Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

2 899 қаралым

«Өмір» -неткен қымбат ең …

0

Сарбасова Г.Сарбасова Гүлзипа Сабырқызы, 
Психолог, «Жаңақорған аудандық ауруханасы», Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы

Терезе алдында көзін бір нүктеге қадап тапжылмай қарап тұрған Сәуленің көкірегін кернеп сыртқа шығара алмай тұрған сөзі осы еді. Өйткені ол бұл дүниеден баз кешіп, көрген жақсылығымнан жамандығым асып түседі,іздер де сұрар да ешкімім жоқ,не болмаса шер тарқатар досым да жоқ не үшін өмір сүремін деген сұрықсыз сұрақтан бойын аластата алмай әлек. Бір жағынан үміті де жоқ емес, өйткені жүрегінің түкпірінен орын алған Мараттың бұл үшін орны бөлек. Бұл қандай сезім достық па, махаббат па,жоқ әлде балалық өтпелі сезім бе, өзі де білмейді. Білетіні тек Сәуленің жүрегі Мараттың жақын жерде жүргенін, кешке дейін міндетті түрде үйіне бір келіп кететіні. Марат әскери борышын өтеп келген, ауылда жұмыс жасайтын азамат. Ол Сәуледен жеті жас үлкен. Мараттың ойында не бары тек өзіне белгілі …

Бұл оқиға былай басталған. Сәулені әке-шешесі үлкен немересі болғаннан кейін, әжесінің тәрбиесіне берген болатын. Сәуле әжесімен ата-анасынан бөлек ауылда тұрған. Өзінен кейін бес бауыры бар, бірақ Сәуле оларды сағынып іздемейді, тіпті араласқысы да келмейді, тіпті әке-шешесін де көргісі келмейді.

Оның себебі бар: Әке-шешесі жұмыс істемейді, отбасы төмен, тек балалардың жалақысы мен қара жұмыстан тапқан ақшаларымен күн көріп отырған жандар. Әкесі ішімдікке құмар, ішіп алып отбасының мазасын алып, әйеліне қол көтеріп, бала-шағасын балағаттап, жағымсыз күй кешіп жүргенде, Сәуленің әжесі қайтыс болады. Содан ата-анасы Сәуленің әжесінің үйіне көшіп келеді.
Міне осыдан бастап Сәуленің өміріндегі трагедия басталады.

Суретте: Г.Сарбасова

Толығырақ…

Материалдың толық нұсқасын «Қызықты психология» журналының 2017 ж. №4 санынан оқыңыз.

Журналға жазылу  сілтемесін басып толық ақпаратты біліңіз. 

Немесе сайттың төлем түрлері бөліміне өтіп сатып алуыңызға болады.

Leave A Reply