «ұйықтап қалған» қорларды, сезімдерді оятуға көмектеседі.

Өзіңізді барлық «жағымды», «жағымсыз» жақтарыңыздан жаңадан тани отырып, тиісті шешімді табуға көмектеседі.

Кейде қиындық тудырған жағдайдың қайдан шыққанын білу үшін психологпен бір кездесу де жеткілікті. Нәтижесінде өзіңізге не керек екенін ұғып, әрі қарай әрекет ету жолын табасыз.

Кейде бірнеше кездесу (сеанс) қажет. Кейде ұзақ уақыт бойы (6 ай, 1-2 жыл) психологтың қолдауы қажет болады.

Психолог-кеңесші өзіңіздің ішкі күш-қуатыңызға жол табуға, оны үнемі қолдап отыруға көмектеседі.

Жақсы психолог — сіздің ішкі әлеміңізбен байланыс орнатуға көмектеседі.

Бұл бір сәттік шешім емес, ұзақ уақыт қызмет ететін, әрі қарай өз өміріңізде қолданатын тактика, стратегия.


 

ПCИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ КЕСТЕСІ

Күні Уақыты Мекен-жай
Дүйсенбі Сағ. 10.00 – 20.00 Астана қ., «Евроцентр» бизнес орталығы,

Сығанақ көш., 29 үй, 1024 кабинет, 10 қабат.

 

Жазылу үшін хабарласыңыз: 8 777 146 14 14

Кеңес алу үшін алдын ала жазылыңыз!

Сейсенбі Сағ. 10.00 – 20.00
Сәрсенбі Сағ. 10.00 – 20.00
Бейсенбі Сағ. 10.00 – 20.00
Жұма Сағ. 10.00 – 20.00
Сенбі Сағ. 10.00 – 13.00
Жексенбі Аса қажет болған жағдайда алдын ала келісім бойынша