Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

4 936 қаралым

Мектепке дейінгі мекемедегі педагог-психологтың жұмысы

0

Ақбергенова Кенже Мұхамбедиярқызы
Алматы қаласы Бостандық ауданы № 152 бөбекжай-балабақша психологы

Балабақша психологының жұмысы оңай дейтіндер аз емес. Психолог яғни біздің тілімізше жантанушы. Қандай жұмыс атқарады? Кіммен жұмыс жасайды? Осы сұраққа жауап жазсам деймін. «Ұстаз- ұстаз емес өз шәкірті үшін күймесе. Шәкірт- шәкірт емес өз ұстазын сүймесе»- деп бекер айтылмаған. Балабақшаға баланы ата-ана оқу үйренсін, дос тапсын, ойын ашық айтып үйренсін деп береді. Ал балалармен жұмыс жасаушы тікелей тәрбиеші мен жантанушы. Бала алғаш балабақшаға келгенде бейімделу кезеңінен өтеді. Бұл кезең әр балада әртүрлі болады. Балалармен жұмыс жасаушы тәрбиешілер. Әр топта әр үйдің кенжесі мен жалғызы, яғни еркесі отыр. «Ана мейірімі мен ұстаз мейірімі егіз»- дейді. Олардың тілін табу үшін тәрбиешіге күш пен шыдамдылық керек. Сол үшін тәрбиешілермен аптасына бір рет болсын психологиялық тренингтер жүргізіліп тұрады.
Тәрбиешіге көмекші, аспазшылар, есепші, шаруашылық меңгерушісі де бір уақыт шаршағандарын басқысы келеді. Айына бір рет ұжымдық психологиялық тренингтер жүргізіледі.
Ал, осы балабақшаға балаларын сеніп тапсырған ата-аналармен де жақсы қарым-қатынаста болу үшін әрбір ата-аналар жиналысында көңіл-күйлерін көтеретін тренингтер жүргізіліп тұру керек.
Балалармен жұмыс жасағанда балалардың таным процестерін дамыту үшін әртүрлі жаттығулар жасалынады. Қол, саусақ моторикасын дамытуға арналған ойыншықтар алынып әр баланың дамуына  психолог зор үлес қосып отыру керек. Психолог кабинетінде арт терапияның элементтері құм терапиясына, су терапиясына, ертегі терапиясына арналған зоналар белгіленіп жұмыс жасалынады. Құм терапиясының пайдасы өте зор. Балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастырып, ұйықтап жатқан клеткаларын оятады. Су терапиясы баланы  сезімталдыққа баулып, сезу мүшесін қалыптастырады. Ертегі терапиясы арқылы баланың қиялы ұшқырлана түседі. Моншақтарды түсіне қарай орналастыру арқылы бала икемділікке тәрбиеленеді.

Ал жеке баламен жұмыс әр аптаның бейсенбі күні жүргізіледі. Жеке баламен жұмыс тек ата-аналардың рұқсатымен, өтініш жазуымен ғана жүргізіледі. Егер бала балабақшаға келгісі келмеген жағдайда, топта балаларымен араласуы қиын болған жағдайда, мінезінде өзгерістер болған кезде ата-анасы өтініш жасап, психолог жеке жұмыс жүргізеді. Гиперактивті типтегі балалармен жұмыс ата-анасының рұқсатымен жүргізіледі.
Қандай да бір жұмыстың өнуіне үш шарт керек. Ең бірінші ниет керек. Екінші күш керек. Үшінші тәртіп керек. Осы керектің бәрін іске асыру үшін сабыр керек. Психолог мамандығына кір келтірмей сабырмен жұмыс жасайық.

Leave A Reply