Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

2 980 қаралым

Мектеп жасына дейінгі баланың балабақшаға бейімделуіндегі ата-ананың рөлі

0

Оразимбетова Нагимаш Сапархановна

«Аққу» бөбекжай-балабақшасы», Темірлан елді мекені, Ордабасы ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы

Жақсы істерді үгіттеу керек, үгіт – жақсы үміттің хабаршысы.

Халық даналығы.

Мақсаты: Баланың эмоциялық тұрақтылығын қалыптастыру, белсенділігін арттыру, қоршаған ортаға, өз-өзіне деген сенімділігін, топтағы қарым-қатынасты ата-аналары арқылы дамыту.
Сабақтың түрі: Тренинг
Әдісі: Ойындар, жаттығулар, шығармашылық жұмыстар.
Құрал жабдытар: түрлі-түсті бояулар, қылқалам, әуе шары, фламастер, баяу әуен.
Барысы:
1. Сәлемдесу
2. «Кеме» ойыны
3. «Мен саған сенемін» ойын
4. «Өз анаңды тап» ойын
5. «Сымсыз телефон» ойын
6. «Мүсін» жаттығу
7. «Айдахардың құйрығы» ойын
8. «Жалын – мұз» ойын
9. «Суретші». Боди-арт терапиясы.
10. «Жел соғады» ойын
11. «Тілек шары»

Сәлемдесу, танысу жаттығуы.
Шарты: Балалар өз ата-аналары мен бірге шеңбер құрып тұрады.
Әр бір қатысушы өзінің оң жағыдағы көршісі мен бірінші көзбен амандасады,
Екі бетін бір-біріне тигізіп, бетпен амандасу, үшінші маңдаймен амандасады,
Төртінші иекпен амандасады, бесінші құшақтасу арқылы иықпен амандасады.
Нәтиже: Сәлемдесу арқылы, қатысушылардың бір-біріне деген жылы сезім мен жақсы қарым-қатынас қалыптастыру.

«Кеме» ойыны
Мақсаты: Ата-ана мен баланың қарым-қатынасын дамыту, бір-біріне деген сенімділігін арттыру, ата-ана мен баланың бойында мейірімділі, кішіпейілділік, сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Шарты: Балалар мен ата-аналар екі шеңберге орналасады.
Балалар ішкі шеңберге, ата-аналар сыртқы шеңберге.
жүргізушінің командасымен екі шеңбер бір-біріне бетпе бет орналасып, екі қолды жайып қарсы беттегі баланың екі қолын ұстайды.
Қалқиды-қалқиды кеме (Қол ұстасқан бала мен анасы қалқыған кеме бейнесін салады).
Зәкірді көтереді – көтереді кеме. (Анасы баланың екі қолын жоғары көтереді)
Құшағын жайып, құшақтайды кеме (Анасы баланы құшағына алады)
Бетінен сүйеді кеме (аналар өз құшағындағы балалардың беттерінен сүйеді.)
Нәтиже: Ана мен баланың қарым-қатынасында шексіз сезімге жол ашу.

«Мен саған сенемін» ойыны
Мақсаты: Баланың өзіне, қоршаған ортаға, ата-анасына деген сенімділігін арттыру. Бойындағы қорқынышты жеңе білуге көмектесу.
Барысы: Балалар мен ата-аналар екі шеңберген тұрады.
Ішкі шеңбердегі балалар, жүргізуші командасы мен сыртқы шеңбердегі аналарының қолына көзді жұмып, бойына күш жинап, бойын тік ұстап, сыртқы шеңбердегі аналарының қолына ті құлауы тиіс.
Нәтиже: Қорқыныш сезіменен арылу.

«Өз анаңды тап» ойыны
Мақсаты: Баланың түйсігін дамыту. Сенімділігін арттыру.
Барысы: Шеңбер бойлап тұрған балардың бірінің көзін байлап, аналарды кезекпен баланың жүрек тұсына қолдарын қойын сұраймыз. Көзі байланған бала өз түйсігі мен анасына деген сезімі арқылы жүрек тұсындағы өз анасының қолын тануы тиіс.
Нәтиже: бойындағы анаға деген сезімге ерік беру.

«Бір сөз» (Драма терапия) жаттығу.
Мақсаты: әр бір сөздің балаға әсерін сезіну, өз бойынан өткізу.
Барысы: Жүргізуші бір сөзді көңіл-күйіне қарай айтады. Қатысушы ата-аналар кезегімен шеңбер бойлап, бір сөзді үш рет қайталауы тиіс.
Ашулы. Баршы
Жай немесе баяу: Баршы
Мейіріммен. Баршы.
Бір сөзді үш рет қайталауда, үш түрлі мағына беретінін аңгару тиіс.
Мысалы: «Әрі баршы» – ашулы, «Әрі бара қойшы» – жай, «Балапан әрі баршы!.
Нәтиже: қарым-қатынаста әр сөздің мағынансына мән беруді өз бойында қалыптастыру.

«Мүсін» жаттығуы
Мақсаты: Өзін-өзі сүйуге, өзін қабылдауға, өз денесін қабылдауға мүмкіндік беру.
Барысы: Бала мен ата-ана жұптасып, өздергі қалаған бір жануарды, бейнелеуі тиіс.
Баланың келісімі бойынша ата-аналар өз балаларының қалауы бойынша бір мүсін жасайды. Келесі ата-ананың келісімімен бала өз анасынан бір жануар мүсінін жасайды.
Талдау: (Бала өзін қай жануар бейнесінде еркін сезінді, сіз нені байқадыңыз, анасын мүсіндеу барысында бала қандай сезімде болды? )
Нәтиже: Өзін-өзі сүйуге, бағалауға ынталандыру.

«Суретші» (Боди-арт терапия)
Мақсаты: Бала өзін қабылдауға, өз денесін сүюге, өз-өзіне қанағатануға, тынышталу сезіміне бөленуге мүмкіндік беру.
Барысы: Ана мен бала жұптасып, өзара келсіп бірінші баланың денесіне немесе ананың қолы, аяғы, арқасы, бетіне т.б. дене мүшелеріне сурет салуға мүмкіндік беруі керек.
Бірінші жақ бітсе, екінші қатысушыға сурет салу әдісі қайталанады.
Талдау: Суретте нені бейнеледің, ол сурет сізге ұнады ма, сурет салу барысында қандай сезімде болдыңыздар?
Нәтиже: Бойдағы жағымды және жағымсыз эмоцияларды шығаруға мүмкіндік беру.

«Жел соғады» ойыны
Мақсаты: Балалардың зейінін тұрақтандыру, шапшаңдыққа баулу, көріп, естіп қабылдау деңгейін көтеру.
Барысы: Ойын жүргізушінің командасымен басталады.
Мысалы. Жел соғады, соғады, (қатысушылар топта шеңбер бойлап жүреді)
Сырға таққан қыздарға соғады (Қыздар ортада айналып, жүріп бос орынға отыруы тиіс,) орындық тимей қалған қыздар ойынды әрі қарай жалғастырады.
Нәтиже: Бойдағы балалық сезімге жол ашу.

«Жалын – мұз» ойыны
Мақсаты: Өзін еркін ұстауға, бойдағы сенімсіздіктен арылу.
Барысы: Жүргізушінің жалын сөзін естігенде әрбір қатысушы еркін ырғақ жасайды, мұз сөзін естігенде бір мезетте қатып қалуы тиіс.
Ойын осылайша бірнеше рет қайталанады.
Нәтиже: Бойдағы сезімге, қимыл іс-әрекетке еркіндік беру.

«Айдахардың құйрығы» ойыны
Мақсаты: Балалардың зейінін тұрақтандыру, өзін-өзі қорғауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу
Барысы: Бір-бірінің белінен ұстап тізілген айдахар бейнесінің басы өз құйрығын ұстауға кіріседі, топтың аяғы құйрығы болып саналғандықтан ұстатпауға тырысып қашуы тиіс, ұсталып қалған жағдайда айдахардың басына айналып ойынд жалғастырады.
Нәтиже: Бойды сергіту.

«Тілек шары»
Мақсаты: Балалар мен ата-аналардың өз сезімдерін білдіріп, ата-аналары мен бірге тілектерін ауе шарына жазып, көк аспанға ұшыруына мүмкіндік беру.
Барысы: Жүрекше бейнесіндегі ауе шарларын әрбір жұпқа үлестіріп, әрбір бала мен ана өздерінің арман тілектерін жазып, көк аспанға ұшыруы тиіс.
Нәтиже: өз бойындағы арман, тілектері мен жақсы сезімдерге жол ашу.

Қорытынды: ата-аналар мен балалар өз сезімдері туралы ой бөлісіп, көңіл-күйлерін білдірді.

Жүктеп алу

Leave A Reply