Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

Материалды жариялау үшін безендіру

Титулдық бет (немесе слайд), жұмыстың соңғы беті

Титулдық бетте келесі мәліметтер көрсетіледі: тегі, аты, әкесінің аты, қызметі, мекеме атауы, материал атауы, пән атауы және оқушылардың жасы (сынып). Егер жұмыстың бірнеше авторы болса, онда әрбір автор туралы мәлімет болуы керек.

Телефон нөмірін, тұрғылықты мекен-жайын және басқа да автор, мекеме туралы ақпарат қоюдың қажеті жоқ.
Егер сіз үлкен көлемді құжат салсаңыз (мысалы, жоспарлау, және т.б.), онда барлық құжатқа қатысты бір титулдық бет немесе кіріспе сөз жеткілікті. Егер архивте презентацияның конспектісі ғана болса, онда автор мен материал жөніндегі ақпарат жұмыста да, презентацияда да болуы тиіс.

Материалдың (слайд) соңғы бетінде қолданылған әдебиеттердің, материалдардың, суреттер алынған көздердің, қосымша материалдардың тізімі болуы керек.

Егер жұмыста балалардың суреттері қолданылған болса, онда мұндай фотосуреттерді жариялау үшін ата-аналарының (заңды өкілдерінің) жазбаша түрдегі рұқсаты керек. Жұмыстың соңында міндетті түрде былай деп көрсетесіз: «Балалар туралы аталмыш ақпаратты жариялау үшін ата-аналарының (заңды өкілдерінің) рұқсаты алынды». Егер ата-аналардың рұқсатын алу мүмкіндігі болмаса, жұмысыңыздан суреттерді алып тастаңыз.
Бұл мәліметтер болмаса редакторлар жұмысты жарияламауға құқылы.

Презентацияны дайындау
Слайдтың тақырыбында нүкте, қоснүкте, тырнақшалар қолданылмайды.
Слайдты безендіргенде 30-дан артық сөз қолданбауға тырысыңыз.
Әріп шрифті мен көлемі мүмкіндігінше үлкен болуы тиіс.

Жұмыстың қосымша материалы туралы
Егер сіз жұмысыңызда қосымша материалдар (мысалы, суреттер) қолданған болсаңыз, соңғы бетте аталмыш материал алынған ақпарат көзін көрсетіңіз (ғаламтордағы сайтқа сілтеме, кітаптың атауы, автордың тегі, аты және т.б.). Егер қосымша алынған ақпарат көзі сізге белгісіз болса, «Ақпарат көзінің авторы беймәлім» деп жазыңыз.
Дыбыс және бейне материалдарды қолданғанда материал авторының толық аты-жөнін көрсетіңіз. Оны слайдтың соңындағы қолданылған материалдар тізімінде көрсетсеңіз болады.

Оқушылардың материалдарын безендіру

Титулдық бетте келесі мәліметтер көрсетіледі: оқушының тегі, аты, мекеме атауы, сыныбы, материал атауы, пән атауы, жетекшінің ТАӘ, жетекшінің қызметі. Егер бірнеше автор болса, онда әрбір автор туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс.

Материалдың соңғы бетінде (слайд) қолданылған әдебиеттің, материалдың, суреттер алынған ақпарат көздері, қосымша материалдар болуы тиіс.

Материалда қате болмауы керек.

Балаларға арналған жұмыстар

Орфографиялық және грамматикалық қателерге жол берілмейді.

Әртүрлі

Бір жұмыстың бірнеше материалын (мысалы, конспект, презентация) бір архивке біріктерген жөн.
Сұрақ, тапсырма, анаграмма және т.б. тұратын материалдардың жауаптары да болуы міндетті.