Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

2 088 қаралым

Мамандығым – мақтанышым (тренинг)

0

Beskekilova D.Бескекилова Динара Мырзаханқызы 

№104 жалпы білім беретін мектептің психологы, Әуезов ауданы

Мақсаты: Жас мамандардың ұстаздық қасиеттерінің қалыптасуына бағыт беру, кәсіби құлшынысын арттыру, психикалық көңіл-күйлерін көтеріп, ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастырып, сыйластық қарым-қатынас орнату.

Қатысушылар: жас мұғалімдер
Жұмыс түрі: топтық

Жоспар
«Таныс» жаттығуы
Сұхбат
Ой жинақтау
Ән айту
Рефлексия «Тілек шамы»
Қорытындылау.

Тренингтің тәртібі:
Ойынның шартын орындау, белсенді қатысу
Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды
Қатысушыларға құрметпен, түсінушілікпен қарау
Ренжімеу
Уақыт үнемдеу
Басынан, аяғына дейін жұмыс істеу.

Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, тренингтің мақсаты мен тапсырмаларын жариялау.
Кіріспе сөз.
Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енуіне бағытталған қарқынды даму кезінде біздің жас ұстаздарымыз көзқарасы жанжақты, өз мүмкіндігін толық пайдалана білетін, өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуі үшін ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Бүгінгі мақсат – жас мамандардың ұстаздық қасиеттерінің қалыптасуына бағыт беру, кәсіби құлшынысын арттыру, психикалық көңіл-күйлерін көтеріп, ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастырып, сыйластық қарым-қатынас орнату.
Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.
Жас мамандарды 5 топқа бөлу (кәмпит арқылы).

«Танысу» жаттығуы
Жаттығу барысы:
Бүгінгі жұмысымызды танысудан бастайық. Әркім өз есімін және есімдерінің бастапқы 3 әрпінен тұратын өз бойындағы үш қасиетін айту керек. Осылайша шеңбер бойымен жалғастырып әркайсысы өздерін таныстырып шығады.

Сұхбат.
Әрбір қатысушы 3-5 мин ішінде топтың әрбір мүшесі бір-біріне сұрақ қою арқылы мағлұмат алу қажет. Сұрақтар адамның ішкі, жеке ерекшеліктеріне байланысты болуы керек – мінез-құлқы, қызығушылығы, әдеті және т.б.
Ой жинақтау. Қарым-қатынаста қыңырлық, ақаулықтары бар балаларға одан арылу үшін қалай көмектесуге болады?
Агрессивті бала
Өтірікші бала
Ұялшақ бала
Беймаза бала
Сотқар бала

Жас мамандар әнұраны
Арман, мақсат, тілегі бір жастар едік,
Еңбек жолын бәріміз бір бастап едік.
Жастық жалын жігерімен шабыттанған,
Жаңа келген жас маман.

Шебер ұстаз болу да бар ойымызда,
Жастық оты лапылдаған бойымызда.
Арманымыз бірге, орындалсын күнде,
Бәрімізде бірдей мақсат, бір мүдде.
Ұлағатты ұстаздардан үлгі аламыз,
Келешекте ісін жалғап біз барамыз.
Жас бүлдіршін, балғын бала, шәкірттердің
Ой санасын ашамыз.
Қайырмасы:
Білім беру жолында еш аянбаймыз,
Шәкірт үшін мәуелі бақ саяңдаймыз.
Тілегі бір жастар, жақсылыққа бастар.
Ісі үлгі, жаны ізгі ұстаздар!

Рефлексия «Тілек шамы».
От жылу береді, ал адам жылы сөз айту арқылы бір-біріне жылу береді. Шырақ жағылып, шын жүректен қатысушылар бір- біріне жақсы тілек айтады.

Қорытынды: Бүгінгі психологиялық тренингте қатысқандарыңызға көп- көп рахмет. Бірақ біздің жолымыз біткен жоқ, біз сіздермен әр дайым қозғалыстамыз. Кез келген мақсатқа жеткенде біздің алдымыздан жаңалықтар ашылады, жаңалықтың шегі жоқ.

Share.

Leave A Reply