Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

3 030 қаралым

Оқушылардың психологиялық ерекшеліктері

0

Бейсенбаева Асыл Галымовна,
Психолог, №30 ЖББОМ


«Еліміздің болашағы – ұрпақ тәрбиесінде. Өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімділігін талап етеді»,- делінген мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы.
«Жалпы білім беретін мектептің мақсаты – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу және әрбір шәкіртті жеке тұлға деп санап, оның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау.
Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке әлі жетпеген 11-15 жас аралығындағы балаларды психологияда жеткіншек жас кезеңдегілер деп атайды. Бұл жас кезеңі “өтпелі кезең”, “қиын жас”, “проблемалы” т.б. көптеген белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңнің жүретін психофизиологиялық процестермен байланысты . Бұл жас аралығында бала ағзасы дамуының бір сатысынан екінші бір сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы бойынша олар әлі балалық шақта жүрген кезең. Психологияда мұндай құбылыс даму дағдарысы деп аталады.
Жеткіншек жас кезеңінде баланың бойында бұрын қалыптасқан қасиеттерге жаңа сапалар немесе жаңа құрылымдар қосылады. Бұл құрылымдар бұрынғы психологиялық және физиологиялық көріністерге жаңа сапа беріп, олардың бір-бірімен бітісуі әлі аяқталмаған кез болғандықтан, көптеген екі жақтылық орын алады. Сондықтан бала көптеген қиыншылықтарға ұшырайды: болашақта кім болатынын, өмірде орындайтын әлеуметтік ролін, қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау қажеттілігі туғаннан бала уайым шегіп өз орнын іздейді.
Үлкендер баланы барлық уақытта түсіне бермейді. Қарым-қатынас барысында жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету, тіл алуды талап ету орнын аладыда, мұндай көзқкарас баланың қырысықтығын туғызып, нәтижесінде үлкендер мен баланың арасында текетірестік орны алуы мүмкін.
Жеткіншектердің дене мүшелерінің дамуында да үлкен үйлеспеушілік орын алады. Мәселен, олардың аяқ-қолдары, бет-мойындары тез ұзарады да, кеудесінің өсуі, бұлшық еттерінің ұзаруы кешеулдейді. Дене мүшелерінің бір келкі дамымауы салдарынан жеткіндекте “өзін жарым-жан сезіну” деп аталатын комплекс пайда болады. Ол денесін тік ұстауға қиналып, көбінесе бүкшиіп, немесе бір жағына қисайып жүреді.
Жеткіншек жас кезеңдерге балалардың эндокриндык жүйесі де өзгеріске ұшырайды. Гипофиздік гормондар жыныс безінің жұмысын әсерлендіріп, күшейтіп, жеткіншекті өмірге дайындайды. Ми қабығының жасушалары жыныс гормондарының тітіркенуіне әсерленгіш. Сондықтан жеткіншектер көп мәселердің байыбына үңіліп жатпайды, сөзді аяғына дейін тыңдап болмастан, морт кететін қылықтары осының салдарынан туады.Толығырақ…

Материалдың толық нұсқасын «Қызықты психология» журналы баспа нұсқасының 2017 ж. №5 санынан оқыңыз.

Журналға жазылу  сілтемесін басып толық ақпаратты біліңіз. 

Немесе сайттың төлем түрлері бөліміне өтіп сатып алуыңызға болады.

Leave A Reply