Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

525 қаралым

Мектеп ұжымындағы қарым-қатынасты жақсарту

0

Ұлжалғас Пралиева,

Педагог- психолог, «№4 Абай ат. жалпы орта мектебі мектеп- гимназияcы» КММ,

Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, ОҚО


Мақсаты: бір жеке мұғалімді өз ортасында, өзге ортада еркін сезіне алуға үйрету, ұжымда айналасындағылармен қарым-қатынас орнатуға жақсы мүмкіндік табу.

Міндеті: Қарым-қатынас жасай білу дағдыларын, тыңдай білу қабілетін, өз көзқарасын білдіре алу, өзгелерді түсіне білуге, мәмілеге келіп шешім қабылдай алуды жетілдіру.

Ереже

1. Тек өз атынан сөйлеу

2. Өзгенің сөзін бөлмеу, тыңдау, мазақ етпеу

3. Белсенді қатысу

5. Тыныштық сақтау

6. Ойды ашық айту

7. Ынтымақтастық

Көрнекіліктер:

Төс белгі

Плакат

Газет

Суреттер

Түрлі-түсті қаламдар

Алмалар

Тренер сөзі:

Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер, бүгін сіздерді психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз шығармашылық қабілетіңізді бағалай білуге, бір-біріңізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға, балалардың бейімделу үрдісін танып-білуге арналған

«Мектеп ұжымындағы қарым-қатынасты жақсарту» атты тренинг сабағына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.

Танысу жаттығуы: КЕЛ ТАНЫСАЙЫҚ ОЙЫНЫ

Мақсаты: ойын арқылы бір-бірімізді танып білу, көңіл-күйімізді көтеру.

Шарты: Әр әріптес өзінің атын айтады, өзін осы топта қалай атағаны ұнайтынын айтып төс белгіге жазып қояды.

1. Өз аты

2. Ұнайтын аты

Талдау сұрақтары:

Сізге қойылған сұрақтар ұнады ма?

Қандай көңіл-күйде болдыңыз?

Психогимнастика  «Сергектік қуаты»

Нұсқау: Еркін отырып, қолды алға соз да бас бармағыңмен сұқ саусағыңды дайында. Саусақпен құлақтың үстіңгі ұшын, екінші саусағыңен құлақтың астын ұста. «Құлағым бәрін естиді!» деп айта отырып 10 рет бір жағына, 10 рет екінші жағына уқала. Ал, енді қолды жіберіп, алақанды қағу. Терең демалып, қолыңды көтеріп, оған қарап, демді шығару. Қолды төмен түсіру «Мен дем алып жатырмын!» деп айт.

Жаттығу көңіл-күйді сезіне алуды мен өзгені тісүне білуге үйретеді.

Өмірде өз жемістерін көру

Мақсаты: ұжымдағы мұғалімдердің өзара қарым-қатынас ерекшеліктері.

Шарты: Алма ағашынан әр тұлға өз жемістерін теріп алып, жемістерде жазылған тапсырманы орындаса жеміс сол адамға.

Тапсырма

Әзілдеп сәлемдесу

Селқос сәлемдесу

Шын көңілмен сәлемдесу

Таңқалып сәлемдесу

Ренішпен сәлемдесу

Кінәләп сәлемдесу

Қуанышпен сәлемдесу

Беделді сәлемдесу

Қорытынды

Егер қарым-қатынастың ләззәтін алғыңыз келсе,жақын адамдарға деген махаббатыңызға, жаратушыңа деген сүйіспеншілігіңіздей болсын.

Кешірімді бола біліңіз! Білгенің қайсы, білмегенді кешірмесең.

 

Share.

Leave A Reply