Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

4 834 қаралым

Мейірімді жүрек – жылы тілек (топтық тренинг)

0

Баймбетова Мира Қуатжанқызы
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Саға мектеп-бала бақшасының педагог-психологы

Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, достыққа, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру арқылы сұлулықты сезіне білуге баулу, әдеби сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту.
Көрнекіліктер: жіп, айна, жүрек суреті, қалам, қағаз.
Түрі: топтық тренинг.

Барысы:
І. Шаттық шеңбері
Балалар, бүгін  сендермен әсем, жарық, кең, таза бөлмеде кездескеніме өте қуаныштымын.
Қане, балалар, шаттық шеңберін құрамыз. Шеңберге тұрудың өзінің үлкен ерекшелігі бар. Шеңберде бір-біріміздің жүзімізді анық, еркін көреміз, қуанамыз, шаттанамыз.
Шеңбер неге ұқсайды? Допқа, күнге, апельсинге, алмаға, қарбызға. Доппен ойнасақ көңіліміз көтеріледі, күн жарық, жылу сыйлайды, апельсин, алма, қарбыз тәтті.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!

ІІ. «Мейірім шуағы» ойыны
Балалар қараңдаршы, күн-ана өзінің мейірім шуағын төгіп, біздің жан-дүниемізге жарық сәулесін шашып тұр. Күн сәулесі біздің бетімізге, саусақтарымызға, алақанымызға мейірім шуағын төкті. Енді осы жүрек жылуымызды бір-бірімізге сыйлайық. Енді балалар, «Мейірім шуағы» атты ойын ойнап көрейік.
— Сен кімсің? (жіпті қасындағы балаға ұсынады)
— Мен Інжумін. Мені анам «Ботам» дейді. (Жіпті келесі жанында тұрған адамға ұсынады)
— Мен Мансұрмын. Мені анам «Құлыным» дейді. Ойын осылай жалғасу арқылы шеңбер бойында күн бейнеленеді.
Baimbeetova M. Kulu2     Baimbetova M. Kulu1
ІІІ. Суретті тест
1. Адам күлгенде, жымиғанда ол күнге ұқсайды, ал ашуланғанда ренжігенде бұлтқа ұқсайды. Сенің мұғалімің күнге ұқсай ма, әлде бұлтқа ұқсай ма? Егер күнге ұқсаса күннің, ал бұлтқа ұқсаса бұлттың суретін салыңдар.
2. Ертегілердегі айтылатын күн астындағы Күнекей қыз өте мейірімді одан жылылық шашылып тұрады, ал Қарлы Ханшайым өте әдемі және қатаң одан салқын жел соғып тұрады. Сенің мұғалімің күн астындағы Күнекей қыз ба, әлде Қарлы Ханшайым ба? Егер мұғалімің күн астындағы Күнекей қыз болса гүлдің суретін, егер Қарлы Ханшайым болса шыршаның суретін салыңдар.
3. Мамамыз қасымызда болғанда бізді құшақтайды, еркелетеді. Сенің мұғалімің еркелете ме, құшақтай ма? Егер солай болса гүлдің суретін, олай болмаса шыршаның суретін салыңдар.

ІV. «Мен қандаймын» жаттығуы
Әр оқушыға айна таратылып беріледі. Айнаға қарап сұрақтарға жауап береді.
1. Спорттың қай түрін жақсы көресің?
2. Бүгін қандай баға алдың?
3. Шашыңның түрі қандай?
4. Қандай түсті ұнатасың?
5. Көзіңнің түсі қандай?
6. Саған қандай адамдар көбірек ұнайды?
7. Сенің жымиып күлгенің өзіңе ұнай ма?
Baimbetova M. Kulu3   Baimbetova M. Kulu4
V. «Жан жүрек сыры» жаттығуы
Мына үлкен ақ жүрекке назар аударыңыздар. Ол тірі емес, дүрсілдемейді. Біз қазір оған жан береміз. Оқушыларға кішкентай жүректер таратылып, оған жылы, мейірімді сөздер жазулары сұралады. Жансыз жүректі жандандыруымыз керек.

Baimbetova M. Kulu5   Baimbetova M. Kulu6

Leave A Reply