Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

6 599 қаралым

“Піл” тесті

2

Тест адамның физикалық, моралдық, эмоциялық ахуалын бағалауға мүмкіндік береді. Көбіне 12 жастағы балалардан бастап үлкендерге дейін қолданылады.

Тапсырма

Сыналушыға бір парақ пен жай қарындаш беріңіз де пілдің суретін салуды (қажет десе бояуды) ұсыныңыз.

Адам ағашты салғанда оны өз өмірімен байланыстырса, пілді салғанда да ол өзін, мәселелерін, өз өміріне қалай қарайтынын салады.

Піл суретінің интерпретациясы

Пілдің басы домалақ, суретте жалпы домалақ пішіндер көп. Домалақ — әйелге тән күш-қуатты, яғни жұмсақтықты, мейірімділікті білдіреді.

Үлкен, жоғары қайқайған тұмсығы өзін-өзі қорғай алатынын білдіреді.

Егер тұмсығы бар, бірақ ол кішкентай және жоғары көтерілмеген болса, ол сурет салушының агрессиясыз екенін білдіреді.

Егер пілдің құлағы, көзі, аузы, құйрығының ұшы, яғни сезіммен байланысты дене мүшелері салынса, оны салған адам өмірге сергек қарайды, өмірді көре де ести де алады.

Қалыпты ахуалдағы құлақтар салынса, бірқалыпты, сабырлы адам деп қарастыруға болады. Егер пілдің құлақтары жоғары көтеріліп салынса, сурет авторы үнемі мазасызданып, өмірден құйтырқылықтар мен жағымсыз жайттарды күтіп жүруі мүмкін.

Егер піл тікірейген құлағымен, жоғары қайқайған азуымен, көтерілген тұмсығымен және құйрығы созылып салынса – адамда шектен тыс күйгелектік, агрессиялылық басым. Оны сабасына түсіріп, қоршаған әлем – ол үнемі тұңғиық қара орман емес, үнемі шектен тыс жинақы жүру қажеті шамалы деген ойды бойына сіңіру керек.

Сезім мүшелері салынса да, аздап немқұрайлы, қалай болса солай салынған. Бұны салған адам ұқыпсыз, тиянақсыз, өмір сапасына аса мән бермейді, ондағы ұсақ-түйекті көрмейді.

Пілдің басы денеге ұласатын тұста ойық бар. Егер ол ойық анық салынса, оны салған адамның жаны жараланғыш, ол көп нәрселерді ұмытқысы келеді.

Төрт аяқтың да ұзындығы бірдей. Бұл адамның өмірде нық тұрғанын білдіреді, өзіне ғана сенуге үйренген, өзін сенімді әрі тұрақты сезінеді.

Құйрығы мен тұмсығы төмен қаратылған. Бұл ойшыл, жабырқау, өжет емес мінезді байқатады. Мұнымен қоса суретте түрлі шеңберлер көп болса, автордың көңіл-күйі жиі ауысады деп болжауға болады.

Әдебиет

Шевченко М. Психологические цветовые и рисуночные тесты для взрослых и детей. — 2014

Басқа да әдістемелер қажет болса, әдістемелерді сатып алу бөліміне өтіңіз!

2 комментария

  1. Басқа да әдістемелерді сатып алу үшін әдістемелерді сатып алу бөліміне өтіңіз.

    • Хабарласыңыз, барлық сұрағыңызға жауап береміз: +7 777 146 1414

Leave A Reply