Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

955 қаралым

Мен және менің мамандығым

0

Жакешова Айгерім Тұралиевна

№3 Шұбарқұдық орта мектебінің психологы

Шұбарқұдық кенті, Темір ауданы, Ақтөбе облысы

Қазақ жазушысы Ыбырай Алтынсарин «Менің үнемі ұмтылған тілегім – қалайда пайдалы адам болып шығу еді. Ал қазір осыған қолым жетіп отырғанын ойласам, көңілім толық жұбаныш табады»,- деген қанатты сөзін тілге тиек ете отырып, осы тақырыпты таңдаған болатынмын.

Адам болып дүниеге келіп, ата –анамның өнегесін көріп, ақыл, білім, тәрбиені бойыма сіңіріп, «Мен» деген ұғымға лайықты қалыптасуда әрдайым адами қасиеттерді танып білуден бастадым.

Адам әр кез орағыта ойлап, ақылдылықпен әрекет етсе ғана көздеген мақсатына жете алатындығы белгілі. Осы орайда, әр қимыл іс-әрекетке баға беріп, өмірдің сан түрлі құбылыстарын таразыға салып, сана сезімге, ақыл парасатқа, мінез-құлыққа жетілген адам ғана әр қилы жағдаятқа төтеп бере алатындығын аңғардым. Әйтсе де адамдардың түрлі сәтсіздіктер мен күйзеліске ұшырауының нәтижесінде өз ортасына және қоғамға кері әсер болмақ.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай «Біздің далада арғы – бергі қырсыздыққа көп төзгенмен, қиянатқа көп төзе қоймағанын жақсы білемін. Өзім үшін емес, елім үшін толғанамын: бір басыма керекті қай күнде де табармын. Халқыма керекті қалай табам, қайдан табам деп қам жеп жүру тек қана менің емес, әр азамттың ісі мен жадында болуы қажет».

Бала кезімнен өмірдің сан алуан құбылысын танып білу мақсатында «Ол не?», «Бұл кім?» деген сұрақтар төңірегінде көп толғандым. Уақыт өте келе, адам бойындағы түрлі психологиялық әрекетті аңғаруға ден қойдым. Ақыл, сана және бостандық адамның адамдық жігерлілігінің абстрактылы сипатамасы. Бұл жеке адамға индевидке тән сапа ретінде қалыптаса келіп қоғамдық сананың формалары арқылы объективтік шындықты тудыруға негіз болады. Әрбір жеке адамның өзінің идеясы және мақсаты, ойы мен сезімі болады.Сондықтан да жеке адамда ақылдың өмірден алған өз тәжірибесінің болуы заңды нәрсе.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден ерек – дегендей ақыл-ой адамның бойындағы білімін, санасын, ыстық сезімін, адамдық қасиетін қалыптастырады. Менің оқушылармен жүргізген түрлі жұмыстарым осыны айғақтайды. Осылайша күні бүгінге дейін айналама психологиялық тұрғыдан сын көзбен қарай бастадым.

И.Гете: «Біліп қана қою аз, сол білгеніңді істе қолдана білуің керек, ниеттену ғана аз, сол ниетініңді іске асыруың керек»- деген екен. Білім – адам дамуының және оның қабілетінің жетілу құралы, сол арқылы қоғамдық жігерлілікке дайындалады. Білімділік саналылықтың қажеттілігі, ал мемлекеттің қуатылығы оның әрбір мүшесінің саналылығына байланысты. Сана мен еңбек адамдардың қоғаммен өзара қатынастарынан туатын процесс. Ендеше, осы процесске әр кім өз мамандығы арқылы ат салысады. Жалпы өмірде адам мамандық таңдаудан шатыспауы қажет. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылады және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Өйткені мамандық өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қоса алатындай болуы шарт.

Осы негізде мамандығым өз мерейіме, мақтанышыма айналып отыр. Өйткені психолог – әр жанның, ұжымның жекелей мінез-құлқын сырт келпін жүрекпен сезінеді.

Балалық балғын шақтан ақжелкен арманыма айналған психолог мамандығы өмірлік ұстанымның бағдар шамы болмақ. Психолог болу – қызығы мен қиындығы қатар жүрер өзіндік ізденісті қажет ететін мамандық. Қоғам дамуында мамандық иелері кәсіби білікті камуникативтік қабілетті, еңбекке деген сүйіспеншілігі мол болуы шарт. Мектеп түлектерінің осы мамандыққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында психологиялық танымдық ойындарды жиі өткіземін. Ынта ықыласы артқан оқушылар өздері ізденіп тренингтер түрлі сұрақтар дайындап шаралардың сәтті өтуіне мүмкіндік тудырды. Қызмет бабында сезімтал жүрегімен санқырлы адамдардың мінез-құлқымен сырларына қанық болдым. Өз ісіме ізденісіме болашақтағы жұмыс жоспарымның жанданатынына, психология ғылымының қыр-сырын меңгеріп, көкке қанат қағарыма сенімім мол.

«Адамды, кісілікті терең ұғынған сайын кісі өзіне жақсы төреші бола алады»,- демекші әркімнің өзіне сенімі, құрметі өмірлік бағдаршамы болары анық. Сондықтан бала бойына ең бірінші сенімділік ұялату қажет. Жеке тұлғаның ой-өрісі, сана сезімі, қабілеті өзіне деген сенімі — өмірлік көзқарасының қалыптасуы. Ендеше, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев жырлағандай:

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді, ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Ақылың мен еңбегің екі жақтап- деген шумақтарды еске ала отырып, осы арнаға қарай бет бұрғанымды мақтан тұтамын.

 

Leave A Reply