Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

468 қаралым

«Менің отбасым» байқауы

0

ҚҰРМЕТТІ ОҚУШЫЛАР, АТА-АНАЛАР, ҰСТАЗДАР!
 
“ҚЫЗЫҚТЫ ПСИХОЛОГИЯ”
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖУРНАЛЫ
 СІЗДЕРДІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН
«МЕНІҢ ОТБАСЫМ» КОНКУРСЫНА
ШАҚЫРАДЫ!

Отбасы деген не?
Ол біздің қолдаушымыз, қорғаушымыз, қарым-қатынасқа түсуді, махаббатты, сүйіспеншілікті көрсетуді, алуды үйрететін орта. Ол біздің мінез-құлқымызды қалыптастырады, қиындықтан шығу жолдарын көрсетеді.
Қиналғанда да алғашқы болып көмек қолын созатын, ол біздің ең жақын адамдарымыз, олар сәтсіздікте демеп, қуанышты бөліседі.
Өміріміздегі маңызды рөлдерді ата-анамыз, ата-әжелеріміз ойнайды. Оларға еліктейміз, ұқсағымыз келеді.
Отбасы тату болса, қандай жақсы. Отбасында қалыптасқан дәстүрлер, сол отбасының жылулығын сақтайды.
Олай болса, сіздердің өз отбасыларыңыз жайлы әңгімелеп, сипаттап берулеріңіз үшін “Қызықты психология” журналы “Менің отбасым” конкурсын жариялады.
Мақсаты: Сіз үшін отбасы дегеніміз ол не? Оны сіз әңгіме, шығарма жазып, немесе өлең, көркемсурет немесе фотосурет түрінде сипаттап беруіңізге болады.

Байқау келесі номинациялар бойынша жүргізіледі:
Отбасы туралы үздік әңгіме
Отбасы туралы үздік авторлық өлең
Отбасы туралы үздік эссе
Отбасы туралы үздік шығарма
Отбасы туралы үздік көркемсурет
Отбасы туралы үздік фотосурет

Байқауға қатысушылар:
·       байқауға республика мектептерінің және қосымша білім беру мекемелерінің 6 жас пен 17 жас аралығындағы балалар, жеткіншектер, жасөспірімдер (6-10 жас, 11-14 жас, 15-17 жас) қатыса алады.
·       Байқауға қатысушылар жұмысына тек психолог қана емес, кез-келген педагог, ата-ана да жетекшілік ете алады.

Өткізу мерзімі: 10 қазан – 10 қараша 2018 ж.
Өткізу орны: Қызықты психология журналының ресми сайтыwww.artpsy.kz
Құрылтайшы:“Қызықты психология” республикалық ғылыми-практикалық журналы, “Үйлесім” тренинг орталығы.
Бағалау критерийі:
·       Жұмыстың байқау тақырыбына сай келуі
·       Авторлық жұмыстың түпнұсқалығы
·       Көркемдік мазмұндылығы

Байқау жұмысын безендіруге қойылатын талаптар:

Әр жұмыс төмендегі ретпен безендірілуі тиіс:
·       байқау атауы;
·       жұмыс атауы (12 шрифт)
·       эссе, өлең, шығарма, әңгіме, көркемсурет, фотосурет түріндегі жұмыс көлемі 1 немесе 2 бет (word форматында орындалуы) болуы тиіс (міндетті түрде жіберетін файл байқауға қатысушының тегі, аты-жөнімен және жұмысының атауымен аталуы керек!).
·       көркемсурет немесе фотосурет анық көрінуі тиіс (міндетті түрде жіберетін файл байқауға қатысушының тегі, аты-жөнімен және жұмысының атауымен аталуы керек!).
·       автордың толық аты-жөні, жасы
·       жетекшісі болса, тегі, аты-жөні (толық)
·       білім мекемесі

Марапаттау: 1, 2, 3 орындар аралығында әр номинация бойынша беріледі. Марапаттау құжаты ретінде Диплом мен Алғыс хат беріледі.

Байқау әділқазылары: байқау әділқазылары ғалым психологтар, практикалық психологтар, педагогтар, өнер және мәдениет саласының мамандарынан тұрады.

Байқау қорытындысы:
·       Байқауға жұмыстар 10 қазаннан 10 қарашаға дейін қабылданады.
·       Байқау қорытындысы 2018 ж. 20 қарашада шығады және www.artpsy.kz сайтында жарияланады.

Байқауға қатысатын жұмыстарды жіберу мекен-жайы:
E-mail: info@artpsy.kz

Байланыс:
Байқауды ұйымдастыру мен өткізу сұрақтары бойынша:
Телефон: 8 777 146 1414; 8 7172 42 05 89.
E-mail: info@artpsy.kz

Байқауға қатысу жарнасын төлеу:
Байқауға қатысу жарнасы – 1000 тг. (әр қатысушы үшін жеке төленеді)
Оқушы жұмысының жетекшісіне Алғыс хат тегін беріледі.

Банк реквизиттері:
Төлем нұсқалары (өзіңізге ыңғайлысын таңдаңыз):
1) «Үйлесім» тренинг орталығы
ДСК: KZ128562204101411382
«ЦентрКредит» банкі АҚ, Астана қ. филиалы
БСК KCJBKZKX
ЖСН 770104450037
БЕК 19
ТТК 859
Төлем мақсаты: байқауға қатысу үшін.

Ескерту! (аталмыш шот бойынша Қазпошта арқылы және ҚР-ның кез-келген банкінен төлеуге болады)
ЦентрКредит Банкінен төлегенде банк менеджерін “Жедел төлем” жүйесі бойынша деп ескертіңіз!

2) Төлемді сондай-ақ төменде көрсетілген төлем карталарына да аударуға болады:
ЦентрКредит Банкінің төлем картасы:
ДСК: KZ958562204101489040 (4899 9339 1741 2320)
ЖСН: 770104450037

Халық Банкінің төлем картасы:
ДСК: KZ 906010002007724494 (4402 5735 8523 2137)
ЖСН: 770104450037

Каспи банкінің төлем картасы
ДСК: KZ43722C000020531955 (5169 4931 9124 8254)
ИИН 770104450037

(Барлық төлем нұсқалары бойынша аударым комиссиясы қатысушы тарапынан төленеді)

Leave A Reply