Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

Оқырман пікірі

Құрметті редакция!

Мен «Қызықты психология» журналына 2015 жылдан бері үзбей жазылып келемін. Бергеннен – берері көп басылымға, білгеннен – білері көп оқырман атынан алғысым шексіз.

Журналдан көп мағлұмат алып, тәжірибемде пайдаланып келемін.

Сіздерден сұрарым, менің аздап мақала жазатын қабілетім бар еді. Мақалаларым аудандық, облыстық газеттерде жарияланып келеді.

Енді сол өмірден алынған мақалаларымды, өзіміздің «төл баспамыз»- «Қызықты психология» журналына жолдасам бола ма?- деген өтініш.

Бүгін – «Өмір- неткен қымбат ең?»- тақырыбындағы мақаламды жіберіп отырмын.

Әлі де: «Жарық өмірді бағалай білейік!», «Көңілдегі кірбің», «Өмірді сүю- болашаққа нық қадам!», «Отбасылық қарым-қатынас жайлы бір үзік сыр», «Балаға айтқан әрбір сөзге- абай болайық!», т.б. тақырыптарындағы мақалаларым – «Қызықты психология» журналы оқырмандарын қызықтыра түсе ме деген ойым бар.

Сіздерге деген игі құрметпен,

Сарбасова Гүлзипа Сабырқызы


Құрметті «Қызықты психология» журналының ұжымы

Мен психология бойынша басқа журналдарға үнемі жазылатынмын және мақалалар беретінмін. Биыл сіздердің журналдарыңызды көріп, қызығып журналға жазылдым. Кез-келген ұстазға тигізер пайдасы өте көп екенін байқадым.

Абакова Салтанат


Құрметті «Шығармашыл психолог-2018» республикалық сырттай байқауының ұйымдастырушыларына алғысымды білдіремін. Психологтардың еңбегін бағалау және ынталандыру, психологтардың өзінің зияткерлік және шығармашылық қорларын басқалармен байқау арқылы көрсетуге мүмкіндік беріп, психолог мамандығына қоғамның назарын аударуға атсалысып жатқандарыңызға көптен-көп рақмет. Психологтардың еңбегі көп бағалана бермейді, жұмыстарының нәтижесін ешкім көрмейді, осындай байқаулардың көп болғаны психологтар үшін  жұмыстарын көрсетуге мүмкіндік болар еді.

Токсанова Гулмира Мурзатаевна,

БҚО, Орал қаласы №44 мектеп-гимназия педагог-психологы


Әділбек Әуезхан_Оқырман пікірі

педагог-психолог Әділбек Әуезхан


Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз. Ізденістік, шығармашылық жұмыстар үшін өте маңызды.

Байдәулетова Балауса Сердалықызы, 

7М01101-Педагогика және психология мамандығының магистранты


Құрметті орталық мүшелері! Ең алдымен барша жасалып жатқан сайыстар үшін үлкен рахмет. Мен бұның алдында да осы «Қызықты психология» республикалық ұйымының жарысына қатысқан едім. Өте ыңғайлы, ұстаздар оның ішінде психологтарға дәреже мен жетістіктер жинау үшін үлкен зор үлес қосты. Рахмет!!!

Бектурова Айгуль Балгановна

Педагог-психолог, Павлодар облысы, Железин ауданы, Абай ауылы


Педагог-психологтарға арналған конкурстар көбірек болса екен деген ойдамын.

Балта Гүлім Мұратқызы,

Педагог — психолог, 

«№ 92 гимназия» КММ, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы


Осы байқау арқылы мектеп психологтардың мәртебесін көрсетуге мүмкіндік беріп жатқандарыңызға риясыз алғыс білдіремін.

Маленкина Гульмира Аманжоловна
Педагог-психолог, Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Жамбыл ауылы


Спасибо за Ваш труд!

Сабурова Гульнара Елюбаевна

Педагог-психолог, Акмолинская область, Зерендинский район, село Алексеевка


Жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Педагогтарға осындай номинацияларға қатысып, жетістікке жетуге мүмкіндік беріп жатқандарыңызға рахмет.

Лаенвебер Гульсара Маданьятқызы

Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Кенжекөл ауылының

№20 сәбилер бақшасының педагог -психологы


Сіздерге көп рахмет!!! Қазіргі кезде психология бойынша қазақша сайыстар аздау, сол еліміздің тілінде сайыстарға қатысқан жақсы. Сіздер керемет сайыстар ұйымдастырыпсыздар, номинация атаулары
да өте көп, рахмет. Осы жолдан таймай тағы да қызықты сайыстар ұйымдастыра беріңіздер.

Джиенбаева Гулшат Джалгасовна

Педагог-психолог
СҚО, Ақжар ауданы, Талшық ауылы


Проводите чаще конкурсы для психологов в системе образования. Процветания вам и успеха!

Оспанова Динара Маулитовна

Педагог – психолог,
КГУ  «Кокпектинская СОШ»
Карагандинская область, Бухар – Жырауский район, с.Кокпекты


Мамандығыма байланысты қазақ тіліндегі керемет журналдың барына қуаныштымын.

Шанинова Динара Алпысбаевна

Педагог-психолог, Комсомол ЖОББМ,
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Т.Жургенов ауылы


Сіздерге Алғысым шексіз!!! Осындай Байқауларыңыз көп болсын!

Ширчикбаева Динара Ералиевна

Педагог-психолог, Шымкент қаласы


Алдағы уақытта педагог және психологтардың мәртебесін көтеру мақсатында әртүрлі іс-шаралар мен жарыстар көптеп ұйымдастырылып тұрса нұр үстіне нұр болары анық. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз.

Айтжанова Жарқын Қуатжанқызы

Педагог-психолог, «№28 ЖББОМ» КММ
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы