Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

3 811 қаралым

Педагогтың эмоциялық салауаттылығы

0

Ескакова Жанар Сабитовна
Педагог-психолог, «№19 Бастауыш мектеп» КМК, Петропавл қаласы, СҚО


Тренинг сабағы

Мақсаты: педагогтардың эмоциялық салауаттылығын сақтау және нығайту арқылы оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттыру.
Міндеттері:
— «Психологиялық денсаулық» ұғымымен танысу;
— Педагогтың эмоциялық мәдениеті деңгейін арттыру, эмоциялық икемділікті дамыту;
— Жағымды эмоциялық жай-күйді қалыптастыру;
— Релаксация және өзін-өзі реттеу арқылы эмоциялық күюдің алдын алу;
— Тілдесудің жағымды пайдалы тәжірибесі арқылы невроздың алдын алу;
— Топтық ауызбірлікті арттыру;
— Педагогтардың бұлшықет және эмоциялық шиеленісін алу.
Қатысушылар санаты: «№ 19 бастауыш мектеп» КММ педагогтары
Өтетін орны: кабинет
Өтетін нысаны: топтық сабақ.
Уақыты: 30 – 50 минут.
Сабақтың құрылымы:
1. Сәлемдесу.
2. Ширату.
3. Сабақтың негізгі мазмұны.
4. Өткен сабақ бойынша рефлексия.
5. Қоштасу.

Тренинг барысы
1. Сәлемдесу
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, «Педагогтың эмоциялық салауаттылығы» атты тренингке келгендеріңізге қуаныштымын. Кез келген кәсіби қызмет барысында адам көптеген мәселелерге, қиындықтар мен толқуларға тап болады. Ал педагогикалық қызмет болса, көптеген күйзеліс пен күйінішпен байланысты. Ұстаздар күн сайын мынадай жағдайларға кез болады: ылғи мәдени және білімді емес ата-аналар; түрлі балалар, олардың арасында тәртібінде, эмоциялық саласында проблемалары бар балалар; төмен жалақы; көпшілік алдында сөз сөйлеу (ашық сәттер, аттестаттау, қалаға сабақтар, жауапкершілік, қажеттілік басқа адамдарды қадағалау мен бағалаудың нысаны болып табылады, өз педагогикалық құзыретін үнемі растау қажет) және күйзеліс факторы болып табылатын көптеген басқа сәттер. Осы және басқа да біршама факторлар сіздердің эмоциялық салауаттылығыңызға кері әсерін тигізеді.

Сіздің сабағыңыз нәтижелі болу үшін біз сіздермен бірге топта жұмыс істеу қағидаларын әзірлейміз және тренинг соңына дейін оларды сақтауға тырысуымыз қажет. Ұсыныстарыңыз бар ма?
Қағидалар:
1. Біреу айтады, қалғандары тыңдайды
2. Адалдық қағидасы
3. Белсенділік қағидасы
4. «Осы жерде және бүгін» қағидасы

«Эмоциялық салауаттылық» жаттығуы
Эмоциялық салауаттылық жайында айтқанда, ең алдымен бұл не екенін түсінген жөн. Эмоция жағынан салауатты адамды суреттеп беріңіздерші. Қандай белгілер бойынша «эмоциялық салауаттылықты» анықтауға болады.

«Аяқталмаған сөйлем» жаттығуы. «Эмоциялық салауатты адам — бұл …»
Нәтижесінде біз эмоциялық салауаттылықтың негізгі белгілерін атадық, бұл –
* өзіне сенушілік;
* өмірден рақат алу;
* өмірге және жұмысқа қанағаттанушылық;
* жақсы көңіл-күй;
* денсаулық;
* жұмысқа қабілеттілік.
Эмоциялық салауаттылыққа әсер ететін факторлар:
— Сіздер қалай ойлайсыздар, сіздің кәсіби қызмет салаңыздағы эмоциялық салауаттылық неге байланысты болады (қандай факторларға, шарттарға)?
«Ой-талқы» амалы: педагогтер өз идеяларын, ойларын айтады
— Нәтижесінде біз эмоциялық салауаттылығымызға бірнеше факторлар қатары әсер ететінін анықтадық, оларға мыналарды жатқызуға болады:
* Педагогикалық қызмет барысындағы адамдармен өзара қарым-қатынас (балалармен, әріптестермен, ата-аналармен, әкімшілікпен).
* Жақын туыстармен қатынас (ерлі-зайыптылармен, ата-аналармен, балалармен, туыстармен).
* Педагогикалық қызметтің нәтижелілігі (табыстылық).
* Оқу жүктемесі.
* Күйзеліске қарсы тұруға қабілеттілік.
* Дау-жанжал жағдайларды шеше білу.

«Сезімді жасыру» жаттығуы
«Адам барлық сезімін басқа адамдарға көрсете ме? Біз неліктен өз сезімімізді жасырамыз? Біздің мәдениетімізде кейбір эмоцияларды білдіруге тыйым салынады: «нағыз еркектер жыламайды», «жақсы қыздар төбелеспейді», «ұрыс-керісті сыртқа жаю» және т.б. Ал әр сезім бізге керек, біз оны анықтадық. Адам өз сезімін тыйғанда не болады?» Бір ерікті адамды ортаға шақырайық, оған эмоциялардың сыртқа шығу жолдарын жабамыз (үшкіл орамалдың көмегімен): аузын — айқайламай, ұрсыспау үшін; көзін — ашуын көрсетпей, жыламау үшін; құлағын — қажеті жоқ ақпаратты естімеу үшін; қолын — төбелеспеу үшін; аяғын — қашпау үшін. «Мұндай адам не істей алады?» Талқылау арқылы іште қалған сезім біздің мүмкіндіктерімізді төмендететінін түсінеміз. Мысал ретінде қайнап жатқан шайнекті алайық: егер оны нықтап жабсақ, оған қоса шүмегін бітесек, ол ақыр соңында ыстық сумен күйдірген адамға және өзіне зиян келтіріп, жарылады. Осылайша, адам да эмоцияларды өзінде жинап-жинап, кейін «жарылады» және өзіне және айналасындағыларға зиян келтіреді.
Қорытынды: Сезім педагогикалық қызметке жағым ды да жағымсыз әсер етеді. Көбінесе жұмыста алған жағымсыз сезімдер жеке өмірге көшеді. Кейде керісінше болады. Шиеленіс жиналады. Бұл мамандыққа, кейде тұтас алғанда өмірмен қанағаттанбауға әкеліп соғады. Психикалық денсаулыққа қауіп төнеді.
Өзін-өзі реттеу амалдары.
— «Жағымсыз сезімдермен қалай күресесіз?» Өзін-өзі реттеу амалдары жазылады («ой-талқы»). Педагогтар өз нұсқаларын айтады.

«Алды да ұмытты» жаттығуы
Мен Сіздерден қағаз бетіне жұмыста болған ең жаман жағдайды суреттеуіңізді сұраймын. Естеріңізге түсіріңіздер, бейнелеңіздер. Ал енді салғанның бәрін сызып, жыртып тастаңыздар.
Жыртқаннан кейін жеңілдікті сездіңдер ме? Кімнің бойында кірбің қалды?

«Бақыт кебісі» жаттығуы
Мақсаты: педагогтардың дұрыс ойлауын дамыту. Міндеттері: өзін-өзі тану дағдыларын дамыту, әлемді жағымды қабылдау дағдыларын қалыптастыру, жағымды Мен-тұжырымдаманы дамыту, эмоциялық өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту.
Материалдар мен құрал-жабдықтар: «бақыт кебісі» (ойын элементі, қарапайым резеңке кебіс, көңілді дизайнмен үлкен өлшемді болғаны жақсы), жағдайлар жазылған карточкалар, рефлексивті текше (2, 3-қосымшаларды қараңыздар).
Нұсқаулық. «Бақыт кебісі» деп аталатын ойынды ойнауды ұсынамын. Осындай атаумен Андерсеннің ертегісі бар. Бұл ертегіде перизатқа туған күніне бақыт кебісін сыйлады, ал ол оны адамдарға бақыты болу үшін беруді шешеді. Кебіс киген адам ең бақытты жан болды. Кебіс оның барлық тілегін орындады, ол кез келген уақыт пен дәуірге бара алатын. Ендеше, мына кебісті киіп, бақытты адам болуыңызды ұсынамын. Сондай-ақ сіздерге түрлі жағдайларды оқимын, ал сіздің міндетіңіз – кебісті киіп, ұсынылған жағдайда жағымды жақтарды табу. Басқа сөзбен айтқанда жағдайға бақытты адам-оптимистің көзімен қараңыздар.
Болжалды нәтиже: ойынға қатысушылар «бақыт кебісін» киіп, ұсынылған жағдайларға оң күйде жауап береді. Оң жауап айтуға қиналған адамға басқа қатысушылар өз нұсқаларын ұсына отыра көмек береді. Қатысушылар жақсы эмоциялық көңіл-күй алады.

4. Рефлексия
Жайлы отырыңыздар да, көзіңізді жұмыңыздар. Үш рет терең тыныс аламыз… Басыңызда тамаша алтын жұлдыз тұр деп елестетіңіздер. Бұл – сіздің жұлдызыңыз, ол сізге тиесілі және сіздің бақытты болғаныңызды қалайды. Көз алдыңызға елестетіңіздерші, Сіздер бастан-аяқ осы жұлдызбен, махаббат пен қуаныш жарығымен нұрландыңыздар. Енді дәйекті түрде қолыңызды алдымен жүрекке, кейін тамаққа және маңдайға қойыңыздар. Елестетіңіздер, Сіз және Сіздің жұлдызыңыз жан-жаққа ашық жылу жарығының сәулелерін шашасыздар және бұл жарық осы бөлмеде отырған әріптестеріңізге де жетеді… Осы бөлмеде отырғандардың барлығын ойлап, оларға біршама жарық беріңіздер.
Енді бұл бөлмеде жоқ адамдарға: үйдегілерге, туыстарыңызға, ең жақын және қымбатты достарыңызға аздап жарық жіберіңіздер. Көңіл аударыңыздар, жарық пен жылуды, жақсылық пен махаббатты сыйлаған қандай тамаша!… Ал енді дәл қазір ойша қайта оралыңыздар, үшке дейін санаймын.

Leave A Reply